2. БӨлім. ДӘрістер жинағЫ



бет1/19
Дата06.02.2022
өлшемі56,75 Kb.
#79790
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
ra001 001


2. БӨЛІМ. ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

2.1. Бөлім. Заттық құқықтың жалпы түсінігі.




Глоссарий
Меншік құқығы – ол субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Иелену құқығы – ол мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.
Пайдалану құқығы – ол мүліктен оның табиғи қасиеттерін алудың, сондай – ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
Билік ету құқығы – ол мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
Заттық құқық - ол құқылы тұлғаның немесе өзге тұлғалардың әр түрлі затқа деген заңмен танылап және қорғалатын билік ету құқығы.


Тақырып 1. Заттық құқықтар ұғымы және олардың түрлері.
Дәріс мақсаты: «Заттық құқық» - пәнін оқудың нысанасы – меншік құқығы мен өзге де заттық құқытардың құқықтық негіздерін, соның ішінде заттық құқытар ұғымы мен бегілерін, заттық құқытар түрін, олардың пайда болуы мен тоқтатылуы, заттық құқықтарды қорғау құралдарын оқып зерттеуге болады.
Дәріс бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Заттық құқықтар ұғымы
2. Заттық құқықтардың түрлері

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)


Осы замаңғы әдебиеттерінде «заттық құқықтар» ұғымы жиі қолданылатын, бірақ жеткілікті талданбаған ұғым болып табылады. Заттық құқықтар кезінде рим құқығына да егжей – теегжейлі қарастырылғанына қарамастан, осы уақытқа дейін орнығып қалыптасқан және барлық құқықтық жүйелер тани қоймаған ұғым. Заттық құқықтың көптеген қырлары постулат ретінде ұсынылып, теориялық тұрғыдан тиісінше дәлелденбеген. Алайда кеңестік заң әдебиеттерінде ең қолайсыз жағдайлар қалыптасты. Мұның себебі, заттық құқықтардың барлығы кеңес өкіметі жылдарында азаматтық құқықтан біртіндеп ығыстырылып шығарылды да, онда меншік құқығы ғана қалды. Сондықтан заттық құқықтар туралы бөлім азаматтық заңдардан шығарып тасталды, ал көптеген заңгерлер табиғатта заттық құқықтар деген жоқ, мысалы, кепіл заттық құқыққа жатпайды, абсолюттық құқық ретінде меншік құқығы ғана бар деп дәлелдей бастады. Қазіргі уақытта жағдай өзгерді. АК-ның II бөлімі «Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар» деп аталады, АК-ға меншік иелері болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтарына арналған арнайы бап (195-бап) енгізілген, заттық құқытардың жекелеген түрлері реттелуде. Алайда заң әдебиеттерінде заттық құқыиар ұғымы мен олардың белгілері анық шешілмеген. Оның үстіне, заңгерлер осы уақытқа дейін заттық құқықтар санаттарын бөліп көрсету қажеттініге күмән келтіреді.сондықтан заттық құқықтар ұғымына және олардың белгілеріне толығырақ тоқталамыз. Заттық құқықтар ұғымы зат, мүлік құқықтық қатынастар объектісі, мүліктік құқықтық қатынастар және басқа осы секілді ұғымдармен ажырамастай байланысты; бұл оқулықта олардың бәрі толық талданады. Сондықтан тек мыналарды атап өтеміз: заттық құқықтар мүліктік құқықтардың бір түрі болып табылады, зат мүліктің бір түрі ретінде заттық құқықтың объектісі болып табылады, заттар мен мүліктік игіліктер құқықтық қатынастар объектісі ұғымының негізі болады. Осындай бастапқы ұғымдарға сүйене отырып, заттық құқықтардың мынадай негізгі белгілерін анықтауға болады:
1. Мүліктік емес өзіндік құқықтардан өзгеше, заттық құқықтар мүліктік құқықтар болып табылады. Бұл заттық құқықтарды міндеттемелік құқықтармен біріктіреді;
2. «Тәнсіз мүлікпен» байланысты міндеттемелік құқықтар мен интелектуалдық меншік құқықтарынан өзгеше, заттық құқықтар белгілі бір айтарлықтай дара заттарға қатысты пайда болады. Сонымен бірге, заттарға қатысты міндеттемелік құқықтар да туындайтынын ұмытуға болмайды. Тектік белгілермен анықталатын заттарға қатысты заттық қатынастар туындай алмайды, тек міндетемелік құқық пайда болады. «Абсолюттік құқық объектісі қашан да дара анықталған болады. Атап айтқанда, мұның заттық құқықтарға, оның ішінде, меншік болмаса, онда осыған байланысты заттық құқықтық қатынас емес, тек міндеттемелік құқықтық қатынас туады;
3. Заттық құқықтар абсолюттық құқықтар болып табылады, бұл оларды интелектуалдық меншік құқықтарымен біріктіреді және міндеттемелік құқықтардан ерекшелендіреді. Заттық құқықтардың иесіне баршаның және әркімнің осы құқықтарды жүзеге асыруға кедергі келтірмеу міндеті қарсы тұрады.
4. Бұл белгіден келесі белгі – заттық құқықтарды қорғаудың абсолюттік сипаты, яғни заттық құқыққа қол сұғатындардан қорғау құқығы келіп шығады. Заттық құқықтарды ерекше заттық –құқықтық талаптардың көмегімен арнаулы қорғау құқралдарының болуы осыған байланысты;
5. Заттық құқықтарды заңның белгілеуін олардың белгісі деп есептеуге болады. Заңда көзделмеген жағдайларда да пайда болатын (АК-ның 380-бабы) міндеттемелік құқытардан өзгеше, заттық құқықтар заңда бектілуі тиіс (АК-ның 195-бабының 1-тармағы). Бұл ретте нақтылай түсетін екі жағдай бар. Біріншіден, олардың заңмен бектілуі бұл құқықтар заңда заттық құқықтар деп аталуы тиіс дегенді білдірмейді. Олардың мүліктік құқықтар санатына жатқызылуы және заң актілерінде көзделуі де жеткілікті. Олдар заттық құқықтардың белгілері болғанда заттық құқықтардың санатына жатықызылады. Мысалы, кепіл немесе сервитут заңда заттық құқықтар деп аталмаған. Кепіл АК-ның «Міндеттемелік құқық» бөліміне орналасқан, бірақ бұл оны заттық құқық деп тануға кедергі келтірмейді. Мұндай жағдай мынаған байланысты: кейбір құқықтар қатынастардың бір түрінде заттық құқық ретінде (кепіл ұстаушының барлық басқа адамдармен қатынастарындағы кепіл құқыцғы), келесі түрінде-міндеттемелік құқық ретінде (кепіл ұстаушы мен кепіл берушінің қатынастарындағы кепіл құқығы) қолданылады. Екіншіден, заңда практикада кездесуі мүмкін деп саналатын заттық құқықтардың түрлеріне сілтеме ғана баянды етіледі. Нақты заттық құқықтар, әрине , нақты заңдық фактілердің негізінде пайда болады;
6. Ілесе жүру құқығы. Заттық құқық заттың соңынан ілесе жүреді. Мүлікке меншік құқығының басқа адамға өтуі мүлікке басқа заттық құқықтардың тоқтатылуына негіз бола алмайды. Бұл ереже РФ Азаматтық кодексінде тікелей бекітлген (216- баптың 3- тармағы). ҚР Азаматтық кодексінде мұндай жалпы норма жоқ. Мұнда жекелеген заттық құқықтарға қатысты нормалар баянды етілген: кепілге салынған мүлікке құқық басқа тұлғаға көшуі кезінде кепілдің сақталуы(АК-ның 323- бабы), жалға берілген мүлікке меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы кезінде мүлік жалдау шартының сақталуы (АК-ның 559 – бабы);
7. Артышылық құқығы- заттық және міндеттемелік құқық бәсекеге түскенде ең алдымен заттық құқық жүзеге асырылуы тиіс.
8. Затқа нақты билік ету, яғни өз құқығын тікелей, үшінші жақтың ара ағайындығынсыз жүзеге асыру мүмкіндігі.
9. Әдебиеттерде заттық құқықтың тағы бір белгісі, атап айтқанда, Қазақстан Республикасына тән бір белгісі аталмаған: заттық құқықтар иесінің иелену, пайдалану, билік ету өкілеттігі болуға тиіс. Оның үстіне, құқық иесінің заттық құқық түрлеріндегі өкілеттігі түрліше болады. Меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы субъектілерінің әр түрлі көлемде болса да, толық өкілеттігі (иелену, пайдалану, билік ету) бар. Иелену, жерді пайдалану, жер қойнауын пайдалану, жалдау құқығы субъектілерінің иелену және пайдалану өкілеттіктері бар. Кепіл салу үстінде сақтаушы мен кепіл ұстаушының иелену өкілеттігі болады. Ипотека жағдайында кепіл ұстаушының мүлікке ішінара билік жүргізу құқығы болады. Сервитут иесінің пайдалану және ішінара иелену өкілеттігі бар.
Заттық құқықтарды бір басты белгілі – дара анықталған заттың объектісі ретінде әрекет ету белгісі біріктіретіндей болып көрінеді. Ерекше заттық-құқықтық талаптардың көмегімен баршадан және әркімнен абсолюттік қорғау белгісінің зор практикалық маңызы бар. Заттық құқық дегеніміз – заңда баянды етілген абсолюттік мүліктік құқық:1) объектісі –дара анықталған зат; 2) ерекше заттық –құқықтық талаптардың көмегімен баршадан және әркімнен қорғайтын арнайы құралдары бар; 3) құқық иесінде барлығын немесе жеке, толық көлемде немесе ішінара иелену, пайдалану немесе билік жүргізу өкілеттігі бар; 4) құқық иесіне затқа тікелей ықпал ету (затқа тікелей билік жүргізу) мүмкіндігін береді, оның ішінде меншік иесінің немесе басқа заттық құқық субъектісінің өкілеттігін жүзеге асыруын шектеу жолымен мүмкіндік береді; 5) ілесе жүру және артықшылық өкілеттігі бар.


Бақылау сұрақтары:

  1. Ұғымдардын анықтамасын беріңдер заттық құқықтар, меншік құқығы.

  2. Заттық құқықтардың негізгі белгілерін анықтаңыз.

  3. Бөтеннің мүлкіне құқықты калай жіктеуге болады.



Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет