28.Ацетилен өндірісі жəне оны қайта өңдеу. Оның химия өнеркəсібінде қолданылуы.
Ацетилен- əлсіз, эфир иісі бар,түссіз газ. Қайнау темп. 83,8, балқу темп. +35,5. Ацетилен молекуласындағы əр көміртек атомы бір сутек атомымен байланысады, өзара үш еселі байланыс арқылы жалғасады. Ацетилен молекуласындағы екі көміртек атомының арасындағы үш байланыстың біреуі σ-, екеуі π- байланыстан тұрады.Ацетилен ауаның 2-ден 81% -на дейін жарылыс қаупі бар қоспаларын түзеді, осыған байланысты ацетиленнің өндірістік орындардың атмосферасына енуіне жол берілмейді жəне ауаның ацетилені бар технологиялық қондырғылар мен құбырларға енуін болдырмау қажет.
Көптеген газ тəрізді көмірсутектердің ішінде ацетилен ерекше орынға ие.Оның басқа газ тəрізді көмірсутектерден ереекшелігі:
-суда жақсы ериді: 1көлем суда 20 градуста 1көлем ацетилен ериді.
-Органикалық заттарда жақсы ериді. Мысалы, бензин,ацетон т.б
Қазіргі уақытта ацетилен кальций карбиді мен көмірсутектер пиролизінен алынады.
Кальций карбиді 2 сатыдан түзіледі:
CaO+2C=CaC2+CO
• • • •
CaC2+2H2O= C2H2+Ca(OH)2; дельта Н=-136 кДж/моль
Кальций кабидінің ыдырауы арқылы ацетилен өндірісі ацетилен генераторларында реакция теңдеуі бойынша дымқыл жəне құрғақ əдістермен жүзеге асырылады
Құрғақ əдіс
1.қабылдағыш бункер
2. автоматты тығын.Газдарды тығындап сұйыққа айналдыру
3.буферлі бункер-азот қосып,байыту.
4. Шнек- ұсақтау
5.Ацетиленді генератор-биік-7,5, диаметр-3,5. 11-12 полка Əр полкада суды шашырату арқылы беріп отырады жəне бір полкадан екінші полкаға тесіктер арқылы түсіп отырады. 98пайыз реакция түседі.
6. Əкті алуға арналған шнек
7. Скруббер. Шаю арқылы тазалау жəне суыту.
8. Тұндырғыш. Насос арқылы суды тартып алып, балшықты атмосфераға шығарамыз. Насоспен тартылған су қайтадан су болып шнектерге түседі.
9. Тоңазтқыш.
Алынған ацетилен гипохлорид арқылы тазаланып арнайы балондарға құйылады. Олар өте қауіпті болады.
Бізде дымқыл əдіске қарағанда, құрғақ əдіс тиімдірек. Себебі, оны сақтау оңай.
Жалпы ,карбид əдісінің бірқатар кемшіліктері бар: 1)Жабдықтың көлемі,2)Карбид өндіруге жоғары электр энергиясы жəне көп мөлшерде алынған қалдықтарды пайдалану қиындықтары.
Ацетилен алудың калций карбидінен бөлек ацетилен өндірудің басқа да тəсілдері: 1) газ тəрізді көмірсутектердің немесе сұйық өнімдердің электрокрекингі; 2) термиялық крекинг; 3) термоқышқылды пиролиз болып бөлінеді.
Ацетиленнің өнеркəсіптік қолданылуы. Егер бұрын ацетиленді негізінен автогендік пісіруге қолданса, қазіргі кезде оның 50%-нан артығын химиялық өнімдер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланады. Ацетиленнен алынатын негізгі өнімдер мономерлер болып табылады. Олар пластикалық массалар, синтездік талшықтар жəне каучуктер өндіру үшін шикізат болады; көптеген оттекқұрамды өнімдерді алу үшін пайдаланатын ацетальдегид; еріткіш ретінде қолданылатын хлортуындылар.