1. Кіріспе. Емдік денешынықтырудың жалпы негіздері. (Едш) едш орындарын ұйымдастыру



бет22/74
Дата11.01.2022
өлшемі392,5 Kb.
#110985
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74
Байланысты:
stud.kz-16010

Жүйке жүйесі ауруларындағы ЕДШ.
Жалпы жүйке аурулары орталық және шеткері нерв жүйелерінің зақымдануы болып 2-ге бөлінеді. Орталық нерв жүйке нерв індетінде ағзада денеде айтарлықтай өзгерістер байқалады. Ал жоғарғы реттеуші орталықта, анатомиялық ққұрылысында өзгеріс байқалмаса, онда шеткері нерв жүйесі зақымданған болып табылады. Айрықша көзге түсетіні- невроздар. Ми қабының жұмысына бүкіл организмдердің өзгерістері әсер етеді. Негізгі себептері: оқыстан жарақаттану, жұқппалы аурулар, ағзалардың улануы, зат алмасудың бұзылуы, шаршап шалдығу, т.б. Нерв жүйесі зақымданғанда ең алдымен қимыл-қозғалыс, сезімталдық, трофикалық әсерлер кемиді. Қимыл- қозғалыс әрекетінің бұзылуы мүлде қоззғалмай немесе жартылай қимылсыз қалуына әкеп соқтырады. Оны паралич, парез халық арасында сал ауруы дейді. Олар екі түрге бөлінеді: спастикалық немесе сіресіп қалу және солып қалу. Бірінші түрі ми қабы қатпарлары зақымданғанда болады. Денеде бұлшық еттер мен тарамыстар тырысып қалады. Солғын паралич жұлын мен шеткері нерв зақымданудан болады. Бұлшық еттер әлсізденіп семіп қалады. Тарамыс рефлекстері төмендеп кейде жоқ болып кетеді, буындар қозғалмай қатып қалады(контрактура) аңғарылады. Ал сезімталдық бұзылғанда адам ауруды, ыстық-суықты, теріге тигенді, сипағанды сезбейді немесе қатты сезінеді. Трофикалық өзгеріс жұлын мен шеткері нерв жүйесі ауруларында жиі болады. Қан, лимфа айналысы кеміп, оттегі жетіспейді. Осыдан терінің ойылуы, жара пайда болып тканьдердің өлуіне, ісінуіне ықпал жасайды. Нерв жүйесі аурулары айлап, жылдап ұзақ емделеді. Соның әсерінен жүрек –қан тамыр, тыныс алу, ас қорыту , зат алмасу мүшелері зардап шегеді. Кейде мүгедектікке әкеп соқтырады. Жаттығулар көңіл- күйді көтеріп, қимыл- қозғалысты реттейді. Е.Г.-ның әсерінен нерв талшықтарының өткізгіштік қабілеті артып денеде жаңадан шартты рефлекс қалыптасады. Е.Г.-ның трофикалық қасиеті денедегі қан мен лимфа айналымын арттырып, тканьдердің қоректенуін өсіріп, жара болған жердің тез жазылуына нерв талшықтарының қалпына келіп тез жетілуіне ықпал жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет