(Т) «Түсініп оқы» айдары бойынша Қадыр Мырза Әлидің
«Арман» өлеңін оқулықтағы суретпен салыстыра отырып оқып,
өлеңнің әр тармағына сәйкес суретті табады.
Мақсаты: Өлеңді суретпен салыстыра отырып оқуға үйренеді.
Тиімділігі: Топ ішінде талдай отырып, өлең мазмұны мен сурет
мазмұнын салыстыра отырып оқуға дағдыланады.
Дескрипторы:
1. Өлеңнің әр тармағының мағынасын топта талдайды.
2. Әр тармаққа сәйкес суретті сәйкестендіреді.
ҚБ: Өзін-өзі бағалау.
(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың
өлең бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде
талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету.
Ертең – келешекте, өскенде деген мағынада
Жұмақ – рақат өмір
Пұшпағы – бөлігі, шеті
Түзімнің– бұл жерде: даламның деген мағынада.
(ЖЖ) «Дәлелде» айдары бойынша жұмыс. Егер тақырыбын өзгертсең, осы өлеңге қай тақырып лайықты деп ойлайсың? Балалар өлеңнің 1-жақта айтылғанын анықтап, «Менің арманым» тақырыбы сәйкес келетінін анықтай алуы тиіс.
Менің арманым.
Біздің армандарымыз.
Дескрипторы:
1. Сәйкес атауды анықтайды;
2. 2. Өз пікірлерін тұжырымдайды.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмала
ры.
|