1 дәріс. Психология ғылымының жалпы мєселелері. Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері



бет116/135
Дата08.02.2022
өлшемі1,11 Mb.
#121014
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   135
Байланысты:
Психология дәріс толық

Жоспарлау. Күрделi ерiк әрекетiнде шешiм қабылдаудан соң қойылған мiндетке жету жолдарын жоспарлау басталады. Рас, кейде шешiмдердi жүзеге асыру тәсiлдерi мақсаттың қалыптасуы барысында содан туындап, жалпы түрде белгiленедi. Бiрақ, бұлай болған жағдайдың өзiнде ол тiкелей практикалық әрекет алдында мұқия талқылаудан өтедi.
Тәсiл таңдау кезiнде де мақсат таңдау кезiндегiдей толғаныс, тебiренiс түрiндегi қиындықтарың болуы мүмкiн. Қиындықтар бiр жағынан, мақсатқа жетудiң жолы мен тәсiлдерi оңай көрiнгенiмен, моральдық ережерлерге сай келмейтiндiктен және басқа адамдарға зиян келтiретiн болғандықтан да туады. Екiншi жағынан келгенде, кейбiр жолдар қиын, орасан зор күш жұмсауды керек ететiн,бiрақ әдеп ережелерiне қайшы келмейтiн болуы мүмкiн. Басқаша айтқанда, iштей толғаныс кикiлжiң жағдаят қалыптасқандықтан туады : мақсатқа жеткiзер жолдың бәрi жақсы ма әлде мақсатқа жетудiң моральға лайық жолдарын iздеген дұрыс па? Адам мақсатқа жеңiл жолмен жету мүмкiн не мүмкiн еместiгiн шешуге мәжбүр.
Орындау. Амал-тәсiлдер белгiленген соң адам қбылдаған шешiмдердi жүзеге асыруға кiрiседi. Көптеген психологтар ерiктiң мәнiн нақ осы қабылданған шешiмдi орындаудан көредi. Ерiктiк әрекеттiң орындау сатысының күрделi құрылымы бар. Қабылданған шешiмдi орындау ең алдымен белгiлi бiр уақыт мерзiммен байланысты. Егер шешiмдi орындау ұзақ уақытқа кейiн ысырылса, онда оны орындау ниетi деп айту қабылданған. Ниет өзiнiң мәнi бойынша кейiнге қалдырылған әрекетке iштей әзiрлiк және шешiммен бекiтiлген мақсатты жүзеге асыру бағыттылығы боп табылады. Алайда тек бiр ғана ниет жеткiлiсiз. Алдын ала жоспарланған әрекеттi жүзеге асыру үшiн саналы түрде ерiктiк күш салу керек. Ерiктiк күш салу ретiнде iшкi ширығыс,шиеленiстiң ерекше күйi немесе адамның ойлаған нәрсесiн жүзеге асыру үшiн қажет әрi оның iшкi мүмкiндiктерiн жұмылдыратын белсендiлiктi түсiнемiз. Сол себептi, ерiктiк күш жұмсау әрқашан едәуiр энергия шығындаумен, жұмсалған қуат көлемiне байланысты. Қазақ психологы Ж.Аймауытұлы “Жан жүйесi мен өнер таңдау” (1926) атты кiтабында немiс психологы әрi педагогы Э.Мейманның “Оқығандар және қайрат” деген кiтабын талдай отыра, “қайраттың бiр белгiсi – екпiндi, я жiгерлi болмағы” деп жазады. Ол ерiктiң энергия жұмсау жағын сипаттау үшiн “жiгерлi қайрат” деген сөз тiркесiн қолданған екен.
Адамның мiнез-құлқы қойылған мiндет пен алдын ала жоспарланған әрекет тәсiлiне бағынышты болады. Бiрақ адам әрекет жасап қана қоймай, сол өз әрекетiн бақылап және түзеп отырады. Ол әр сәт сайынғы нәтиженi мақсаттың (немесе оның бiр бөлiгiнiң) күн iлгерi ойда жасалған бейнесiмен салыстырып қарайды. Осылайша қол жеткен жеке нәтиже бұрын қол жеткен нәтижелермен қатар қойлады және идеалды бейнеге “жалғастырылады”. Бұған мысал келтiрейiк.
Оқушы өз алдына суда жүзудi үйрену мақсатын қойды делiк. Бұл үшiн оған қол-аяғын үйлесiмдi қимылдату кешенiн игеру керек. Мұғалiм оқушыға табысқа жету үшiн қандай қимылдарды игеруi, орындауы керек екендiгiн айтады, тiптi көрсетiп беру мүмкiн.
Әуелi оқушы қимылдарды ой елегiнен өткiзедi, оларды көз алдына елестетедi. Содан соң ол қимылдарды игере бастайды. Қайталау арқылы практикалық орындауды белгiлi үлгi қалыпқа келтiредi. Жаттығу дегенiмiздiң өзi – практикалық iстi үлгiге мейлiнше жақындату.
Үйрену сәттiлiгi бiрсыпыра жағдайларға : қимылдың ойдағы бейнесiнiң қаншалықты анық және айқын болуына, орындалатын әрекеттi оқушының қалай бақылап, , үлгiмен қалай салыстыра бiлуiне, өзiн қалай жұмылдырып, объективтiк және субъективтiк кедергiлердi қайтiп игеруiне байланысты.
Сонымен, ерiктiк әрекеттер құрылымы жағынан өте күрделi процесс боп шықты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет