Үкімді орындауға кірісу дегеніміз үкімді орындау туралы өкімді судья үкімінің көшірмесімен бірге қылмыстық атқару заңдарына сәйкес,үкімді орындау міндеті жүктелген органға жіберу. Анықтау органдарының алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi болып табылатын iстер бойынша қызметi
Алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi болып табылатын қылмыс белгiлерi болған кезде анықтау органы қылмыстық iс қозғауға және қылмыстың iзiн анықтау мен бекiту жөнiндегi кейiнге қалдыруға болмайтын тергеу iс-әрекеттерiн: қарауды, тiнтудi, алуды, куәландыруды, сезiктiлердi ұстау мен олардан жауап алуды, жәбiрленушiлер мен куәлардан жауап алуды жүргiзуге құқылы. Анықтау органы байқалған қылмыс пен қылмыстық iс қозғалғаны туралы прокурорға дереу хабарлайды. Кейiнге қалдыруға болмайтын тергеу iс-әрекеттерiн орындағаннан кейiн, бiрақ iс қозғалған күннен бастап бес тәулiктен кешiктiрмей анықтау органы iстi тергеушiге беруге, бұл туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жазбаша хабарлауға мiндеттi. Iстi тергеушiге бергеннен кейiн анықтау органы ол бойынша тергеу iс-әрекеттерiн және жедел iздестiру шараларын тек тергеушiнiң тапсырмасы бойынша ғана жүргiзе алады. Қылмыс жасаған адамды анықтау мүмкiн болмаған iстi тергеушiге берген жағдайда анықтау органы қылмыс жасаған адамды анықтау үшiн iздестiру шараларын жүргiзуге, тергеушiге нәтижелер туралы хабарлауға мiндеттi.