1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


Лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар



бет17/50
Дата28.10.2023
өлшемі231,81 Kb.
#188964
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
Байланысты:
kazirgi kazak tilinin sozzhasam nan daris tezisteri

Лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар:Адамдар арасындағы түрлі қарым-қатынасқа байланысты туатын сан-алуан мәндегі көңіл-күй, ризалық, үлкенге құрмет, сый, ілтипат білдіру, жақсы көру, кішіні еркелету сияқты адамның ішкі сезімін білдіретін реңк мәнді жұрнақтар зат есім сөздердің өзіне жалғанып, оның лексикалық мағынасын түрлендіреді. Лексикалық мағынаның түрленуі жалпы тіл білімінде де сөзжасамға жатады. Оны орыс тіл білімінде түрлендірілген (модифицированное) сөзжасамдық мағына деп атаған.
Түрлендірілген сөзжасамдық мағына деп лексикалық мағынаның үстіне қосылатын реңкгік мағына аталады. Мысалы, апатай, ағатай сөздерінде апасын, ағасын жақсы көру, оларға ілтипат көрсету мәні бар. Мүнда апа, аға сөздерінің лексикалық мағынасы сақталып, оларға қосымша мағына қосылып, лексикалық мағына түрлендірілді. Зат есімнің бұл мағыналарының белгілі құрамы, ол мағыналарды жасаушы белгілі сөзжасамдық жұрнақтар бар. Оларды А.Ысқақов "Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар деп атап, оларды зат есім сөзжасамында берген . Зат есімнің лексикалық мағынасын түрлендіріп, оған түрлі реңк мәнін қосатын жұрнақтар тілде көп емес. А.ЬІскақов бұл жұрнақтардың 13 түрін көрсеткен.
Соңғы зерттеу бойынша зат есім лексикалық мағынасын түрлендіретін, реңк мән қосатын 24 жұрнақ бар. Олар төмендегілер:
1 -еке, -қа, -ке (Жұмеке, Мүке, Сәке);
2 -й (апай, ағай, әкей, шешей)'
3 -тай (ағатай, әкетай, көкетай);
4 -жан (Ардақжан, көкежан);
5 -қан, -ақан (ботақан, қошақан);
6 -қай, -кей (балақай, шешекей)'
7 -шақ, -шек (құлыншақ, інішек);
8 -шық, -шік (қапшық, көлшік);
9 -ша, -ше (кітапша, өгізше);
10 -ш (Құрмаш, Айнаш);
1.1 -сымақ (көлсымақ, таусымақ);
12 -шығаш, -шігеш (байшығаш, ершігеш);
13 -жын, -жін (құнажын, дөнежін);
14 -ес (белес, дөңес); 15) -қа (қырқа);
16) -ат (қырат);
17) -қал (шатқал);
18) -пат (ойпат);
19) -пан (балапан);
20) -анақ (шұқанақ);
21) -қалаң (шатқалаң);

Бұл жұрнақгардың тілде атқаратын қызметтері бірдей емес. Бұлардың ішінде тілде белсенді қызмет атқаратын өнімділері де бар, қызметі тарылған өнімсіздері де бар. Өнімді жұрнақтарға -еке, -қа -ке, -й, -тай, -жан, -шақ, -шек, -шық, -шік, -ш, -сымақ жұрнақтары жатады. Бұлар күнделік өмірде жиі қолданылады, өрісі кең жұрнақтар.


Зат есімнің лексикалық мағынасын түрлендіретін жұрнақтар тілде түрлі реңктік мағынаны білдіреді. Олар: 1) сыйлау, құрметтеу мағынасы, 2) жақсы көру сезімін білдіру, 3) еркелету, 4) кішірейту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет