1.Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз


Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарға сипаттама беріңіз



бет60/72
Дата16.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#169056
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72
Байланысты:
биоррр

Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарға сипаттама беріңіз

Мемлекеттік ұлттық табиғи парк — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының бірегей табиғи кешендері мен объектілерінің биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қазақстанда қазіргі уақытта 14 ұлттық парк ұйымдастырылған.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – қоршаған табиғи ортаны қорғауға байланысты мемлекет және жеке адамдар тарапынан арнайы бөлініп қорғауға алынған жер телімдері мен су айдындарының жеке бөлімдері. Қазіргі кезде дүние жүзінде Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың саны 13 мыңнан асты, бұл Жер бетінің 8,5 %-ына тең. Халықар. жіктеу бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 10 топқа бөлінеді:
1. Қатаң түрде қорғалатын табиғи резерваттар;
2. Ұлттық саябақтар;
3. Табиғат ескерткіштері мен табиғаттың ерекше көрікті нысандары;
4. Табиғат қорғауға арналған резерваттар;
5. Қорғалатын ландшафтылар;
6. Табиғат ресурстарын сақтауға арналған резерваттар;
7.Антропол. резерваттар (адамның іс-әрекеттерімен жасалған нысандарды қорғау);
8. Жергілікті жердің өзіне тән табиғаты қорғалатын және түрлі мақсатта пайдаланатын аумақтар;
9. Биосфералық резерваттар;
10. Бүкіләлемдік маңызы бар тарихи және табиғи орындар.
Қазақстан Республикасы 2006 ж. 7 шілдесінде қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 4-тарауының 4-бабында респ. маңызы бар Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы түрлері: мемлекеттік табиғи қорықтар; мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар; мемл. табиғи резерваттар; мемлекеттік зоология саябақтар; мемлекеттік ботаникалық саябақтар; мемлекеттік дендрол. саябақтар; мемлекеттік табиғат ескерткіштері; мемлекеттік табиғи қорықшалар; мемлекеттік қорықтық аймақтар. Қазақстан бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға: 10 мемлекеттік қорықтар, 10 мемлекеттік ұлттық саябақтар; 3 табиғи резерваттар; 49 табиғи қорықшалар, 127 геологиялық табиғи-қорықтық қор, 5 қорықтық аймақ, 6 ботаникалық және 3 зоологиялық бақтар, 26 мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2 ірі резерват (Семей, Ертіс орманы) бар. Бұлардың жалпы аум. 2 млн. га-дан астам. Бұл көрсеткіш республиканың жалпы жер аум-ның 8%-ына тең. Халықар. стандарт бойынша әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10 – 12%-ы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бөлінуі тиіс. Мыс., мұндай көрсеткіш Германияда 31,5%, АҚШ-та 15,8%, Жапонияда 14%, т.б. 2008 ж. Дүниежүзілік мұралар комитетінің 32-сессиясының шешімімен ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне, Орт. Азия мен Қазақстан бойынша алғаш рет Қорғалжын қорығы мен Наурызым қорығы енгізілді.
1. мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер аумағы: 1) қорық режимi; 2) экологиялық тұрақтандыру; 3) туристiк және рекреациялық қызмет; 4) шектеулi шаруашылық қызмет аймақтарына бөлiнедi. 2. қорық режимi аймағында кез келген шаруашылық қызметке және мемлекеттiк ұлттық табиғи парк аумағын рекреациялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады және осы заңның 40-бабының 1-тармағында аталған мемлекеттiк табиғи қорық режимiнiң түрлерiне сәйкес келетiн қорықтық күзет режимi белгiленедi. 3. реттелмелi экологиялық туризмдi және мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бүлiнген табиғи кешендерi мен объектiлерiн қалпына келтiру жөнiнде iс-шаралар жүргiзудi қоспағанда, экологиялық тұрақтандыру аймағында шаруашылық және рекреациялық қызметке тыйым салынып, қорықтық күзет режимi белгiленедi. 4. туристiк және рекреациялық қызмет аймағы мемлекеттiк ұлттық табиғи паркке келушiлердiң реттелмелi қысқа мерзiмдi демалысы мен ұзақ мерзiмдi демалысы учаскелерiне бөлiнедi. туристiк және рекреациялық қызмет аймағында мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн тапсырыстық күзет режимi белгiленедi, оның аумағында реттелмелi туристiк және рекреациялық пайдалануға (аң аулаудан басқа), соның iшiнде рекреациялық жүктемелер нормаларын ескере отырып туристiк маршруттар, соқпақтар, демалу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын құруды ұйымдастыруға жол берiледi 5. шектеулi шаруашылық қызмет аймағында әкiмшiлiк-шаруашылық мақсаттағы объектiлер орналастырылады, әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауды ұйымдастыруды қоса алғанда, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктi күзету және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, оған келушiлерге қызмет көрсету үшiн қажеттi шаруашылық қызмет жүргiзiледi, рекреациялық орталықтар, қонақ үйлер, кемпингтер, мұражайлар және туристерге қызмет көрсетудiң басқа да объектiлерiн салу және оларды пайдалану жүзеге асырылады.
Елімізде гі ұлттық табиғи саябақтар
Елімізде 12 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған.

1. «Алтынемел»


2. Баянауыл
3. «Бурабай»
4. «Бұйратау»
5. Жоңғар Алатауы
6. Катонқарағай
7. «Көкшетау»
8. «Көлсай көлдері»
9. Қарқаралы
10. Сайрам-Өгем
11. Шарын
12.ІлеАлатауы
Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет