1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


§ 2. Жеке адамның құқығы мен бостандықтары



бет34/60
Дата14.12.2021
өлшемі253,23 Kb.
#126183
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60
Байланысты:
Лекции 21-22


§ 2. Жеке адамның құқығы мен бостандықтары
Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі - жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқыгы деп кісіге белгілі игілік алуды қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына кісіге өз білгенінше істеуге мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады.
Бұл мәселеге адамдар өте ертеде-ақ назар аударған болатын. Ежелгі грек фәлсафашылары (философтары) барлық адам дүниеге келгенде тең болып туады. Сондықтан олардың бәрінің де тең табиғи құқығы бар деген ойды өрістетті. Аристотель болса саяси құқықты табиғи және шартты құқық етіп екіге бөлді. Ол табиғи құқықты мемлекет орнатқан құқықтан жоғары қойды. Табиғи құқық шартты құқыққа үлгі болуға тиіс деп санады. Себебі, шартты құқық жиірек өзгеріп отырады және олар өкімет жұмысы мен адамдар арасындағы келісімнің нәтижесінде пайда болады.
Бірақ феодализм дәуірінде адам құқығы жөнінде мүлдем басқаша ұғым пайда болады. Адам туғанынан тең деп үйрететін табиғи құқық жоққа шығарылды. Ал құқықтың өзін хан, патшалардың қол астындағы адамдарға жасап отырған рақымы деп түсіндірілді. Әр сословиенің өзіне тән құқығы болды.
Біздің қазіргі ұғымымыздағыдай адам құқығы капитализм дөуірінде дүниеге келген либерализммен тығыз байланысты. Либералдар монархияның билігін парламент арқылы шектеп, сайлау құқығын кеңейтуді және саяси бостандықты өрістетуді талап еткен болатын.
Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдарға Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, И.Кант, Т.Джефферсон, Т.Пейн жөне т. б. жатады. Олар адам құқығының негізгі кағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп берді. Олардың ішіндегі ен құндылары Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік Декларациясына енді (ол 1776 жылдың 4 шілдесінде бекітілді). Декларацияның негізгі баптарына барлық адамдардың өмір сүруге, еркіндікке, жеке меншікке, бақытка және қауіпсіздікке туғанынан тең құқығы бар; өкімет билігінің қайнар көзі - халық, үкімет - халықтың қызметшісі; барлық мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеуге тиіс, ал егер олар бұл сенімді ақтамаса, халықтың ондай ұнамсыз, лайықсыз үкіметті жоюға еркі бар; өкіметтің заң шығарушы, атқарушы, сот билігі болып бөліну керектігі және т. с. с. жатады. Бұл қағидалар одан әрі АҚШ-тың Конституциясы мен құқықтар туралы Биллінде дамытылды. (Билль деп ағылшын парламентінде немесе Американың конгресінде қаралуға ұсынылған заң жобасын айтады.) Мысалы, Билльде жоғарыда айтылған баптармен қатар қандай адам болмасын шынайы, ашық, әділ сотқа құқығы бар деп көрсетілген. Ол жеке адамның еркіндігіне өкімет тарапынан қандай болмасын озбырлық байқалатын болса, одан қорғай алады. Құқық туралы Билльде үкімет өз жұмысын халық алдында ашық жүргізуі керектігі талап етілген. Жұрт үкіметтің не істеп жатқанын әрдайым біліп тұруы керек және оны дер кезінде сынға алып тұруға тиіс.
АҚШ-тың Тәуелсіздік Декларациясында көрсетілгендей, негізгі баптар конституциялық түрде 1789 жылы Францияның адам және азаматтар құқығының Декларациясында да бекітілді. Олармен салыстырғанда қазіргі кездегі жеке адамның құқығы туралы ұғым анағұрлым ауқымды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс, одан кейін екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы Еуропадағы демократияның әлсіздігін байқатты. Сондықтан алдыңғы қатарлы күштер адам құқықтарын әлемдік деңгейде қорғау үшін өзара келісіп, ынтымақтасып іс-қимыл жасау керектігін түсінеді. 1942 жылы 1 қаңтарда гитлершілдікке қарсы коалицияға кірген 26 мемлекет нацизмге қарсы адам өмірі, бостандығы, тәуелсіздігі, оның құқықтары мен әділеттілік үшін күресуге Декларация қабылдады.
Екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін бұл мәселеге ерекше зор мән берілді. Оған себеп болғандар: 1) соғыс кезінде гитлерлік Германия мен Еуропаның басқа елдерінде адам құқықтарының сақталмауы ондаған миллион әр түрлі халықтардың өкілдерінің өмірлерін алып кетті; 2) Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде демократиялық және жұмысшы қозғалыстарының өріс алып, қысым көрсетуі және соның нәтижесінде қабылданған демократиялық реформалар; 3) бұрынғы отар елдерде ұлт-азаттық көтерілістің күшеюі және олардың біразының тәуелсіздік алуы.
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының халықаралық Декларациясын қабылдады. Онда адам кұқықтары аталып қана қойған жоқ, оларды қорғау шаралары да қарастырылған. |Бұл Декларация және басқа адам кұқықтары жөніндегі келісімдер міндетті түрдегі зандық құжаттарға жатпайды. Дегенмен, оларды мойындап, қол қойған елдер онда көрсетілген тәртіптерді сақтаулары тиіс.
Халықаралық ұйымдар одан кейін де бірқатар маңызды құжаттар қабылдады. Мысалы, оларға 1948 жылы геноцидтің алдын алу және ол үшін жаза қолдану туралы Конвенция, 1965 жылы нәсілдік алалаушылықтың барлық түрін болдырмау туралы Конвенция, Бала құқықтары туралы Конвенция, Әйелдер жағдайы туралы Конвенция және т. б. жатады. Бұл қүқықтарды сақтамаған мемлекеттерге ықпал жасау шаралары да қарастырылған. БҰҰ шешімі бойынша 10 желтоқсан жыл сайын дүние жүзінде адам құқығының күні ретінде атап өтіледі.
Қазіргі саяси ғылымда адам кұқығына байланысты әр түрлі көзқарастар бар. Оларға табиғи-тарихи, заңдық-позитивтік және марксистік түсініктер жатады.
Табиғи-тарихи бағытты жақтаушылардың ойынша, адамның табиғи құқықтарының пайда болуы мемлекетке не заңға байланысты емес. Бұл кұқықтарға адам дүниеге келгеннен-ақ, жаратылысынан ие болып туады, олар адамға туғанынан тән. Мемлекет бұл кұқықтарды сыйлап, қамтамасыз етуі немесе оларды бұзуы, басып-жаншуы мүмкін, бірақ оларды ешқашан еш адамнан тартып ала алмайды. Олар адамның табиғи, ажырамас құқығы болып табылады және әділеттіліктің табиғи, жалпыға бірдей және өзгермейтін заңдары деп есептеледі.
Заңдьлық-позитивтік бағытты қолдаушылар, керісінше, азаматгардың құқығынын пайда болар, шығар жері, көзі мемлекетте деп санайды. Жеке адамның құқығына тек қана мемлекет кепіл келтіріп, шарт бола алады. Олардың ойынша, қүқық пен заңның арасында айтарлықтай айырма жок. Жеке адамның құқығы құқықтың басқа жүйелерінен бөлек ерекшеленбейді және ол мемлекеттік құқықтың үстінен қарап, жоғары тұра алмайды. Азаматтардың кұқықтарының өзі мемлекеттің мақсат-мүддесіне және мүмкіншілігіне сәйкес өзгеріп отырады.
Марксизм де адам құқығын мемлекеттік құқыққа бағындырып, тәуелді етеді. Бірақ зандық-позитивтік бағытпен салыстырғанда, ол кұқықтың әлеуметтік-экономикалық, әсіресе таптық мәні бар деп сипаттайды. Ол құқықты үстем таптың заңға айналдырған еркі, қалауы деп үйретеді. Марксизм коммунистік қоғамда мемлекет те, саясат та, кұқық та болмайды деп уағыздайды. Соған орай ол жеке адамның құқығына жөнді мән де берген жоқ. Бұдан марксизм жеке адамның еркі мен құқығы жөнінде ештеме демеді деуге болмайды. Олар туралы бұрынғы Кеңес Одағының заңдарында бірталай баптар болды. Себебі, дүние жүзінің халықтарының алдында өзін-өзі әшкерелегісі келмеді, демократиялық мемлекет болып көрінгісі келді. Адамдарға берілген бостандық пен құқықты партия мен үкіметтің өз азаматтарына жасап отырған игілігі ретінде көрсетті. Бірақ тоталитарлық тәртіп кезінде оның бәрі сөз жүзінде ғана қалып отырды. Шын мәнінде, өмірінің барлық салалары, әсіресе бостандықты сүйіп, ол туралы ойын ашық айтуға тырысқан (Сахаров сияқты) азаматтардың жеке өмірі, тыныс-тіршілігі қатаң тоталитарлық бақылаудың астында болды, жеке адамның құқығы мемлекетке түгелдей тәуелді еді.
Қазіргі кезде әлемдік саяси ғылымда адам құқығына табиғи-тарихи тұрғыдан қарап, соған орай түсіну басым. Жалпы алғанда, "адам кұқығы" деген ұғымның өзі кең және тар мағынада қолданылады. Оның кең мағынасына жеке адамның құқығы мен бостандықтарының өте бай барлық түрдегі жиынтығы кіреді. Тар мағынасында мемлекет тарапынан берілмеген, ол тек конституциялық-құқықтық түрде жеке мемлекеттік шеңберде бскітілген кұқықты білдіреді. Оған ең алдымен өмірге келген кандай адам болмасын өмір сүруге құқығы барлығы жатады. Одан басқа адам құқығына кіретін жайлар мыналар: барлық адамдардың заң алдындағы теңдігі; тәннің дербес құқығы (тәнге жәбір келтіруге болмайды); адамзаттық ар-намысты сыйлау, оны қорламау; негізсіз, заңсыз тұтқындамау немесе ұстамау; дінге сену жөне ұждан бостандығы; ата-аналардың балаларын тәрбиелеуі; қанаушыларға қарсылық көрсету құқығы және т. с. с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет