1. мемлекеттік билік пен басқарма органдары



бет16/18
Дата08.09.2017
өлшемі3,04 Mb.
#30374
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Ломакина А. Г.
Қор 445, 21 сақт. бірл., 1934-2002 жылдары
Ломакина Александра Григорьевна (12.04.1917-2000) – халыққа білім беру қызметкері, Еңбек Қызыл Ту (1960, 1966), медальдармен (1946-1957, 1970-1995) марапатталған, халық ағарту ісінің үздігі (1967), Володар ауданындағы селолық мектептерінің мұғалімі (1933-1935, 1938-1949), меңгерушісі (1935-1938), оқу бөлімінің меңгерушісі (1949-1954), директоры (1954-1957), Көкшетау облыстық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі (1957-1968).
А. Г. Ломакинаның өмірбаянына құжаттар: жеке құжат-тар – мінездемелер (1949, 1953), аттестатқа қосымшалар (1942), К. Д. Ушинский ат. Петропавл мемлекеттік мұғалімдік институ-тын, Омбы мемлекеттік педагогикалық институтын бітіргені туралы дипломдар, дипломдарға қосымшалар (1951, 1952), сы-нақ кітапшасы (1945), куәліктер (1934-1995), партбилет (1973), еңбек кітапшалары (1939, 1967), ордендік кітапшалар, ордендер, медальдар (1946-1995), Құрмет грамотасы (1971), мерекелік оқиғаларға сәлемдесу адрестер (1977, 1986); педагогикалық қызметтің құжаттары – лауазымдарға тағайындау және олардан босату туралы бұйрықтар, үзінді (1949, 1957, 1968), А. Г. Лома-кина дайындаған, жалпы оқыту туралы заңын орындау (1958), Көкшетау облыстық балалар экскурсиялық-туристік станциясы-ның жұмысы (1960), жұмысшы және селолық жастар кешкі мектептерінің (1962), Көкшетау облысы мектеп-интернат-тарының жұмысы (1962) туралы ақпараттық анықтамалар; халыққа білім беру тарихы туралы мақалалар (1966-1967).

А. Г. Ломакина туралы құжаттар: мақалалар және жаз-балар (1949, 1961-1965).

А. Г. Ломакинаның фотосуреттері, жеке және Қазақстан ұстаздары республикалық съездерінің делегаттарымен, оқушы-лардың өндірістік бригадалары облыстық жиылысына қатысу-шыларымен бірге түскен (1959-1969).

Қазақ, орыс тілдері.


Лукьянов Н. В.
Қор 303, 26 сақт. бірл., 1926-1985 жылдары, бөлек құжаттар - 1881, 1918 жылдарғы
Лукьянов Николай Васильевич (22.05.1904-06.12.1985) – партияның, комсомолдың, соғыс және еңбек ардагері, І дәре-желі Ұлы Отан соғысы орденімен, медальдармен марапаттал-ған, волостық комсомол комитетінің хатшысы, селолық кеңестің төрағасы, аудандық партия комитетінің қызметкері (1922-1956), Көкшетау тас төгілген жолдар басқармасының инженері (1962-1984), Көкшетау қалалық партия ардагерлері кеңесінің төрағасы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы.
Н. В. Лукьяновтың өмірбаянына құжаттар: жеке құжат-тар – автобиография (1985), білімі туралы құжаттар (1932-1939), әскери даярлығы туралы құжаттар (1937-1938), фронта контузиясы туралы медициналық құжаттар (1946-1948), куәлік-тер, мандаттар, өткізулер, анықтамалар, шақыру билеттері (1926-1984); қызметтік және қоғамдық қызметінің құжаттары: лауазымдарға тағайындау және олардан босату туралы хаттама-лардан үзінділер, бұйрықтар (1928-1936,1951,1952,1962).

Н. В. Лукьяновтың шығармашылық қызметінің құжатта-ры: мақалалар мен жазбалар: «Один из самых отдаленных», «Ближе к людям, производству», «И словом, и личным приме-ром», «Незабываемое», «Стиль шефства» және басқалары (1960,1963,1976-1981); «История Родины глазами очевидца» естеліктері (1979).

Н. В. Лукьянов туралы құжаттар: мақалалар (1960-1979), некролог (1985).

Н. В. Лукьяновтың фотосуреттері, жеке және Василь-Сурск қаласындағы жоғарғы бастапқы училищесінің 2-інші сынып оқушыларымен, «Иры жера» коммунасының басшылық активімен және мүшелерімен, Республикалық ауыл шаруашы-лық стахановтардың мәжілісі делегаттарымен, бір полкта қыз-мет еткендерімен, партия ардагерлерімен, ардагерлер хоры ұжымымен, туыстарымен бірге түскен (1918-1929,1940-1958, 1970-1983). Н. В. Лукьяновтың әкесі мен ағасының фото-суреттері (1881, 1918).


Мырзахметов Қ.
Қор 431, 25 сақт. бірл., 1944-1995 жылдары
Мырзахметов Қамали (23.02.1918 – 05.02.2004) – пар-тиялық, советтік, кәсіподақтық қызметкер, Қызыл Жұлдыз (1944), Ленин (1957), Еңбек Қызыл Ту (1967, 1971), ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен (1985), медальдармен (1945-1997) марапатталған, Еңбекшілдер аудандық партия комите-ті хатшысының көмекшісі, бөлім меңгерушісі (1946-1949), Қызылту аудандық партия комитетінің хатшысы, аудандық атқару комитетінің төрағасы (1951-1961), Көкшетау облыс-тық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы (1961-1973), Көкшетау облыстық атқару комитеті ұйымдастырушы-нұсқаулық және мұрағаттық бөлімдердің меңгерушісі (1973-1985), Ұлы Отан соғысының қатысушысы.

Қ. Мырзахметовтың өмірбаянына құжаттар: жеке құжат-тар – автобиография (1964), жеке парақ (1964), мінездеме (1964); дипломдар (1951, 1964), МОЖОК мүшелігіне кандидат-тың куәлігі (1972), Қазақстан Компартиясы Тың аймақтық комитетінің мүшелік билеті, ордендік кітапшалар және орден-дері мен медальдарға куәліктер, шайқасқа қатысушыға алғыс хат (1944, 1945, 1956-1995), құрмет грамоталары, сәлемдесу адрестер, салтанаттарға шақырулар (1966-1981, 1993); қызмет-тік қызметінің құжаттары – лауазымдарға тағайындау және олардан босату туралы қаулылардан, шешімдерден үзінділер (1961-1985), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы-мен марапаттауы туралы Жарлық (1968); облыстық кәсіподақ-тар кеңесі пленумдарында баяндамалар (1963-1968), аймақтың тарихы бойынша ақпараттық анықтамалар (1981, 1982), лекция-лар (1983, 1984), облыстық радиода сөз айтуда мәтіні (1981).

Шығармашылық қызметтің құжаттары - мақалалар: «Память сердца» (1976), «Целина – школа интернационализма» (1979), «Не изгладится в памяти народной» (1980), «События огненных лет» (1980), «Ничто не забыто» (1983), «Қиын сәтте қайыспай» (1983).

Қ. Мырзахметовтың фотосуреттері, жеке және Д. А. Қо-наевпен және Қазақстан Компартиясы 10-ыншы съезі делегат-тарымен, КСРО кәсіподақтары 14-інші съезінің делегаттары-мен, мамандығын жетілдіру курстардың тындаушыларымен, отбасымен бірге түскен (1960-1977, 1995).

Қазақ, орыс тілдері.
Несвитеев Д. М.
Қор 439, 29 сақт. бірл., 1943-2003 жылдары
Несвитеев Дмитрий Михайлович (туғ. 06.08.1925) – Ұлы Отан соғысының ардагері, демалыстағы ішкі қызмет полков-нигі, Қызыл Жұлдыз (1944) және І дәрежелі Ұлы Отан соғысы (1985) ордендерімен, медальдармен (1946, 1957-2000) марапт-талған, Мәскеу қаласында өткен әскери «2000 Жеңіс парады-ның» қатысушысы, Көкшетау облысы бойынша ІІБ (1948-1954, 1968-1980), облыстық атқару комитетінің (1954-1960, 1980-1986), облыстық партия комитетінің (1962-1968) қызметкері.
Д. М. Несвитеевтің өмірбаянына құжаттар: жеке құжат-тар – автобиографиялар (1954, 1980, 2002), жеке парақтар (1954, 1980), мінездеме (1960), анықтама-объективка (1980), комсомол билеті (1944), Батыс фронты басшылық құрам курстарын аяқтағаны туралы куәлік (1945), жарақат алғаны туралы анықтама (1943), белорусс қалаларын неміс басқыншыларынан босатқаны үшін алғыс (1944), ордендік кітапшалар (1947, 1985), медальдарға куәліктер (1946, 1957-2000), Ұлы Отан соғысында жеңіске арналған салтанаттарға шақырулар мен өткізулер (2000, 2003), мүшелтойларға, естен кетпес даталарға құттықтау хаттар, телеграммалар (1984-2003), 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы Орталық мұражайына кіру билеті (2003); қызметтік және қоғамдық қызметінің құжаттары - лауазымдарға тағайындау және олардан босату туралы өтініштер, бұйрықтар, өкімдер (1954, 1960,1980,1986), халық мәжіліс депутаты (1957) халық қазысы (1960) болып сайланғаны туралы куәліктер, Д. М. Нес-витеевті ІІБ партбюросының хатшысы болып сайланғаны тура-лы хаттамасы (1969), партұйымдастырудың жиналыстарында сөз айтуда мәтіндер және баяндамалар (1972-1975).

Д. М. Несвитеевтің шығармашылық қызметінің құжат-тары: Ұлы Отан соғысы, бір полкта қызмет еткендері, курск шайқасы және т. б. туралы естеліктер (1986, 1991-2003); арда-герлер туралы мақалалар - «У стариков нет времени ждать», «Забудем прошлое – потеряем и будущее», «Мы заслужили право на льготы» (2000, 2002).

Д. М. Несвитеевтің хаттары: облыс, қала басшыларына, соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі басшыларына, Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне, Ю. М. Лужковқа, Л. С. Холтобинаға (2002-2004).

Д. М. Несвитеев туралы құжаттар: мақалалар және жазбалар (1984-2000).

Д. М. Несвитеевтің фотосуреттері, жеке және 173-інші Оршан Қызылту мергендер дивизиясы мергендер полкінің комсомол ұйымдастырушыларымен бірге түскен (1944, 1946, 1985, 2000).
Нижников Н. А.
Қор 453, 49 сақт. бірл., 1952-2001 жылдары
Нижников Николай Алексеевич (25.12.1926-24.02.2006) – партиялық, советтік қызметкер, Социалистік Еңбек Ері (1981), ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен (1944), Еңбек Қызыл Ту (1957,1966,1971,1976), Ленин (1973-1981) ордендерімен, медаль-дармен марапатталған, Арықбалық ауданы атқару комитеті-нің хатшысы, Чистополье ауданы атқару комитетінің төрағасы (1950-1952, 1961-1963), Арықбалық ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы (1967-1983), Көкшетау облыс-тық партия комитеті парткомиссиясының төрағасы (1983-1988), соғыс және еңбек ардагерлері облыстық кеңесінің төрағасы (1988-1998), Ұлы Отан соғысының қатысушысы.
Н. А. Нижниковтың өмірбаянына құжаттар: жеке құжат-тар – автобиографиялар (1980, 2001), жеке парақтар (1954,1969, 1980), мінездемелер (1952-1987), анықтама-объективка, есею аттестаты (1954), құрмет грамоталары (1972-1996), сәлемдесу адрестер (1975, 1987, 1996), салтанаттарға шақырулар (1979, 2000); қызметтік және қоғамдық қызметтің құжаттары – лауазымдарға тағайындау және олардан босату туралы пікірлер, ұсыныстар, қаулылар, хаттамалардан үзінділер (1952-1988), Ленин ордені мен «Орақ және балта» алтын медалін тапсыруымен Социалистік Еңбек Ері атағын беру туралы КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығы (1981); «Мы – интернационалисты» брошюрасы (1976), партиялық, комсомол-дық жиналыстарда, кеңестерде, бюрода, пленумдарда, конфе-ренцияларда, кездесулерде және т. б. сөз айтуда мәтіндер (1981-1999), жауынгерлер-ауғаныстандықтардың және Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың есімдерін мәңгілі ету жұмысы туралы ақпарат (1990).

Н. Е. Нижников туралы құжаттар: «Время новых возмож-ностей» очеркі (1976), мақала, жазбалар (1990-2001).

Н. Е. Нижниковтың фотосуреттері, К. А. Әбуевпен, Е. Н. Әуелбековпен, А. А. Демченкомен, Д. А. Қонаевпен, О. С. Қуанышевпен, мал шаруашылығы мамандарының бас қосу қатысушыларымен, соғыс және еңбек ардагерлерінің конференция делегаттарымен бірге түскен, т. б. (1969-1997).

Қазақ, орыс тілдері.


Өмірбаева Ғ.
Қор 294, 8 сақт. бірл., 1944-1949,1961-1988 жылдары
Өмірбаева Ғазиза (1922-1985) – Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Панфиловтың 33-інші мергендер батальонында соғысқан, төрт жара алған, Қызыл Жұлдыз орденімен (1942), медальдармен (1980) марапатталған, Қырғыз КСР халық әртісі.
Ғ. Өмірбаеваның өмірбаянына құжаттар: қызыл әскерлік кітапша (1944), неке қию туралы куәлік (1961), медальдарға куәліктер (1980).

Ғ. Өмірбаеваның бір полкта қызмет еткен Ағзамовқа хаты (1982).

Ғ. Өмірбаева туралы құжаттар: мақалалар, мақалаларға шимай материалдар (1985-1988); туыстарының және Ұлы Отан соғысы қатысушыларының естеліктер жазбалары (1983-1987); Ғ. Өмірбаеваға арналған өлеңдер (1983).

Ғ. Өмірбаеваның фотосуреттері, жеке және бір полкта қызмет еткендерімен, туыстарымен, актерлермен бірге түскен (1947-1949,1975-1980). Күйеуінің, әпкесінің, баласының фото-суреттері (1948, 1980). Бір полкта қызмет еткен Ағзамовтың жанұясының фотобейнесі.

Қазақ, орыс тілдері.
Савенко Т. Г.
Қор 327, 54 сақт. бірл., 1953-2014 жылдары
Савенко Татьяна Гавриловна (10 сәуір 1936) – тұңғыш тың игеруші, құрылыс еңбегінің ардагері, облыстық еңбек депутаттары Кеңесінің депутаты (1971-1975), «Еңбек Қызыл Ту» (1971) орденімен, медальдармен, құрмет грамоталарымен (1957, 1970-1987, 2007, 2010) марапатталған, Көкшетау қаласының құрметті азаматы (2011).

Т. Савенконың өмірбаянына құжаттар: жеке құжаттар – өмірбаян (2014), жеке карточка (1977), еңбек кітапшасы (1953), № 13 фабрикалы-зауыттық оқыту мектебін, Беловск совхоздық мектебін (1953, 1956) бітіру туралы аттестаттар, комсомол билеті (1956), «Кокчетавқұрылыс» тресінің оқу комбинатын, «Кокчетавқұрылыс» тресінің УКК бітіру туралы куәліктер (1976,1986), кәсіподақ билеттері (1960, 1985).

Қызмет және қоғам қызметінің құжаттары – конференциялардағы сөз сөйлеу мәтіндері (1968-1981), сессиялар жұмыстарына қатысу туралы анықтамалар (1972-1977); «Сегізінші, тоғызыншы шақырылымдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары» Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының кітаптары (1971, 1975); Облыстық құрмет тақтасына енгізу туралы қаулы, комсомол жолдамасы (1954), куәліктер, мандаттар, рұқсатнамалар (1960-2011); орденге, медальдарға және белгішелерге куәліктер (1956-2010), құрмет грамоталары (1970-2007), алғыс хаттары, үкімет жеделхаттары, құттықтау мекенжайлары (1971-2014).

Т. Савенко туралы құжаттар: мақалалар, Е. Шелестованың және Т. Г. Савенко балаларынан оған арналған өлеңдер (1973-2014).

Т. Г. Савенконың фотосуреттері: жеке және Д. А. Кунаевпен, А. С. Қуанышовпен, Н. В. Голдинмен (1971, 1980), А. Салимовпен, құрылысшылар бригадалары ұжымдарымен (1962, 1967, 1970-1971, 1981, 2002), партиялық конференциялар, съездер делегаттарымен (1971-1972, 1978), Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық Ауылшаруашылық көрме қатысушыларымен (1957), еңбек ардагерлері және Көкшетау қаласының құрметті азаматтарымен бірге түскен (2011) және басқа.
Салахов И. Н.
Қор 292, 86 сақт. бірл., 1956-1998 жылдары
Салахов Ибрагим Низамович (30.08.1911-07.07.1998) – жазушы, КСРО жазушылары Одағының мүшесі, Г. Тукай ат. Татар АКСР Мемлекеттік премиясының лауреаты (1990), «Парасат» орденімен марапатталған (1998), қуғын—сүргінге ұшыраған (1937), 10 жыл Тобол абақтыда, Колыма және Тайшет лагерлерінде өткізген, 1956 жылы толық оңалтылған.
И. Н. Салаховтың шығармашылық қызметінің құжат-тары. Қолжазбалар: романдар - «В степях Кокшетау» (1957-1966), «Черная Колыма» (1957-1981), «Когда дубы распускают корни», «Дала Бэркатлэре» (1966); «История зеленого дома» повесі (1957); «Тайгак кичу» («Черная Колыма») пьесасы (1994); әңгімелердің шимай жазулары - «Татары умерли с улыб-кой», «Мадлобт» (1976), «Сабит-ага», «Мулла и Ходжа Насред-дин» (1970-1984), «Яшел йортнын тарихы» (1981) және басқа-лары; очерктер, мақалалар (1958-1987); шығармаларға материалдар, сөз айтуда мәтіндер, естеліктер (1964-1972); пікірлер, рецензиялар (1958-1978); мақалалар (1962-1965, 1991-2000), «Тайгак кичу» пьесасының афишасы (1994).

И. Н. Салаховтың хаттары: баспасөздер, журналдар редакцияларына, Қазақстан жазушылары Одағының Басшылы-ғына, оқырмандарға, туыстарына (1963-1979).

И. Н. Салаховқа хаттар: татар радиосы, «Арғамак», «Соембике» журналдар, «Татарстан Яшьлары» газеті редакция-ларынан, Н. С. Арлановтың, Ю. Асхабовтың, М. Н. Ахтамов-тың, А. В. Байтышқановтың, М. В. Боговицкийдің, баласы Шамильдің, туыстарының (1956-1993).

И. Н. Салаховтың өмірбаянына құжаттар: личные доку-менты - автобиография (1957), жеке парақтар (1957,1963), мінездеме (1956), мандаттар, куәліктер (1957, 1969-1972).

И. Н. Салаховқа некролог (1998).

И. Н. Салаховтың фотосуреттері, жеке және оқырмандар тобында (1964, 1971), оның 80 жылдығына арналған салтанат-тың қатысушыларымен бірге түскен (1991). Туыстардың фотосуреттері.

Татар, орыс тілдері.
Санчило З. А.
Қор 193, 41 сақт. бірл., 1961-1986,1990-1998, 2001 жылдары
Санчило Зинаида Алексеевна (туғ. 09.05.1936) – мәдени-ет ардагері, медальдармен марапатталған, Көкшетау облыс-тық Халық шығармашылық Үйінің бас әдістемеші,директоры (1961-1964, 1966-1974), облыстық мәдениет басқармасы бас-тығының орынбасары (1975-1977, 1979-1985), мәдениет қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы (1986-1991), «Истоки» славян мәдени-ағарту қоғамының төрағасы, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (1998).
З. А. Санчилоның өмірбаянына құжаттар: жеке құжат-тар – жеке іс (1961-1986), құрмет грамоталары (1964-1991), марапатталғаны туралы дипломдар (1967-1973), қалалық еңбек-ші депутаттар Кеңесінің депутаты болып сайланғаны туралы (1975) және «Көкшетау қаласының Құрметті азаматы» атағын алғаны туралы куәліктер (1998), мүшелік және шақыру билет-тер (1969,1976,1985-1990), мандаттар.

З. А. Санчилоның шығармашылық қызметтің құжаттары: Көкшетау халықтық мәдениет университетінің абонементі (1965-1966), спектальдан ролінде фотосурет (1968), мақала (1977), сценарийдің қолжазбасы (1986), концерттердің, спектакльдардың оған қатысуымен және режиссурасымен бағдарламалар (1979-1985).

З. А. Санчило туралы құжаттар: спектакльдарға оған қатысуымен рецензиялар (1968,1969), сәлемдесу хаты (1996), мерейтойға, Дүниежүзілік мұражайлар күнін тойланғанына байланысты қорқұрастырушыға құрмет көрсетуі туралы бейне-фильм (1996), мақалалар (1997, 2001).

З. А. Санчилоның мамандығын жетілдіру курстардың, кеңес-семинарлардың қатысушыларымен, съездер, конферен-циялар делегаттарымен, жюри және мемлекеттік комиссия мүшелерімен, Қазақстанда Эстонияның әдебиеті және мәдение-ті күндерінің қатысушыларымен, мәдениет қызметкерлерімен, соғыс ардагерлерімен, актерлермен бірге түскен фотосуреттері (1967-1991). Щучинск қаласының халықтық мәдениет универ-ситетінің фотоальбомы.


Соломина В. А.
Қор 477, 67 сақт. бірл., 1951, 1956, 1958-1963, 1965-1966, 1968-1970, 1973-1988, 1990-1991, 1995, 1997, 1999-2013 жылдары
Соломина Валентина Алексеевна (туғ. 16.04.1940) – еңбек ардагері, «Ақбұлақ-Родник» аға ұрпақ үшін клубының төрағасы, «Еңбек ардагері» (1990), «Еңбек озаттылығы үшін» (1981), «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» (1969), «Фашист басқыншыларынан Украинаның босатқанына 60 жыл» (2004), «Қажырлы еңбегі үшін. В. И. Лениннің туғанына 100-жылдығына байланысты» (1970) медальдарымен, «Белсенді жұмыс үшін» (1984), «Қазақ КСР 60 жыл» (1980), «1973 жылдың социалистік жарыс жеңімпазы» (1974) белгілерімен марапатталған, «Білім» қоғамы Бүкілодақтық ұйымының Ленин орденінің Құрмет Кітабына енгізілген (1990).

В. А. Соломинаның өмірбаянына құжаттар: жеке құжаттар – кадрды есепке алу бойынша жеке парақ, өмірбаян, мінездеме (1995, 2013), диплом (1970), партиялық билет (1973), кәсіподақ және мүшелік билеттер (1982, 1985).

В. А. Соломинаның қызмет және қоғам қызметінің құжаттары: сценарийлер (2000, 2011), В. А. Соломинаның мақалалары (2000, 2003, 2011) және басқа.

В. А. Соломина туралы құжаттар: Монғолиядан келген ақынның өлеңі (1981), және В. А. Соломинаға арналған, курстар тыңдаушысының өлеңі (1995), В. А. Соломинаның мақалалары (1981, 1983, 2000, 2005, 2010).

В. А. Соломинаның жеке және мұғалімдермен (1960), оқушылармен (1958, 1959), әріптестермен, туыстармен (1966, 1980-1981, 2003, 2006, 2013), құрбылармен (1956, 1962) және басқа.

Қазақ, орыс тілдері.
Темірбеков З. М.
Қор 455, 43 сақт. бірл., 1935-1938, 1956-2002 жылдары

Темірбеков Зарап Мұсаұлы (05.05.1906-27.02.1938) – комсомол, партиялық қызметкер, инструктор, Петропавл губерниясы комсомол комитетінің экономикалық бөлім меңгерушісі, Ақтөбе губ. комсомол комитетінің жауапты хатшысы (1925-1928), Алматы аймақтық комитеті хатшысы-ның көмекшісі, Атбасар аудандық партия комитеті мәдениетті насихаттау бөлімінің меңгерушісі (1930-1933), «Ленин туы» және «Лениншiл жас» газеті жауапты редакторының орынбасары, редакторы (1933, 1935-1937), жеке басына табынушылық кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған (1937), атылған (1938), қайтыс болған соң оңалтылған (1958).

З. М. Темірбековтың өмірбаянына құжаттар: жеке құжат-тар – автобиография (1937), жеке парақ (1937); айыптау қоры-тындысы, үкім (1938), оңалтуы туралы анықтама (1958).

З. М. Темірбеков туралы құжаттар: ІІҰК мұрағаттық құжаттарынан З. М. Темірбеков туралы қысқа өмірбаяндық мәліметтермен үзінділер, С. Назарованың, А. Темірбекованың, А. Ж. Темірбековтың, Ш. Құсайыновтың естеліктері (1966, 1996-2002), З. М. Темірбеков туралы естеліктерімен М. Жүні-совтың «Незабываемые годы» кітабынан (1975), «Қазақ театры-ның тарихы» анықтамалықтан (1976), Қазақ Совет энцикло-педиясынан (1977), Қазақ КСР қысқаша энциклопедиясынан (1985) үзінділер, «Зарап Темірбеков туғанына - 90 жыл» буклет, «Отец» өлеңі (2002), мақалалар мен жазбалар (1966-1977, 1988-2001), З. М. Темірбековтың 90 жылдығына және оның есімін мәңгілік етуіне арналған ресми салтанатты өткізуге өтініштер, хаттар (1996-2002), көшеге басқа атау беру туралы өтініш, отырыс хаттамасы, Көкшетау қалалық ономастикалық комис-сияның шешімі (1996-1999).

З. М. Темірбековтың фотосуреттері, жеке және әйелімен бірге түскен (1935).

З. М. Темірбековтың туыстарының құжаттары: әйелі С. Назарованың оңалтқаны туралы анықтама (1956), С. Назаро-ва және қызы А. З. Темирбекова туралы мақалалар (1988-2002), «Темірбекова Алма Зарапқызы» буклеті (1999).

Қазақ, орыс тілдері.


Терещук В. А.
Қор 434, 94 сақт. бірл., 1964-2002 жылдары, жеке құжаттар -1782, 1824-1887, 1896-1923,1937-1942 жылдарғы
Терещук Виктор Александрович (туғ. 02.01.1942) – жазушы, журналист, комсомол қызметкері, инструктор, Чкалов аудандық комитетінің бөлім меңгерушісі, хатшысы, Көкшетау облыстық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі (1965-1974), туризм және экскурсиялар бойынша Облыстық Кеңесінің төрағасы (1974-1986), «Степной маяк» облыстық газетінің корреспонденті (1986-1991), Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (1995).
В. А. Терещуктің шығармашылық қызметінің құжат-тары: «Жертва безумия» повесі (1999); «Степные миражи», «Рассказы о Кокчетаве» жинақтарынан повестер, очерктер, әңгімелер (1992-1993); «Из дальних странствий» жол очерктері (1994); мақалалар: «От Кокчетава до Шушенского» (1969), «Помощь равна подвигу» (1986), «Строки истории» (1987), «Живущие по совести» (1988), «Память» (1989), «У хлеба запах счастья» (1989), «Прощай», «Комсомолка» (1991), «Не рвите со-весть на куски» (1995), «Великие сыны народа» (1997), «На сло-ме времени» (1997) және т. б.; жазба кітапшалары (1968, 1982, 1986); шығармашылық кештің афишасы (1994).

В. А. Терещуктің хаттары: «Табиғат» журналының ре-дакциясына, «Олимп» баспасөзге, К. И. Жұмабаевке, мұғалім-дер мен кластастарына (1988-1997).

В. А. Терещукке хаттар: Иркурск және Тюмен облыста-рының мемлекеттік мұрағаттарынан, А. Дамердің, А. В. Диен-коның, И. С. Климошенконың, Н. П. Тобольнованың (1985-1996).

В. А. Терещуктің өмірбаянына құжаттар: жеке құжат- тар – автобиография (2001), жеке парақ (2001), ҚР Парламент Мәжілісінің депутатына кандидат В. Б. Косаревтің сенімді тұл-ғасын тіркеу туралы куәлік (1990), «Катанаевские чтения-98» Жалпыодақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясына, мәнді даталарға және оқиғаларға арналған салтанатты жиындарға, отырыстарға, кештерге шақырулар (1995-2000); Көкшетау қала-сының Құрметті азаматы атағын беру туралы Көкшетау қала-лық мәслихаттың қаулысы және куәлік (1995); қызметтік және қоғамдық қызметтің құжаттары - «Өнер» және «Қайнар» баспа-сөздерімен шарттар (1982, 1988); Облыстық комсомол комите-тінің «Көкшетау-Щучье-Лениногорск веложүрісті өткізу тура-лы» және В. А. Терещукті веложүрістің комиссары етіп тағайындауы туралы қаулылары (1969); сөз айтуда мәтіндер, ақпараттар, рапорттар: «В. И. Лениннің туғанынан 100 жылды-ғына арналған «Көкшетау-Щучье-Лениногорск» веложүрістің қорытындылары туралы» (1969); партиялық және советтік қызметкерлерінің активтерінде (1989); облыс кәсіпкерлерінің жиналыстарында (1996), Көкшетау облысын оның бұрынғы шекараларында қайта келтіруі туралы митингте (1997).

В. А. Терещуктің фотосуреттері, жеке және облыс, қала басшыларымен (1983), облыстың жас комбайнерлерімен (1970), Қазақстан комсомолдары XIII съезінің делегаттарымен (1971), туризм және экскурсиялар бойынша Облыстық Кеңесінің қыз-меткерлерімен (1983, 1984), әйелімен, балаларымен, т. б. бірге түскен (1964-1972, 1983-2002).

В. А. Терещук жинаған құжаттар: мақалалардың, хабар-ламалардың, жазбалардың, есептердің фрагменттері; хаттар, рапорттар, өтініштер және т. б. (1782, 1824-1887, 1896-1923, 1937-1942).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет