1-мәтін Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты



бет81/100
Дата10.10.2023
өлшемі410,03 Kb.
#184605
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   100
Байланысты:
мәтіндер КАЗ 2

Мәдиев Дастан, 6-сынып оқушысы

1-мәтін

Наурыз келісімен балалар да, үлкендер де Қыдыр атаны сағына күтеді. Қыдыр ата елге, жерге, адам баласына барша жақсылықты сыйлайды екен. Ол аппақ киім киіп, Наурызда елді мекендерді аралап, тыныштық болуын, адамдардың мейір – шапағатқа бөленуін, Жер Көктің жасыл желекке, гүлге орануын тілеп, ақ батасын беретін көрінеді.


«Жыл он екі ай» журналынан
2-мәтін

Құмырсқаның суға кетіп, жанталасып жүзіп бара жатқанын көрген көгершін оны өлімнен құтқармақ болыпты. Мойылдың жалпақ жапырағын жұлып әкеліп, құмырсқаның алдына тастапты. Құмырсқа жапырақтың үстіне шығып жайғасыпты. Жел тұрып, жапырақты жағаға қарай айдапты. Жапыраққа жабысып, қиындықпен алысып, қырға аман шығыпты.


Бір қарт көк жөтелмен ауырған немересіне көгершіннің қанын ішкізейін деп, арнайы ау құрып, киелі құсты алыпты.
«Ажалдан арашалап алған мейірбан достың жақсылығын қайтаруға тиістімін»,-деп жүрген құмырсқа қарттың аш санын қатты қыршып алғанда, санына біз кіргендей болған шал көгершін оралған ауды тастап жібергенін өзі де байқамай, санын сипалапты. Сол мезетте ... аудан сытылып шығып, аспанға бір-ақ самғапты.

3-мәтін
Кемпірқосақ дегеніміз не? Бұған себепші – былайша ақ болып көрінгенімен, шындығында, жеті түстен тұратын жарық сәуле. Кәдімгі күн жарығы екен. Аспаннан күн сәулесі
түскенде, біз оны аппақ жарық ретінде көреміз.
Енді оның жолына жаңбыр тамшылары кезікті. Ал тамшылар формасы жағынан призма деп аталатын геометриялық фигураға жуықтау болады. Күн сәулесі шыны призмадан немесе жаңбыр тамшыларынан өткенде, оның алуан түсті сәулесі әр алуан түсті бірнеше сәулеге бөлінеді, сонда призманың арғы жағындағы қабырғада алуан түсті әдемі шұғыла, ал аспанда кемпірқосақ пайда болады.
Доғаша келген кемпірқосақтың сыртқы жолағы әдетте қызыл болады, ал оның ішкі жиектеріне қарай басқа түстердің, ең соңында көк және күлгін түстердің құбылмалы спектрі көрінеді.
(«Ол кім? Бұл не?» кітабынан)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет