Инфильтрат, абсцесстердің алдын алу
Егу кабинеттің мейірбикесі арнайы киімде жұмыс істеуі, инъекция орындағанда асептика және антисептика ережелерін сақтау қажет.
Инъекция техникасын дұрыс орындау қажет, бұлшық етке дәрі енгізу үшін тері асты май қабаты қалыңдығына сәйкес ұзын (8 см) ине алу қажет.
Инъекцияларды тек қана бір рет қолданатын стерильді шприцтермен орындау қажет.
Инъекция орындаудан алдын ұлпаларды мұқият пальпациялау қажет. Егер терең ұлпалардың тығыздалуы байқалса, бұл жерге инъекция жасауға болмайды.
Инені ұлпаларға «шапалақтап» салуға болмайды, өйткені стерильділік бұзылады, инені егу орны нақты анықталмай, ине қажетті тереңдікке енгізілмейді.
Майлы ерітінділерді, суспензияларды енгізу үшін алдымен шприцтің поршенін өзімізге қарай тартып, иненің тамырға түспегеніне көз жеткізу керек.
Тоңазытқышта сақталған ерітінділерді бірден енгізуге болмайды. Майлы ерітінділер 37-38 ºС-ке дейін жылытылады.
Инъекциядан соң дәрілік заттың сорылуын жақсарту үшін жылы қойылады.
Гипертониялық ерітінділерді (25 % магний сульфат ерітіндісі) жақсы сорылуы үшін новокаин немесе физиологиялық ерітіндімен араластыру қажет.
Санитарлық-эпидемиологиялық тәртіпті қатаң сақтау қажет.
Инъекциядан кейінгі абсцесстер жиі жамбас аймағында, әсіресе салмағы үлкен науқастарда, жиі әйелдерде байқалады. Анафилактикалық шок аллергиялық реакциялардың ауыр түрі болып есептеледі. Ол антибиотиктерді, сарысуларды, әр түрлі белокты және басқа дәрілік заттарды жиі енгізгенде пайда болады.
7.Науқас жағдайын сараптау
БАЛА ОРГАНИЗМІНІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бала организмінде туған уақыттан 14-18 жасқа дейін оның өсуі мен дамуына байланысты бірқатар анатомиялық және физиологиялық өзгерістер болады. Әсіресе бұл ерекшеліктер нәрестелерде және емшек жасындағы балаларда айқын көрінеді. Организм өсіп, қалыптасу кезеңдерінде де бұл өзгерістер әр түрлі дәрежеде білінеді.
Нерв жүйесі
Бала дүниеге келген кезде орталық және шеткі нерв жүйесі әлі толық жетілмеген болады. Балалар инфекцияларға, улануларға және психикалық жарақаттарға өзгеше ауыр жауап береді. Жергілікті белгілер жиі білінбейді. Бірінші орынға жалпы белгілер шығады (дене қызуының көтерілуі, құсу, іш өту). Сонымен қатар жарақатқа байланысты жалпы ауырғандық туындайды және психикалық реакциясы ұзақ уақыт сақталады. Сондықтан дөрекі жасалған манипуляциялардан кейін, жансыздандыру дұрыс өткізілмеу салдарынан ақыл – есі сақталу жағдайында болған балаларда жиі тұтықпа, қорқыныш сезімі, кіші дәретін түнде ұстамау – энурез жиі ұшырасады.
Бала психикасының жетілмегендігінен, науқас дәрігердің іс-әрекетін өткізуіне қарсылық білдіреді, шағымдарын айтпайды. Вегетативті нерв жүйесінің жетілмегендігі мен эндокриндік өзгерістердің болу салдарынан науқас балаларда ішек перистальтикасының бұзылыстары, іш қату, іш өту, аллергиялық реакциялар кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |