1Емдеу –саќтандыру мекемелерініѕ тїрлері жјне ондаєы медицина ќызметкерлер жўмысыныѕ ўйымдастырылуы


Артериялық қысымның көтерілуі кезіндегі алғашкы медициналық көмек



бет193/215
Дата10.08.2023
өлшемі2,65 Mb.
#179791
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   215
Байланысты:
КЛИНИКА лекция

Артериялық қысымның көтерілуі кезіндегі алғашкы медициналық көмек
Науқасты жатқызу;
Таза ауамен қамтамасыз ету;
Қысып тұрған киімдерін шешу;
Дәрігерді шақыру;
Бір таблетка нитроглицеринді науқастың тілінің астына салу;
Седативті заттарды беру - пустырник тұнбасы 20-30 тамшы, корвалол 15-30 тамшы, валокардин 15-30 тамшы. валерин экстракты 1 драже.
Асқазан мен ішегі ауыратын науқастарға жасалатын күтім және бақылау
Қазіргі кезде әртурлі асқазан-ішек жолдары ауруларымен, яғни асқазанның ойық жарасы, созылмалы гастрит, холецистит, панкреатит, энтерит, колит және т.б ауруларымен ауыратын науқастар ауруханалардың, сонымен қатар емханалардың терапевттік және хирургиялық бөлімшелерінде емделушілердің көп бөлігін кұрайды. Асқорыту жуйесінің ауруларының себебін, ағымын, диагностикасын және емін зерттейтін ішкі аурулардың бір саласы ол - гастроэнтерология. Асқорыту жүйесінің ауруларын анықтау ушін науқасты арнайы дайындауды талап ететін түрлі әдістер (ренгендік, эндоскопиялық, ультра дыбыстық) қолданылады
Ентігу – қан айналымның жетіспеушілігінің (сол жақ қарынша жетіспеушілігі) белгісі. Жетіспеушіліктің дәрежесін ентігудің күштілігіне қарап анықтауға болады. Ентігу алғашқы сатыларда физикалық күш түскенде ғана пайда болады. Кейде сөйлегенде, тамақ ішкенде байқалады. Сондай-ақ ауру соңында тыныштық күйіде пайда болады.
Демігу ұстамасы (жүрек астмасы) -өткір, сол жақ қарынша жетіспеушілігінің нәтижесі болып табылады. Ол көбінесе түнде кенеттен басталады. Науқасқа бірден оттегі жетпей қалады. Бастапқыда ентігу инспирациялық түрде жүреді. Кеуде торында күркілдеген сырылдар естіледі. Қызғылт түсті көбікті қақырық бөліне бастайды.
Жүректің жиі қағуы- бұл науқастың кеудесінде пайда болатын сезім, көбінесе жүректің бұлшық еті зақымданғанда пайда болады. Миокардит, миокард инфарктісі, жүрек ақауларында кездеседі. Анемия, невроз, қызба кезінде бұл белгі рефлексті түрде болады. Қалыпты жағдайда физикалық күш түскенде, жүгіргенде, толқығанда, уайымдаған жағдайларда пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   215




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет