Келесі кезең – экономикалық талдау қорытындыларын ескере отырып, пайда мен өзге де қаржылық нәтижелерді жоспарлау.
Келесі кезең – экономикалық талдау қорытындыларын ескере отырып, пайда мен өзге де қаржылық нәтижелерді жоспарлау.
Жоспарлау барысындағы басты мақсат – табыстарды максимизациялау, ол, өз кезегінде, шаруашылық жүргізуші субъектілерді дамытуда оның тұтынушыларының басым бөлігін қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өнім, жұмыс, қызметті өткізуден түсетін пайда кәсіпорынның баланстық пайдасы құрылымында жоғары үлеске ие.
Өнімді өткізу көлемінің артуы натуралдық көріністе пайданың артуына әкеледі. Сұранысқа ие өнімді өндіру көлемінің артуына күрделі салымдар көмегімен қол жеткізуге болады, ал ол пайданың өнімділігі жоғары құрал-жабдықты сатып алуға, жаңа технологияларды игеріп, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді.
Кәсіпорын пайдасыбағалар өсімі арқылы жоғары қарқындармен өседі. Бағалар өсімі қарқынынан жоғары болған оның орташа айлық өсім қарқындары алынған пайданы қалыптастырудың инфляциялық сипатын дәлелдейді.
Шаруашылық етудің тұрақты экономикалық жағдайларында өнімді өткізуден түсетін пайданы арттырудың негізгі жолы келесіден тұрады: материалдық шығындар бөлігіндегі өзіндік құнды төмендету.
Баланстық пайданы арттыру резерві болып кәсіпорынның негізгі қорлары мен өзге мүлкін өткізуден алынған пайда табылады.
Рентабельділік көрсеткіштерінің түрлері үш топқа жіктеледі: өнімнің рентабельділігі, өндірістік қорлардың рентабельділігі,кәсіпорынға салымдардың рентабельділігі.