84.Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өту маңызы.
2015 жылды Қазақ хандығының 550 жылдығы Республикамызда кең көлемде атылып өтілді. Атаулы күнді тойлау идеясын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған еді.
2014 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1448 «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын 2015 жылы тойлау туралы» атты бұйрығы шықты.
Қазақ Хандығының 550 жылдығын атап өту басты үш басты тұжырымдамалық негізде жүзеге асырылды:
1.Патриоттық: қазақ халқының Отанына сүйіспеншілігі
2.Ақпараттық: ғылыми көпшілік бағдарламаларды, ғылыми-танымдық деректі фильмдерді, қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы көркем фильмдер түсіру;
3.Ғылыми: Қазақ Хандығының құрылуы бойынша зерделеу мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми конференциялар ұйымдастыру
Қазақ Хандығының 550 жылдығын атап өту ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталды. Қазақ Хандығының құрылғанына 550 жыл толғанын дәлелдейтін тарихи еңбектердің ішінен қазақстандық тарихшы ғалымдардың Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и-Рашиди» еңбегін негізге алаып жан-жақты зерттеу нәтижесінде Мұхаммед Хайдар Дулати қазақ хандығының құрылған уақыты деп көрсеткен 1465-1466 жылдарды толық қолдауы негіз болды. Ұлы тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» деген кітабында Керей ханның Шу бойына көшкен уақыты ретінде Хижра жыл санауымен дәл осы жылды көрсеткен.Қазірде бүкіл әлем мойындап, алдағы дамуын қуатты 30 іргелі елдің қатарында болуды болжап отырған еліміздің мемлекет болып қалыптасуы мен алғашқы хандарымыз туралы тарихи мерекенінің атап өтілуінің еліміз үшін маңызы зор болды.
85.Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы және оның басым бағыттары.