Әдіс нингидриннің альфа-амин қышқылының,
пептидтердің,
нәруыздардың амин тобымен әрекеттесу нәтижесінде көк түсті
комплекстік қосылыс түзу қабілеттілігіне негізделген. Түстің
қарқындылығы ерітіндідегі амин қышқылдарының мөлшеріне
тікелей байланысты. Сондықтан оны ам ин қышқылдарының
концентрациясын анықтауға пайдаланады. Жалпы түсті
реакциялардың маңызы
Түсті реакциялар нәтижесінде биологиялық материалда
нәруыздың және амин қышқылының бар
екенін және нәруыз
қосылыстарының гидролиз дәрежесін, яғни ерітіндіде ақуыз,
полипептидтер, пептидтер немесе амин қышқылдары бар екенін
анықтауға болады
Жеке аминқышқылдарына жасалатын түсті реакциялар
Мульдер реакциясы (ксантопротеин) триптофанды,
фенилаланинді және тирозинді ашады; Паули диазореакциясы
триптофан, тирозин,
гистидинді ашады; Миллон реакциясы –
тирозинді; Шульце-Распайль және Адамкевич – триптофанды;
натрий нитропруссидімен реакция және Фоль реакциясы–
құрамында күкірті бар АҚ; натрий гипобромиті– аргининді аша
алады.
13. Нәруыздардың жалпы қасиеттері.
•
Жоғары молекулалық масса
Нәруыздардың молекулалық массасы (протаминдердікі) 6000
дальтоннан (Да) он миллион Дальтонға (нуклеопротеиндердікі)
дейін барады.
Нәруыздардың молекулалық массасын анықтау әдістері
Нәруыздардың молекулалық массасын анықтаудың негізгі
әдістеріне гравиметрия, осмометрия, ультрацентрифугирлеу,
гель-электрофорез, гель-фильтрация,
гель- хроматография
әдістері жатады.
Элементтік құрамының біркелкілігі
Нәруыздың құрамына кіретін негізгі элементтердің мөлшерінің
бірдей болуы: С-53%, 0-22%, N-16%, Н-7%, S-2%.
Нәруыздық коэффициент
(НК) – 1 г азотқа сәйкес келетін нәруыз мөлшері:
НК = = 6,25
Нәруыздағы азот мөлшерін анықтап, оны 6,25-ке көбейту арқылы
объектідегі нәруыз мөлшерін табуға болады: m = N х 6,25,
мұндағы m – нәруыз мөлшері.
Нәруыз молекуласының пішіні
Кеңістіктегі конфигурациясына және пішіндеріне қарай нәруыз
глобулярлы және фибриллярлы болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: