1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


§ 2. Саяси жанжалдар мен дағдарыстарды реттеудің әдістері мен түрлері



бет50/60
Дата14.12.2021
өлшемі253,23 Kb.
#126183
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60
Байланысты:
Лекции 21-22


§ 2. Саяси жанжалдар мен дағдарыстарды реттеудің әдістері мен түрлері
Саяси салада жанжалдарды тудырмаудың, оны одан әрі өршітпеудің басты амалы - халықтың әл-ауқатын көтеру, елдің жоғары әлеуметтік-экономикалық дәрежеде дамуын қамтамасыз ету. Оған қоса қоғамның саяси мәдениеті биік болса, билік басындағыларға, заң органдарына деген сенім арта, беки түседі. Ал олар жеткіліксіз болса, саяси жанжалдар мен дағдарыстардың өрбуіне әкеледі.
Біраз жағдайда дау-жанжалдардың алдын алу үшін билік басындағылар әртүрлі әдіс-айлаларды пайдаланады. Мысалы, халық мүддесін қанағаттандыра алмаған жағдайда, сіздерді мынадай жарқын болашақ күтіп түр деп үміттендіреді, жұбатады. Бір үміттен кейін келесі үміттің оты жануы мүмкін. Ол үміт шиеленісті әлсіретуге әкеледі.
Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше түрі бар.
І. Дау-жанжалға бармау, одан қашқақтау әдісі. Мысалы, саяси қайратқер қарсы жақпен жанжалға түспеу үшін саяси сахнадан кетеді немесе кейбіреулер бастығымен істесе алмаса, істі насырға шаптырмау үшін өз еркімен жұмыстан кетеді.
2. Кейінге қалдыру әдісі. Қарсыласпен ерегіске бармай, "не істесең соны істе" деген сияқты, бәріне көніп жүре береді.
3. Саяси жанжалды мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардын өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.
4. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.
5. Аралық сот немесе арбитраждық сараптау әдісі. Мұнда қарсы жақтар дау, талас тудырған мәселені тексеруге өз еріктерімен үшінші жаққа береді. Оның шығарған шешімін екі жақта мойындайды. Мұндай жағдайда төрелік етуші қазы халықаралық құқықтың жалпыға бірдей ережелерін, елдің конституциялық тәртібін және т.с.с. шарт талаптарын басшылыққа алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет