1-сұрақ Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология


б) Фагоцитоз - қатты түйіршік заттардың жасушаға енгізілуі



Pdf көрінісі
бет22/31
Дата21.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#198253
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Байланысты:
МБМГ РК 1 ЖАУАПТАРЫ
referatbank-22096, ЭМ, О, көз
б) Фагоцитоз - қатты түйіршік заттардың жасушаға енгізілуі ;
Фагоцитоз 

ірі түйіршіктердің плазмолемма бетіндегі көптеген 
рецепторлармен байланысуынан басталады . Осыдан кейін рецептор - лиганд 
кешені плазмолемманың инвагинациялануы ( ішке қарай қайырылып ісінуі ) 
нәтижесінде фагосомаға айналып жасуша ішіне енеді .
в ) Рецептор арқылы жүзеге асатын эндоцитоз
– бұл кезде жасушаға 
енгізілетін заттар алдын ала плазмолемма бетіндегі рецепторлармен 
байланысып , содан кейін жасушаға енгізіледі . Бұл үдеріс әсіресе иммундық 
реакцияларда жиі кездеседі . Рецепторлар арқылы жүзеге асатын эндоцитозда 
алғаш плазмолемма бетіндегі рецептор лигандамен байланысып , жиекті 
шұқыр пайда етеді . Содан кейін ол жиекті көпіршікке айналады . Жиекті 
көпіршік цитоплазмаға еніп эндосомамен қосылады .
2 ) Экзоцитоз
- түйіршіктердің және ірі молекулалы қосылыстардың 
жасушадан шығарылуы . Оның 2 түрі белгілі :
а ) секреция
б ) экскреция
Экзоцитоздың ең жиі кездесетін эдісі - 
секреция 
, яғни еріген заттардың (ірі 
не ұсақ молекулалық ) секреторлық көпіршіктер арқылы сыртқа шығарылуы . 
Жасушалардың секреторлық қасиеті туралы көптеген деректер жинақталған . 
Құрылысы және атқаратын қызметтерінің ерекшеліктеріне қарай көптеген 
жасушалар түрліше заттарды пептидтік гормондарды , асқорыту 


ферменттерін, антиденелерді , сарысу ақуыздарын , өсу факторларын және 
секреторлық молекулаларды өндіреді . Фибробластар базалдық мембрананың 
негізгі компоненттері каллоген , ламинин және фибронектин сияқты заттарды 
секрециялайды . Сондықтан да кез келген жасушаларда констутивтік секреция 
кездеседі . Мысалы , ақуыз молекулалары мембраналық көпіршіктер арқылы 
Гольджидің трансторларынан плазмолеммаға жеткізіледі және онымен 
қосылып құрамындағы заттарды экзоцитоз арқылы сыртқа шығарады . 
Констутивтік секреция жасушада үнемі жүзеге асатын және ешқандай сыртқы 
сигналды , Са2+, ионының болуын қажет етпейтін үдеріс . Ал , эндокриндік 
және экзокриндік жасушаларда және нейрондарда реттелуші секреция 
кездеседі . Бұл жасушаларда секреторлық ақуыздар біршама уақыт ( бірнеше 
сағат немесе тәулік бойына ) ірі секреторлық гранулалар ( дм. 0,05мкм ) 
құрамында , экзоцитозға арналған сыртқы сигналдар арқылы ( гормондар , 
нерв импульстері ) жасушаның активтенуіне дейін жинақталады . Сыртқы 
сигналдар әсерінен цитоплазмаға мембрана аркылы Са2+, иондары көптеп 
өтеді және оның концентрациясы 1 мкм - ге дейін көбейеді . Ал , бұл бірнеше 
жасушаішілік эффекторлық молекулалардың активтенуіне ұласады да , 
нәтижесінде секреторлық гранулалардың плазмолеммамен қосылуына жөне 
гранула ішіндегі заттардың сыртқа шығарылуына алып келеді . 
Экскреция
- дегеніміз қатты түйіршіктердің жасушадан шығарылуы , мысалы 
эритропоэз аяғында торлы субстанциялардың ретикулоциттерден сыртқа 
шығарылуы . 
ЭКСКРЕЦИЯ (шығару)-метаболизм процесінде пайда болған заттардың 
денеден шығарылуы. Экскреция деп метаболизм процестері кезінде пайда 
болған қалдықтардың организмнен шығару процесі. Сондықтан асқазан -ішек 
жолынан қорытылмаған заттарды шығару экскреция болып табылмайды.
Организмнен шығарылатын негізгі қалдықтар - көмірқышқыл газы мен 
глюкозаның ыдырауындағы су, амин қышқылдарының өңделуінен несепнәр, 
тұздың шығарылуы жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет