1-дәріс. Тақырыбы



бет1/15
Дата08.02.2022
өлшемі57,02 Kb.
#118812
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Дәріс кешені ПВ


1-дәріс. Тақырыбы: Сервистік қызметтің туралы түсінік

Сервистік қызмет – жеке қызметтер көрсету арқылы адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет түрі, яғни қоғамдық, топтық және жеке қызметтер көрсетуді жүзеге асыру бойынша ерекше өзара әрекетке түсетін адамдар белсенділігі. Бұл бір тараптың, әр түрлі қажеттіліктері болғанымен, нақты игіліктерді алуды қалайды, екінші тарап нақты қызмет көрсете отырып, осындай игіліктерді алуға өзара әрекеттер мүмкіндік береді. Сервистік қызметпен жеке кәсіпкерлер мен сервистік ұйымдар айналысады. Олардың еңбегінің нәтижесі қызмет болып табылады. Қызмет еңбектің өнімін білдіреді, оның мақсаты адамдардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.


Сервисология – әлемдік сараптамада тәртіпаралық, теориялық және зерттеудің қолданбалы саласы ретінде қалыптасатын сервистік қызмет туралы ғылым. Ертеректе сервис саласындағы еңбек өнеркәсіптік және ауылшаруашылық саласындағы еңбекке қарағанда ерекшеленетіні анықталған
Қызмет саласы – экономика секторының бір түрі және оның жағдайы қалған секторлардың дамуына байланысты болады. Сервистік қызметтегі өзгерістер әрдайым әлемдік экономика дамуының құрамдас бөлігі болған.
Халыққа қызмет көрсетудің жалпы мемлекеттік жіктеуіне сәйкес қабылданған және енгізілген Сервистік қызмет – адамдардың қарым – қатынас саласы, бұнда біздің қажеттіліктерді қанағаттандыратын стильдің дамуы және құрылуы болады. Сервистік қызметті тәжірибеде жүзеге асыру әлеуметтік топтардың өміршеңдігіне реабилитациондық бағыт береді. Бұл сервистік қызметтің мазмұнының сипаттамасы болып қонақ үй бизнесі бола алады. Оның толық дамуының нәтижелілігіне сервистік құрлымдарды, клиентуралық тәртіп, регионалды инфрақұрлымдардың модернизациясы, кәсіби білім берудің дамуы, берілген салада жұмыс орнын кеңейту арқылы жетуге болады.
Қонақ үй бизнесі сервистік қызмет арқылы қонақ үй шаруашылығын дамытады. Қонақ үй шаруашылығының негізгі сипаты - жеке қоғамға қажеттілігін клиентуралық байланыс арқылы арттыру, бұнда анықтаушылар болып қонақжайлылықтың функционалдық сапасы саналады. Қонақ үй шаруашылығының субъектісі – сервистік бағыттың құрлымын жүзеге асыратын кәсиби ұйымдастырушы. Қонақ үй шаруашылығының объектісі – қонақ үй номерінде уақытша тұратын қонақ. Қонақ үй шаруашылығының субъектілері іс - әрекеттердің сервистік сипатын қолдана отырып, адамдардың уақытша тұруын шаршау, шалдығудың алдын алу құралы ретінде сенімді, нәтижелі шараға айналдырды. Қонақ үйде құрылған жабдықталудың (жиһаз, интерьер, персонал және тағы басқа) бәрі индивидтің өмірге қабілеттілік қасиеттерін нығайтып, мәдени – психологиялық тұрақтылығының кепілдік жүйесі болып табылады. Ұсынылатын қызметтер сапасы келісім шартқа сәйкес болу керек. Қонақ үйлерде ұсынылатын қызметтер негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Олар тегін немесе төленетін болуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет