1—билет Паразитологияның қысқаша дамуы



бет17/73
Дата22.04.2023
өлшемі2,15 Mb.
#175165
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73
Байланысты:
Паразит жауабы

ЕМТИХАН БИЛЕТI № 6
1 Гельминтоздардың иммунитеті
2 Цестода класының жалпы сипаттамасы
3 Кокцидиидтар биологиясы



  1. Гельминтоздың иммунитеті әлі толықзерттелмеген. Иммунитеттің негізгі механизміжәне жалпы заңдылықтары инфекциялықаурулардың иммунитетіне ұқсас. Негізгіерекшеліктері иммунитеттің белсенділіктерініңтөмен болғаны және ауру жұқтырғанғабейімділігінің жоқтығы.

Гельминтоздардаиммунитет толық емес болып саналады.
Э.А.Давтян, Р.С.Шульцтің мәліметтерібойынша гельминтоз ауруларының иммунитетіүш түрлі болады:
1. Абсолюттік иммунитет – бұл түрде аурудыңешқандай клиникалық белгілері байқалмайды,жануарлар гельминттерге толық бейім болады.Гельминттердің инвазиялық сатылары ішектердіңшекарасынан өтпей, транзиттік жолымен сыртқыортаға, ауруды тудырмай түседі.
2. Тосқауылдық иммунитет – бұл түрдежануарлар гельминттерді жұқтырады, бірақолардың балаң сатылары организмнің әр түрліқорғаныс
тосқауылдарында (ішектің қабырғалары, тері,бауыр, лимфа түйіндері,
өкпенің ұлпасы және т.б.) тоқтап, сыртынанқапшығыменен оралып залалсыздандырады. Осыкезде жануарларда кейбір клиникалық белгілерібайқалады, мысалы асқорыту жүйесінің бұзылуы,нәжісіне қан араласуы, пневмонияның белгілеріжәне т.б.
3. Шектеулі иммунитет – бұл түрдегельминттер барлық тосқауылдардан өтеді, бірақ организмнің белсенділігі жоғары
болғандықтан гельминттердің өсіп-өнуі тежеледіжәне олардың саны, өлшемі, көлемі, дамудыңмерзімі, сақтануы төмендейді.

2. Цестодалар (грек сөзi «Cestos» – таспа, + «eidos» - бiтiмi) бітімі таспаға ұқсаған, жалпақ құрттар. Бұлар тудыратын ауруларды цестодоздар деп атайды. Таспалы, яғни жынысы жетiлген имагиналдық түрi омыртқалылардың асқорыту жүйесiн мекеңдейдi, ал олардың лавроцисталары (көпiршiктерi) немесе балаңқұрттары омыртқалы немесе омыртқасыздардың әр түрлi мүшелерi мен ұлпаларына орналасады. Малдәрiгерлiк, медициналық маңызы зор таспа құрттар екi текке бөлiнедi: Cyclophillidea - шынжыр құрттар (цепеньдер) және Pseudohillidea - баулы құрттар. Цестодтар жалпақ құрттар типіне, Cestoda класына жатады. Олар екі класс тармағына бөлінеді: Cestodaria және Eucestoda. Cestodaria тармағы бунақтары жоқ, аздаған гельминттер. Олар жалғыз Amphillinidae тұқымдасынан тұрады. Бұлар мекре тұқымдас балықтардың және тас бақалардың паразиттері.


Цестодалар таспа сатысында көптеген сүтқоректілердің ас қорыту мүшелерін мекеңдейді.
Шынжыр құрттардың денесi үш бөлiмнен тұрады: бас (сколекс), мойын (шейка) және бунақ дене (стробила). Таспа құрттардың ұзындығы, түрлерiне байланысты, бiрнеше миллиметрден бiрнеше метрге дейiн жетедi.
Сколекс құрт денесiнiң алдына орналасқан, көлемi, пiшiнi, құрылымы әрқилы, 2-4 сорғышы бар. Құрт сколексінің алдында тұмсық тәрізді өсіндісі болады, оның 1-2-3 қатарлы iлмекшелері болуы мүмкін (қарулы сколекс). Сколекс өзiнiң сорғыштары және iлмекшелерiмен iшектiң кiлегей қабығына мықтап бекінеді.
Мойын сколекстiң астыңғы жалғасы, дененiң бунақтарға бөлiнбеген жiңiшке тұсы. Мойыннан немесе өсу шебiнен (зонасынан) жаңа жас бунақтар қалыптасып, олар жетілген сайын, стробиланың артына қарай жылжи бередi. Құрттың ұзаруын және жаңа бунақтардың қалыптасуын қамтамасыз етедi.
Бунақ дене немесе стробила цестоданың мойнына жалғасқан және көптеген бунақтардан (буылтықтардан, проглоттидалардан) құралған. Жаңа пайда болған проглоттидаларда жыныс мүшелерi болмайды, одан кейiнгiлерiнде әуелi аталық, сонан соң аналық жыныс мүшелерi дами бастайды. Аталық және аналық жыныс мүшелерi толық қалыптасқан бунақтарды қызтекелiк, яғни гермафродиттiк бунақтар деп атайды. Жетiлген жыныс мүшелерi өзара шағылысқан соң, еркектiк ағзалар бiртiндеп өздiгiнен жойыла бередi, ал аналық мүшелері керiсiнше дараланады, бiрақ көп кешiкпей олар да жойыла бастайды, бунақ iшiнде тек қана жатыр қалады. Жатыры құрт жұмыртқаларына толы, ең соңғы бунақтарды жетiлген бунақтар дейдi. Жетiлген бунақтар күнделікті стробиладан үзiлiп (дестробиляция құбылысы), нәжiспен, саңғырықпен бiрге клиникалыққы ортаға таралады.
Жүйке жүйесi сколекске орналасқан бірнеше түйіншектерден басталады. Оның көлденең ұзын талшықтары бунақ денесiнен өтіп, өз - ара көлденең тармақшалармен жалғасады.
Таспа құрттардың асқорыту ағзалары болмайды, олар өз иесі iшегiндегi асты бүкiл денесiмен сору арқылы қоректенедi. Тыныс алу, қан айналу жүйелерi де болмайды. Несеп шығару жолдарының құрылымы сорғыш құрттарға ұқсас.

Жыныс мүшелерi. Еркектік ағзалары бiр немесе бiрнеше, тiптi көптеген ұсақ еннен (аталық бездерден) тұрады. Олардан ен түтiктерi басталып, бара- бара бiр-бiрiмен қосылып, соңында дара кең түтiкке айналып, жыныс тесiгiмен аяқталады және клиникалықынан жыныстық сауытпен қоршалады. Аналық мүшелерi тұқымдық аналық безден (көбiнесе бiреу ғана), тұқымдық түтiктен, тұқым қабылдағыш, уыздық, Мелис денешiгi, оотип, қынап және жабық жатырдан тұрады. Аналық және аталық жыныс тесiктерi әр бунақтың бүйiрiнен ашылады. Шынжыр құрттардың жұмыртқалары бiркелкi, сондықтан бұлардың түрлерiн ажырату өте қиын. Жетiлген жұмыртқалардың бiтiмi сопақ, дөңгелек не шар тәрiздi болады, клиникалыққы қабығы жұқа, нәзiк, iшiнде ұрығы


12 сурет. Шынжырлы (А) және баулы (Ә) таспа құрттардың құрылысы: 1 – еркек жыныс тесiгi, 2-жыныс сауыты, 3-ұрық түтiгi, 4-ұрық түтiкшелерi, 5- ендер, 6-бәтек, 7-қынап, 8-ұрық қабылдағыш, 9-Мелис денешесi, 10-уыздық, 11-тұқымдықтар, 12,13 – жатыр.
(онкосферасы) айқын көрiнедi. Онкосфера дегенiмiз алты iлмешектi ұрық. Ол қалың қабықшамен қоршалған, ал клиникалықын тарамдалған тағы бiр қабат эмбриофор қоршап тұрады. Онкосфера көбiнесе түссiз немесе сары, сарғышқоңыр түстi келедi.
Таспа құрттардың барлығы биогельминттер. Яғни олар ақтық және аралық иелерiнiң қатысуымен өсiп-өнiп отырады. Аралық иелерi денесiндегi балаңқұрттардың ларвалдық сатыларын ларвоцисталар деп атайды. Олар iшкi құрылысының ерекшелiктерiне қарай бiрнеше түрге бөлiнедi.
Цистицерк (сycticercus) iшi сұйыққа толған, клиникалықы қалың дәнекер тоқыма қабықпен (қапшық) қапталған көпiршiк. Бұның көлемi, пiшiнi, аталуы цестода түрiне, жасына, организмде орналасқан орнына байланысты. Көпiршiктiң iшкi герменативтi қабығына бiр немесе бірнеше сколекс (қарулы не қарусыз) орналасуы мүмкін.
Ценур көпiршiгi - мұның iшкi қабығында бiрнеше (ондаған, жүздеген) сколекстер болады және олар топ-тобымен оқшауланып тұрады. Ларвоцисталар әдеттесүтқоректiлерағзаларынаорналасады. Эхинококк (Echinococcus) - бiр камералы қос қабықты көпiршiк, iшiнде мөлдiр сұйығы бар. Бұлар сүт қоректiлердiң көптеген түрлерін зақымдайды. Қазақшасы “берiш”, “бершiмек”. Iшкi өсу қабығына иненiң жасуындай жүздеген, мыңдаған құрттың ұрық сколекстерi немесе протосколекстерi орналасқан. Шығарушы қалташаның өзiнде де протосколекстер болады, олардың өсiп-жетiлгендері қалташадан ажырап, сұйық iшiнде өте уақ дақтар сияқтанып көзге iлiнедi (эхинококк “құмы”).Кейбiр бершiмекте ұрық сколекстерi дамымайды, мұндайларын ацефалоциста деп атайды. Кей жағдайда көпiршiктiң iшiнде екiншi буын, оның iшiнде үшiншi буын (“немере”) ұрпақтар туындап отырады, олар эхинококктiң қабықтарын тесiп жарып, клиникалықына да шығып, өсуiн жалғастыра бередi.

Альвеококк (аlvecoccus) көптеген майда камералардан құралған көпiршiк. Эхинококкпен салыстырғанда оның көлемi кiшiрек, сұйығы аз, iшi “құрғақ”,


араның ұясына ұқсас, iшкi қабығы өте ұсақ протосколекстерге (“нүктелерге”) толы. Альвеококктың аралық иелерi адам мен кемiргiштер. Цистицеркоид (Cisticercoid)- микроскопиялық ұсақ ларвоциста, алдыңғы жағында жалғыз ғана сколексi бар, ал артқы шетiнде, “құйрықшасы”, яғни церкомер орналасқан. Цистицеркоидтердiң аралық иелерi сауытты орибатид
топырақ кенелерi, алтыаяқты жәндiктер және шаян тәрiздiлер.
Стробилоцерк (Ctrobilocercus) - мысық гидотигерасының дернәсілі – сколексы қаруланған болады, ұзақ мүшелеленген (жалған) денесінің соңы
шағын көпіршікпен жабылған.
Тетратиридий (Tetratiridium) - басы қарусыз, төрт сорғышы және ұзын
құйрық өсіндісі бар, ішіне кірген саусақ қолғаптары сияқты дернәсіл. Процеркоид (Procercoid) - лентецтердің дернәсіл сатысы, денесі ұзынша келген, алдынғы жағында тереңдеу жерлері (негізгі ботриялар), ал соңғы
жағында эмбрионалды ілгектермен қапталған шар тәрізді өсіндісі болады. Плероцеркоид (Plerocercoid) - лентецтердің дернәсіл сатысы, ұзындығы 1 метрге дейін барады, капсуласы және кірпікшелері жоқ, денесінің алдыңғы
жағында ботрийялар орналасқан.
Цепеньдердің (шынжыр құрттар) өсіп-өнуі клиникалыққы ортаға ересек
құрттардың жетілген бунақтар бөліп, таратуынан басталады. Оның іші толған құрт жұмыртқалары. Бунақ қабығы жиырылып немесе ыдырап, ішіндегі жұмыртқаларын мал жайылымдарына шашады. Мал жануарлар жайылымда құрт жұмыртқаларын шөппен немесе сумен қоса жұтып, цестодозды жұқтырады. Мал ішегінде жұмыртқадан босап шыққан онкосфералар қан тамырларына еніп, бүкіл ұлпаларға, ағзаларға тарайды. Олар өздерінің бейімделген ағзасына жеткең соң, құрттың түріне байланысты, әр түрлі ларвацисталарға (цистицерк, ценур, ехинококк т.б.) айналады. Ал, құрттың ақтық иелері ларвацисталармен зақымданған мал ағзаларын жеп, гельминттерді жұқтырады. Олардың ішегінде ларвацисталардан құрт сколекстері босап, ішектің кілегей қабығына бекініп, ересек таспа құртқа айналады.
Шынжыр құрттар бірнеше текке бөлінеді.
Тенияталар –Taeniata – тегі бiр ғана тенииде (Taeniidae) тұқымдасынан тұрады. Сколекстерi қарулы немесе қарусыз. Ересек құрттар адам мен ет қоректiлердiң iшегiнде тiршiлiк етедi, ал ларвоцисталары (цистицерк, ценур, эхинококк, альвеококктар) - сүтқоректiлердiң дене мүшелерi мен ағзаларын мекеңдейдi.
Аноплоцефалята - Anoplocephalata – тегі аноплоцефалиде (Anoploсehalidae) және авителлиниде (Avitellinidae) тұқымдастарына жіктеледі. Сколекстерi қарусыз. Құрттардың ересек сатысы тұяқты малдар мен кемiргiштердiң паразиттері, ал ларвоцисталары (цистицеркоид) – буынаяқтыларда дамиды.
Гименолепидаталар – Hymenolepidata – тегі екi тұқымдастыққа бөлiнедi. Олар: дипилидиелер (Dipilidiidae) мен гименолепидидилер (Нymenolepidata). Солекстерi қарулы. Ақтық иелерi - құс пен сүтқоректiлер, аралық иелерi әртүрлi омыртқасыздар. Ларвоцисталары - цистицеркоид;
Давенеаталар - Davaineata – тегіне жататын құрттардың да ветеринариялық маңызы зор. Олардың да сколекстерi қарулы. Ақтық иелері – әр түрлі құстар, ал аралық иелері - ұлулар немесе буынаяқтылар. Ларвоцисталары - цистицеркоид.
Баулы құрттардың (Pseudophillidea) құрылымы бөлекше келеді. Олардың сколексiнде сорғыштары және ілмекшелері болмайды, олардың орнына екi (немесе төрт) саңлаулары (ботриялар) бар. Жыныс мүшелерi өзiнiң құрылымы жағынан шынжыр құрттарға қарағанда, сорғыштарға жақынырақ келедi. Сорғыш құрттар сияқты, олардың жатыры жабық емес ашық, сондықтан қоршаған ортаға құрттың жұмыртқалары шығады. Баулы құрт жұмыртқаларының бiр ұшында, трематодалар жұмыртқалары сияқты қақпақшасы бар. Балаңқұрттары екі түрлі. Процеркоид – денесi ұзындау, алдыңғы жағында бiлiне бастаған саңлауы, ал артында шар тәрiздi қосалқысы бар. Аралық иелерi шаянтәрiздiлер немесе ескекаяқтылар. Плероцеркоид - ұзындығы 1 мм-ге жетедi, ботрийлерi айқындалған, қосымша иелерi-әртүрлi балықтар.
Лентецтердiң өсiп-өну циклі бес кезеңнен өтеді: 1) құрт жұмыртқасының судағы эмбриогенездік дамуы; 2) суда еркiн жүретін корацидийлік сатысы; 3) аралық иелері - ескек аяқтылар денесiнде дамыған процеркоид сатысы, 4) балық денесінде дамыған плероцеркоид сатысы; 5) ақтық иелері асқорыту жолдарында дамыған ересек сатысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет