18. Аналитикалық химияны оқыту әдістемесіндегі «ұйымдастыру» және «басқару» түсінігі.
Тақырыбы:Оқу процесін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген оқыту технологиясы
Жоспар
1. Ұжымдық оқыту тәсілі
2. Ұжымдық оқытудың мақсаты
3. Топпен жұмыс жасауда оқытудың тиімділігі
Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оқыту технологиясында өзгерістер болып жатыр.
Соның ішінде, ең бастысы, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар жасалуда.Бүгінгі таңда мұғалімнің ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, жеке, дарынды тұлға тәрбиелеу. Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың "менін” ашу, сол "менді” шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу. Кәсіби білікті мұғалім болу — заман талабы. Әрбір оқушы талантты. Әр оқушының өзіндік мүмкіндіктері бар. Сол мүмкіндіктерін ашуға қолайлы, жайлы ортаны ұйымдастыра білу, мұғалімнің міндеті. Оқытудың жаңа әдістері оқушыларды басқа қырынан танытуға, оқушыларды жан-жақты ашуға, әрқайсысының тұлғасын көре білуге, олардың мінез-құлықтарының ерекшеліктерін байқауға көмектеседі.
Адамша ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылатыны сөзсіз, бірақ біреуге аз, біреуге көп дегендей.
Менің негізгі қолданатыным оқытудың ұжымдық технологиясы. Ұжымдық оқыту әдісі дегеніміз оқу үрдісін төрт түрлі ұйымдастыру түрлері, яғни, жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық тәсілдер арқылы жүзеге асыру. Ұжымдық оқыту әдісі әр оқушының бір сәтте әрі оқушы, әрі мұғалім ретінде болатындай етіп оқу үрдісін белсендіре түседі. Оқу әрекетін ұйымдастыруда ұжымдық оқыту әдісі әр оқушының өз мүмкіндігін барынша қолдануға, ал мұғалімге әр балаға деңгейіне сай оқуына мүмкіндік туғызады. Мұндай оқыту түрі тек қана бірлесіп жұмыс істеу емес, сонымен қатар, жарысқа түсу, бәсекелесуді қарастырады ("ХХІ ғасыр – білім мен ғылым бәсекесінің ғасыры” Н.Назарбаев).
Ұжымдық іс-әрекет және оның құрылымы:
- Ұжымда бір мезгіл жұмыс жасау (ең қарапайым түрі);
- Жұптасып жұмыс жасау (2 оқушы);
- Топтасып жұмыс жасау, ең азы-3 оқушы, ең көбі-6-7 оқушы.
- Топаралық жұмыс, топаралық мақсат, міндет айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |