6-мәтін
Мен мектепке аптасына алты күн барамын. Менің демалысым тек – жексенбі. Жексенбі күні басқа күндерге
қарағанда кешірек тұрамын. Қыста таңертеңгі астан кейін шаңғы тебуге барамын. Серуеннен түскі тамаққа бірақ ораламын. Кейде достарыммен кездесіп, ән тыңдаймыз, бейнетаспа көреміз. Жазғы демалысымды таза ауада қызықты өткізуге тырысамын. Сенбі күні кешке ата-анаммен, бауырларыммен саяжайға кетемін. Біздің саяжайымыз өзенге жақын.Өзеннің жанында орман бар. Мен орманда саңырауқұлақ, жидек теремін. Егер далада жауын жауып тұрса, үйден шықпай,
кітап оқып, теледидар көремін, үй шаруасына көмектесемін. Бос уақытымда өнердің қыр-сырын танып білгім келеді.
7-мәтін
Отанға жау шапты. Өткен ғасырдың 1941-ші жылы маусымның 22-сінде фашистер
түн жамылып келді.Соғыс – бұл қайғы, қасірет, қан, көздің жасы, маңдайдың тері, өлім,
әкесінен айырылған бала, бауырынан айырылған қарындас.
Осы соғыс жылдары әрбір бесінші қазақстандық соғысқа аттанды. Батыр жерлестеріміз
өмірін де аямай дұшпанмен алысты. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының тарихына талай қаһармандық беттер қосты. Батыр ағаларымыз бен аталарымыз ержүректік, ерлік және жоғары жауынгерлік шеберлік көрсетті. Фашизмге қарсы соғыс жеңіспен аяқталды.
Батырларымызды келер ұрпаққа үлгі-өнеге етуіміз керек. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап,
ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек.
Соғысқа аттанған әкесін, ағасын, бауырын, сүйген жарын, баласын күткен тылдағы жас балалар мен әйелдер күн-түн демей еңбек етті. Қан майданнан келер бір жапырақ хатты күтті. Хат келсе, хабар келсе, бәрі жиналып қуана-қуана оқитын еді. «Қара қағаздар» қаншама отбасының күлін көкке ұшырды. Сонда да «келер, келеді» деп үміттенген жүректер армандаумен, зарығумен үміттерін үзбеді...
... Міне, бізге Жеңіс осындай жолмен келді. Сол үшін біз ата-бабаларымыздың ерлігін мақтан етуіміз керек. Жеңіске өз үлесін қосқан батырларымызды әрқашан жадымызда ұстауға тиіспіз. Олардың рухына мың тағзым!!!
Біз – бақытты ұрпақпыз. Ержүрек
аталарымыздың арқасында, міне, бүгін тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз.
1-мәтін
Наурыз келісімен балалар да, үлкендер де Қыдыр атаны сағына күтеді. Қыдыр ата елге, жерге, адам баласына барша жақсылықты сыйлайды екен. Ол аппақ киім киіп, Наурызда елді мекендерді аралап, тыныштық болуын, адамдардың мейір – шапағатқа бөленуін, Жер Көктің жасыл желекке, гүлге орануын тілеп, ақ батасын беретін көрінеді.
«Жыл он екі ай» журналынан
Достарыңызбен бөлісу: