дипломатиялық немесе өзге де артықшылықтар мен иммунитеттерге ие
адамдарға қатысты немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылатын
қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң ерекшелiктерi осы Кодекстiң 57-тарауына
сəйкес айқындалады. Кейс №13
1. Жол-транспорттық оқиға салдарынан келген шығындарды өтеу туралы соттың шешімі бойынша атқарушылық іс қозғалады. Борышкерде берешектерді жабу үшін жеткілікті ақша сомалары болмады, соған байланысты сот орындаушысы алдын-ала бағалаусыз өндіріп алушыға ұсынған автокөлікті өндірді. Өндіріп алушы аталмыш затты алудан бас тартты.
Сот орындаушысы борышкердің мүлкін алдын-ала бағалауды жүзеге асыру міндетті ме?
Өндіріп алушының ақша сомаларының орнына борышкердің өзге мүлкін алудан бас тартудың салдары қандай?
Істі мәні бойынша шешіңіз.
1.Сот орындаушысы борышкердің мүлкін алдын-ала бағалауды жүзеге асыруға міндетті деп санаймын. Себебі, сот орындаушысы 10 жұмыс күні ішінде мүлікті алдын-ала бағалау үшін бағалаушыны тағайындауы тиіс.
2.Егер өндіріп алушы мүліктен бас тартқан жағдайда, сол мүліктің бағасының нарықтық құнын анықтап ақшасы беріледі.
3. Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңына сәйкес сот орындаушысы міндетті түрде жәбірленушінің мүлкіне бағалауды жүзеге асыруы керек.Бұл жағдайда сот орындаушысының қателігін көреміз. Өндіріп алушы мүліктен бас тартқандықтан сол мүліктің бағасының нарықтық құнын анықтап ақшасы беріледі деп есептеймін.