1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы



бет57/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

Теміртау оқиғасы
Қарағанды облысында Қазақстанның тау-кен металлургиясының бірден-бір орталығын құру жоспарланды. Теміртауда Бүкілодақтық комсомол-жастар құрылысы мәртебесіне ие болған Қазақстандық «Магнитка» металлургиялық зауытының құрылысы іске қосылды. Республикамызға өзге де одақтас республикалардан, сондай-ақ социалистік мемлекеттер достастығы елдерінен жұмысқа келушілер саны көбейе бастады. Теміртаудағы құрылыста 25 мыңдай адам жұмыс істеген. 1959 жылы Теміртауға Болгариядан жұмысшылар келеді. Бұл жұмысшылар арнайы үйлерге орналасып, ас-ауқат жағынан да таршылық көрмеген. Ал, жергілікті жұмысшылар шатырларда, жертөлелерде жайғасқан болатын. Теміртау халқының күрт өсуіне байланысты жұмысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі алда тұрды. Барлық жұмысшыларға бірден пәтер жетіспей, олардың көпшілігінің вагондар мен барактарда, брезент палаткада өмір сүруіне тура келді. Сонымен қатар медициналық қызмет көрсету, мәдени демалыс орындары білім беру және дүкен, асхана, буфеттерден, әсіресе жаз күндері ауыз судан жергілікті халық тапшылық көрді. Бірақ бұл қиыншылықтардың барлығы өткінші ауыртпалықтар ретінде қарастырылды. Алайда өндіріс аясындағы дағдарыс одан әрі тереңдей берді. Мысалы, құрылыс материалдарының әкеліну кестесінің бұзылуы, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, апаттардың жиілеуі, техниканың бүлінуі, тұрып қалуының салдары құрылыстағы кадрлардың тұрақтамаушылығына әкеліп соқтырды.1959 жылғы 1 тамыз күні таңғы ас ішуге келген жұмысшыларды болгар жұмысшылары тамақтанып алғанша асханаға жібермей қойған. Содан соң құрылысшылар өз кезегіне шығудан бас тартады. жұмысшылар арасында наразылық туа бастады. 1959 жылдың тамыз айында жұмысшылардың жергілікті өкіметпен қақтығысы болды. Асханалар мен дүкендерде ойран салу әрекеттері басталды, көшелерде ереуілдер мен бүліншіліктер ұйымдастырылды, қалыпты өмір-салты бұзылды.
Бүліншіліктерді басу үшін милиция мен Қарағанды лагері әскерлері жұмылдырылды. Қару қолдану жағдайлары да болды. Бүліншіліктің үшінші күні зауыттарға әскер енгізілді.
Болған оқиғалар жайында Бұқаралық ақпарат құралдары ешқандай хабар бермеді. Бірінші кезекте бұл туралы облыстық, республикалық партия ұйымдарының басшыларына, сонымен қатар КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің басшыларына хабарланды.
КОКП ОК-і Президиумының бұйрығы бойынша кұрамында КОКП ОК-нің өкілдері, сондай-ақ Қазқстан коммунистік партиясының хатшысы Беляев кірген комиссия құрылды. Осы бойынша кінәлілер анықталып, жауапкершілікке тартылды. Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Исаев пен «Қазметаллургқұрылыс» тресінің бастығы Вишневский кінәлі деп жарияланды. Теміртаудағы бүліншіліктің негізгі себебі — жұмысшылар арасында тәрбиелік және саяси үгіт-насихат жұмыстарының қанағаттанарлық жағдайда жүргізілмеуі деп есептелді.Бірақ бұл оқиғалардың басты себебі елдегі басқару ісінің негізгі принциптеріне байланысты еді. Басты назар адам мен оның жеке мәселелерінде емес, өндірістік салада ғана болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет