1 дәріс. Педагогика


Отбасында балалардың және ата-аналардың өмiрлiк iс-әрекетiн ұйымдастыру



бет41/51
Дата13.12.2019
өлшемі0,78 Mb.
#53594
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51
Байланысты:
Дәрістер
Практикалық жұмыс 3 (1)

Отбасында балалардың және ата-аналардың өмiрлiк iс-әрекетiн ұйымдастыру.


Мектеп мұғалімдері мен сынып жетешілері оқушылармен және оның ата-аналарымен педагогикалық дәріс, ғылыми-практикалық конференция, ата-аналар жиналысын, т.б. жұмыстардың түрін жүргізеді.

Педагогикалық дәрістің мақсаты - ата-аналардың назарын бүгінгі отбасы мәселелеріне аудару. Мұндай дәрістер ата-аналарға тәрбие теориясынан жүйелі білім береді.

Балалармен жаппай педагогикалық оқуды 1-2 сыныптардан бастаған жөн, оның себебі мектептегі оқу қызметімен қаруландырудың негіздері осы кезеңде басталады. Оны мектеп директоры, оқу және тәрбие ісін меңгерушілер, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдастырушылар жүргізеді. Мектептегі параллель сыныптарды біріктіріп өткізуге болады.

Көптеген мектептерде Педагогикалық білім университеттері ата аналармен күрделі жұмыс формаларын ұйымдастырады. Тәрбие теориясынан дәрістер оқылып, семинар сабақтар жүргізіледі. Осы жұмыстың кейде өз деңгейінде жүргізілмейтін кемшілігі болады.

Ата-аналарды мектеп өмірінің түрлі қырын түсіну үшін бала тәрбиесі жөніндегі жылдық қорытынды конференцияларға қатыстыру ұйымдастырылады. Онда отбасында шешімін таппай келе жатқан мәселелер қаралады. Ең маңызды тақырыптың бірі отбасында баланы еңбекке тәрбиелеу, т.б.

Мектеп есігінің ашық күндері тоқсанның соңына қарай өткізіледі. Оған мектеп арнайы салтанатты түрде дайындалады. Оны өткізу бағдарламасы:

Акты залында ата-аналарға арналған концерт 30 минут шамасында, I-XI сынып оқушыларының белсенді мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі. Мектептегі ең жақсы сынып және үздік оқитын жеке оқушылардың аттары аталады.

Әр сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесуі. Оқушылар ата-аналарға қандай жетістіктерге жеткені туралы айтып, өздері жасаған сувенирлерін тапсырады.

Түрлі тақырыпқа арналған, оқушылар қолымен жасалған көрмені аралап, ондағы оқушылардың қолымен жасалған дүниелерді көреді.

Спорттық жарыс ұйымдастырылып, ата-аналардың марапаттау сыйлықтары тапсырылады. Ата-аналар оқушылармен көркемсуретті фильмдер көреді.

Мектепте ата-аналарға арналып өткізілетін конференция тақырыптары әр түрлі болуы мүмкін.

Сынып ата-аналарының жиналыстары ата-аналармен жүргізілетін дәстүрлі жұмыстың бір түрі. Жиналыс нақты мәселені шешуге бағытталуы тиіс. Мысалы, «Бала алдындағы қиындықтарды жою немесе оны шешу баланы тәрбиелеуге көмектесе ме?» Қаралатын мәселе ата-аналардың қызығушылығын арттырып, оларға ой тастауы керек.

Жеке ата-аналармен жұмыс жүргізу: отбасымен танысу, оларға педагогикалық тапсырмалар беру. Ата-аналарға бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық консультация жүргізу. Консультация барысында мынаны ескеру керек: ата-аналардың бала тәрбиесіне ынталы болуын қолдау, отбасына педагогикалық көмек көрсетуге даяр болу, нақты сұрақтарға ұсыныстар беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет