Антигендік қасиеті:А-тобындағы стрептококктардың беткей ақуызында М-антигені орналасады,
олар вируленттік қасиеттерімен тығыз байланысты.А тобына жататын стрептококктар 20 астам
антигендік белсенділікке ие жасушаішілік заттарды өндіреді.М ақуызы суперантиген қасиетіне
ие,яғни олар лимфоциттердің қасиеттерін күшейтеді.
Резистенттілігі:олар қыздыруға тұрақсыз,56С – 30 минутта тез өледі.Ақуызды ортада кептіруге
тұрақты,дегенмен
вируленттілік
қасиеті
жойылады.Дезинфекциялық
ерітінділер
мен
антисептиктерге сезімтал.
Стрептококтардың көбісі B – лактамды антибиотиктерге және макролидтерге
сезімтал.
Патогенділік факторы: шартты патогенді организм.
2.Гемолизі бар қанды агар
Последний:қанды агардағы стрептококк пен алтынды стафилакокк Қанды агар –микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алуға және өсіруге,сондай-ақ оларды
гемолиз түріне қарай біріншілік дифференцияциялауға арналған.Бұл ортада өсірілген
колониялардың айналасынан гемолиз бірден көрінеді.Қан агары ерітілген және 45-50 °C дейін
салқындатылған стерильді тығыз қоректік ортаға 5-тен 10% - ға дейін жануарлар қанын қосу арқылы
дайындалады. Гемолиз – микроорганизмдерді эмпирикалық анықтау үшін қолданылатын процесс,
Петри агар ыдысындағы бактериялық колониялардың эритроциттерді жою қабілетіне негізделген.
Бұл әдіс Streptococcus тұқымдас түрлерін жіктеу үшін ерекше маңызды.Стрептококктар қанды
агарда гемолиздің 3 түрлі сипатын береді:
1.Альфа гемолиз бактериялардың колонияларында және олардың астында агардың жасылдану
болған жағдайда болады. Streptococcus pneumoniae альфа гемолизін тудырады.Оның колониялары
түссізденген жасылтым аймақпен қоршалады.Сондай-ақ, кейде агардағы түс өзгерісі арқылы"
жасыл гемолиз " деп аталады.
2.Бета-гемолиз эритроциттердің толық ыдырауына әкеледі.Колониялардың айналасындағы және
астындағы учаскелер жарықтандырылған және мөлдір болады. Streptococcus pyogenes немесе А
тобындағы бета-гемолитикалық стрептококк бета-гемолизді көрсетеді.Адамда стрептококктың
ауру тудыратын түрлері А тобына жататын бетта-гемолиз беретін түрлері болып саналады. Бета
гемолиз "толық гемолиз" деп те аталады және гемолизиндерден туындайды.Кейбір әлсіз бетта-
гемолитикалық түрлер Staphylococcus штаммымен бірге өсірілсе қарқынды бета-гемолизді