45-билет 1.Биологиялық алуан түрлілік конвенциясын түсіндіріп, ережелерін сипаттаңыз Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы — биологиялық алуан түрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық келісім.
1992 жылы 22 мамырда Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының конференциясында қабылданды. 1993 жылы Конвенцияға 168 мемлекет (оның ішінде Қазақстан Республикасы) қол қойды. Конвенцияға қол қоюшы мемлекеттер мынадай негізгі баптарды орындауға міндеттенді:
• әрбір мемлекет өз ресурстарын табиғат қорғау саласындағы саясатының негізінде қолдана алады және іс-әрекеттері өзге мемлекеттер мен өңірлердің табиғатына зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге жауапты;
• биологиялық алуан түрлілікті сақтау және тұрақты әрі тиімді пайдалану мақсатында басқа да ортақ мүддесі болған жағдайда мүмкіндігіне байланысты бірігіп іс-әрекет жасайды;
• биологиялық алуан түрліліктің құрамдарына, оны сақтауға және тұрақты әрі тиімді пайдалануға кері ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін процестерге, оның зардаптарына тұрақты бақылау (мониторинг) жүргізіледі;
• биологиялық алуан түрлілікті және оның құрамын анықтау, сақтау және тұрақты, тиімді пайдалану шараларын іске асыру мақсатында мамандарды оқыту және даярлау бағдарламаларын дайындайды және іске асырады, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетеді.
Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясының 15-принципінде айтылған сақтық шараларын қабылдау принципіне сәйкес осы Хаттаманың мақсаты осы заманғы биотехнологияны қолдану нәтижесі болып табылатын және биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға жайсыз әсер ете алатын кез келген тірі өзгертілген ағзалардың адам денсаулығы үшін тәуекелдерді ескеріп және трансшекаралық орын ауыстыруына ерекше назар аударып, оларды қауіпсіз беру, өңдеу және пайдалану саласында қорғанудың тиісті деңгейін қамтамасыз етуде көмек көрсету болып табылады.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Әрбір Тарап осы Хаттама шеңберінде көзделген өздерінің міндеттемелерін орындау үшін қажетті және тиісті құқықтық, әкімшілік және басқа да шаралар қабылдайды.
2. Адам денсаулығы үшін тәуекелдерді де ескере отырып, Тараптар кез келген тірі өзгертілген ағзалар алу, оларды өңдеу, тасымалдау, пайдалану, беру және сыртқа босату биологиялық әртүрлілік үшін тәуекелдерге жол берілмейтіндей немесе олар азайтылатындай етіп жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
3. Осы Хаттамада ештеңе де ешқандай жолмен халықаралық құқыққа сәйкес айқындалған мемлекеттердің аумақтық теңізі жөніндегі олардың егемендігіне және мемлекеттер өздерінің ерекше экономикалық аймақтарында және халықаралық құқыққа сәйкес олардың континенттік шельфтерінің шекараларында ие егеменді құқықтары мен юрисдикциясына, сондай-ақ халықаралық құқықта көзделген және тиісті халықаралық құжаттарда бекітілген навигациялық құқықтар мен бостандықтарды барлық мемлекеттердің теңіз және әуе кемелерінің жүзеге асыруына нұқсан келтірмейді.
4. Осы Хаттамада ештеңе де, осындай шаралар осы Хаттаманың мақсаты мен ережелеріне сәйкес келетін және халықаралық құқық шеңберінде осы Тараптың басқа міндеттемелерімен келісілетін жағдайда, осы Хаттамада көзделгеннен басқа биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану жөнінде қорғаудың неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз ететін шаралар қолдану жөніндегі Тараптың құқықтарын шектеу ретінде түсіндірілмейді.
4. Тараптар тиісті жағдайларда бар сараптамалық білімдерді, уағдаластықтарды және адам денсаулығы үшін тәуекелдер саласында құзырлы халықаралық форумдарда атқарылған жұмыстың нәтижелерін назарға аударады.