1-сұрақ Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология



Pdf көрінісі
бет10/31
Дата21.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#198253
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Байланысты:
МБМГ РК 1 ЖАУАПТАРЫ
referatbank-22096, ЭМ, О, көз
геликаза ферменті 
аналық ДНҚ 
молекуласынын кос ширатпасынын ашылып, жіпшелердін бір-бірінен 
ажырасуын қамтамасыз етеді. Одан кейін ширатпаның ашылып жазылуы әрі 
карай үлкенді-кішілі туйіндердің (суперспирализация) пайда болуына альш 
келеді. Мұның себебі әрбір ДНҚ молекуласы өздерінің бірнеше 
учаскелерімен ядро матриксіне бекінген, ал бүл ширатпалары ашылған ДНҚ 
молекуласының еркін айналуына мүмкіндік бермейді, сондықтан да түйіндер 
пайда болады. Бұл мәселе
 топоизомераза ферментінің 
катынасуы аркылы 
шешіледі. Сонымен, геликаза, топоизомераза ферменттері аналык ДНҚ 
молекуласынын қос ширатпасын жеке-жеке екі тізбекке ажыратады. 
Ажырасқан әрбір тізбектен ерекше 
SSB-акуыздар
байланысады, олардың 
қызметі бір-бірінен ажырасқан жіпшелерді керіп, күні бұрын жанасып, кос 
ширатпаның түзілуін болдырмау болып табылады. 
(Полимеризация) 
Осыдан кейін 
праймаза
, бір жіпшелі ДНҚ-нын тиесілі 
учаскесін матрица ретінде пайдаланып, қысқа «РНҚ-ұйыткыны» (праймер) 


синтездейді.Әрі қарай ДНҚ синтезін 
ДНҚ полимераза
жүргізеді.Эукариоттарда 
5 түрлі
ДНҚ полимеразалар белгілі:
β
және ε - полимеразалар
ДНҚ репликациясына қатысады;
γполимераза
митохондрия ДНҚ-сының репликациясын жүзеге асырады; ал
 α және δ 
полимеразалар
ядролық ДНҚ репликакациясына қатынасады. α ДНҚ 
полимераза праймазамен де, δ-полимеразамен де байланысады, ал соңғысы 
PCNA деп аталатын ақуызбен байланысқан. 
PCNA ақуыз 
– полимераза 
кешенін ДНҚ-ның репликацияланушы тізбегіне бекіндіріп “қыстырғыш” 
ролін атқарады. PCNA ақуыз “қыстырылған” күйінде сақина сияқты ДНҚ 
тізбегін қоршап тұрады және полимеразалардың ДНҚ тізбегінен күні бұрын 
диссоцияциялануын (ажырауын) болдырмайды, яғни ДНҚ синтезінің 
жүруіне, жалғасуына мүмкіндік жасайды.
Кез келген жаңадан синтезделген ДНҚ фрагменттері-(ұзын лидерлік не 
Оказаки фрагменттері) праймерлерден («РНҚ-ұйыткыдан) басталады. 
Аналык (матрицалык) тізбек бойымен жылжып отыратын ферментгіх кешен 
келесі ДНҚ фрагментіне жанасқаннан кейін, ДНҚ-полимераза III ферменті 
“қыстырушы” PCNA ақуызын ашып, кешенді матрицадан ажыратады және 
ДНҚ синтезін токтатады. Осыдан кейін ДНҚ полимераза І-іске кіріседі. Ол 
өсіп келе жатқан ДНҚ фрагментінің 3' үшына жалғанады және 3 
белсенділікке ие болады. 
ДНҚ тізбегінің синтезі 5'-3' бағытында ғана мүмкін, сондықтан ДНҚның 
жаңа тізбектері репликациялық ашада бірдей жылдамдықпен синтезделмейді. 
Ферментті кешен бастапқы тізбек түзуін өз кезегінде тоқтатып, екінш 
аналық тізбекке өтіп, кезекті Оказаки ферментін синтездейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет