1 ші деңгей: Патологиялық анатомия, оның мазмұны, мiндеттерi, объектiлерi, зерттеу әдiстерi мен деңгейлерi. Патологиялық анатомия



бет32/35
Дата01.03.2023
өлшемі77,52 Kb.
#170600
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
1 ø³ äå?ãåé Ïàòîëîãèÿëû? àíàòîìèÿ, îíû? ìàçì?íû, ìiíäåòòåði, îá

Дерматофибросаркома терімен байланысты ісік, арқада, иықта жəне
балтырда тері астынан томпайып түрған түйін түрінде байқалады. Ол баяу дамып, алып тастағанда қайта өсіп шығады (рецидив), бірақ метастаз беруі өте
сирек.
Липосаркома май тінінін, қатерлі ісігі, кез келген жаста кездеседі. Ісік
өсіп, салмағы 3 кг жəне онан да көп болады. Кесіп қарағанда түйін түрінде
немесе айналасын да шекарасыз өсіп кеткен ісік түрінде көрінеді. Түсі ақшыл
сары, кейде қан құйылу, некроз ошақтары болуына байланысты шұбарланған.
Қатерлі лейомиома (лейомиосаркома), бірыңай салалы бұлшықет
ісігі, оның екі түрі бар: 1) Типтік қатерлі лейомиома кəдімгі лейомиомаға
ұқсас, олардан тек жасуша атиптігімен ғана ерекшеленеді. 2) Атипиялық
қатерлі лейомиомада жасушалар полиморфизмі басым, əсіресе көпядролы
симпластардың болуы осы ісік үшін тəн морфологиялық белгілердін, бірі болып саналады.
Лимфангиосаркома лимфа тамырларынан өсетін, атипті эндотелий жасушаларымен астарланған қуыстар түзетін ісік.
Қатерлі синовиома. Синовиоманың қатерсіз түрі жоқ, деген ғылыми
ұғым бар. Бұл жерде цитоплазмасы ашық немесе ұршық тəрізді жасушалардан құралған ісік көрінеді. Синовиоманың екінші түрі ұршық тəрізді жасушалы саркоманы елестетеді, олардан тек ашық жасушалардан түзілген, эпителийге ұқсас қүрылымдар барлығымен ғана ерекшеленеді. Дегенмен қатерлі
синовиомада жасуша атипизмі көбірек кездеседі.
Қатерлі мезотелиома сірлі қабықтардың өте қалыңдап кетуімен, олардың
қуысының тарылып немесе бүтіндей тығындалып қалуымен сипатталған
ісік.
Хондросаркома сирек кездесетін, шеміршек жасушаларынан өсетін ісік.
Хондробласт жасушаларында атипизм айрықша көрініп, олардың арасында
көптеген митоздар кездеседі.


  1. .Балаларда кездесетін ісіктердің түрлері, сипаттамасы

Ісік (латынша-tumor,blastoma, грекше-neoplasma,орысша-опухоль)- тұтас ағзаның жүйкелік – эндокриндік реттеулеріне бағынбай,өз бетінше дербес өсетін,құрылымы мен қасиеттерінде шыққан тін жасушаларынан үлкен алшақ-тықтары бар, шексіз бөлініп көбейетін және жаңадан қабылдаған қасиеттерін туынды жасушаларына бере алатын, дерттік өзгерістерге ұшыраған жасушалар-дың тым артық өсіп-өніп кетуін айтады


Ісіктердің 3 түрі бар: қатерлі, қатерсіз, деструкциялы.
Қатерлі ісіктер дегеніміз- жетілмеген ісік,ол мүлде толыспаған жасушалардан құрылып,өзі туындаған тінге ұқсастығын жоғалтады. Олардың органтиптік, гистотипік кқна емес цитотиптік те толысуы бұзылады.Олар инфильтрациялы жайылып,жылдам өседі.Оларға:карцинома жатады.
Қатерсіз ісіктер дегеніміз- Жетілген ісiк, оны туындаткан тінди тап басып анықтауға мүмкіндік беретін жасушалардан кұрылады.Онынң органтиптік және гистотиптік толысуы бузылады. Өлім катерін туғызбайды және метастаз жаймайды.Қатерсіз эпителийлік ісіктерге: аденома мен папиллома жаиада жатады.
Деструкциялы ісіктер дегеніміз- өскен жерін зақымдайтын ісік.
Балалардағы ісіктер екіге жіктеледі; пісіп жетілген тіндерден өсетін ісіктер,эмбриональдық тіндерден өсетін ісіктер.
Балалар iсiктерiнiн ресектердiкiнен айырмашылыгы:
1. Балалар ісіктерiнiң басым көпшілігі-ұрықтық деңгейде токтап,өз орнында жайғаспай қалган,ягни дистопиялы тіндерден өрбиді. Эмбриондык тіндерден дамыган ісіктер-дизотогендік деп талады.
2. Катерсіз ісіктер-балаларда,ал катерлі ісіктер-езектерде жиі байкалады. Катерлі ісіктерден балаларда эн жииси-теринiң исиктери, әсиресе ангиомалар мен Невустар
3.Балаларда қатерлі ісіктер тобынан саркома жиі, ал карцинома (рак) өте сирек. Ал ересектерде карцинома өте жиі дамиды.
4. Балалардын катерли ісіктері-даму барысы ересектердін катерлі ісіктеріне қарағанда өзгешелеу. Балалардың ішкі мүшелеріндегі катерлі ісіктер катерсіз ісік сиякты уакыт экспансивті өсңп, көпке дейін метастаз жаймайды. Ересектерде ешқашан байқалмайтын балаларга гана тән-катерлі ісіктін катерсіз ісікке айналуы Бұл кұбылыс ісіктің реверсиясы деп талады
Рабдомиома-эмбриондык бұлшыкеттiн жасушаларынан өнетін қатерсіз ісік, сирек кездесіп,көбине балаларда кездеседи. Ол диаметрi-10-15см,тiнi конырлау,жүрек пен кол,аяктын бұлшық эттеринде дамиды. Рабдомиосаркома-эмбриондагы бұлшыкеттiк бастаманын узіліп калган бөлігінен енетін катерли iсiк. Ол-эмбриондык миобластыларга уксайтын,ядросы мен өзі ірі пішiнi полиморфты жасушалардан кұрылады. Көбінесе балаларда дамиды.Ол кiшi жамбас куысына жайылып,зэр шығаратын жолдарды бітеп, уремияга ұшыратады ойық жараға айналып канайды, инфекция тусип іріндейдi. Ісіктін метастаздары сол аймактаги лимфалык туйиндерге және гематогендик жолмен өкпеге шашырайды. Клиникалық белгілері:
• Баяу өсетін жалғыз түзіліс симптомсыз болуы мүмкін, жоғарғы тыныс жолдарының бітелуі сирек кездеседі, аритмия, ісіну, жүрек соғуының төмендеуі, респираторлық дистресс синдромы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі болады.
Тератомалар мен тератобластомалар. Тератомалар -урык жыныс бездерин алгашкы даму кезенінде жетілмеген жыныс жасушалары инфекцииясынын бузылу натижесінде пайда болады. Туындау көзі плюрипотентті герминогендi (урыктык) жасуша. Ол сарыуыз кабынан жыныс бездерине кошу (миграция) кезинде iсiктiк озгеристерге (трансформацияга) ушырайды. Урогениталды жота бас пен жамбас аралыгында жайгаскандыктан, урык жасушалары кез келген жерде токтап калып исикке айналады.
Тератомалар жыныстык бездерде де (гонадалык) және одан тыскары (экстрагонадалык) да жайгасуы мүмкін.Тератомалар өртүрлі жетілген тіндерден туратын ісіктер.
Көптеген тератомаларға тән белгілер мен симптомдар мыналарды қамтиды: ауырсыну,
ісіну және қан кету,ісік маркері альфа-феропротеиннің (AFP) шамалы жоғарылауы, бета-адам хорионикалық гонадотропин (BhCG) гормонының шамалы жоғарылауы.
Тепамобластомалар курамында жетілген тіндер мен бірге жетілмеген тіндер де табылады. Кейде олардын тек бір компоненті (эпителийлі немесе мезенхималы кейде бірнеше компоненти бир мезгилде катерли исик түрине отеді, олардын гистогенезін анықтау киын. Бул ісіктер көбінесе колемди исиктер түрінде көрінеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет