2-дәріс Тақырыбы: Тіс техникалық материалдардың негізгі қасиеттері. Мақсаты


Пластмассаны полимерлік жолмен алу



бет12/27
Дата12.12.2023
өлшемі301 Kb.
#196489
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
Лекции МОС каз тезисы

Пластмассаны полимерлік жолмен алу.
Алынған пластмассаның физикалық, химиялык, көрсеткіштері жоғары
болуы үшін дұрыс температуралық тәртіп болу керек. Жоғарғы
температура полимерлік байланыстардың санын көбейтеді. Бүл
процесс экзотермиялық реакция бойынша жүреді. Массаның ішкі
температурасы 100°С аспау керек. Егер температура одан асып кетсе
мономер қайнап, буға айналады,пластмассаның құрамында кеңістіктер
(тесіктер) пайда болады.


Пластмассанын, физикалык, және механикалық көрсеткіштері жоғарыда


көрсетілген жағдайлардан төмендейтіндіктен полимеризация


кезінде температуралық ережені қатан сақтау керек.

Полимер мен мономердіқ қосындысын қамыр тектес кезеңінде қалыпқа


(кювета) салып пресс-станогымен 30-40 минуттай қысым түсіреді.




Сонан соң қалыпты 20-22° С суға салып, оның температурасын бір


сағаттың ішінде біртіндеп 100° С жеткізеді де, 30 минут осы


температурада ұстайды. Біртіңдеп судың температурасын төмендетіп


салқындатады, толық суыған кезінде қалыпты ашып, протезді өңдейді


(егелеу, әрлеу және жалтырату).

Өз бетімен қататын пластмассалар.


Бұл пластмассалардың құрамына сыртқы температураның әсерінсіз
полимеризацияға кіретін акрилатты пластмассалар жатады. Егер де
акрилатты пластмассалардың құрамында реакцияны тездсткіштср
(активатор) болса, сыртқы температураның әсерінсіз полимеризация
реакциясы жүргізіледі.

Өз бетімен қататын пластмассаларға протакрил, редонт 02,03, норакрил,


стадонт, карбопласт, акрилоксид және басқалар жатады. Булардың


құрамында дисульфаномин және диметилпаратолуидин активаторлары


бар.

Протакрил,редонт ортопедиялық стоматологияда сынған алмалы-

салмалы протездерді жөңдеу үшін және қозғалған тістерді бір-біріне


шеңдеу үшін қолданылады. Сонымен қатар ортодонтиялық


аппараттарды жасау үшін кеңінен қолданылады.


Пластмассалардың кемшіліктері.


Сыртқы температураның әсерінен көлемінің қеңею

коэффициентінің өте жоғары болуы;


Физикалық және механикалық қасиеттерінің төмен болуы

(оған алмалы-салмалы протездің сыну процесстерінің көп болуы жатады);

Пластмассаның құрылысы кетікті-тесікті болуына

байланысты ауыз қуысында микроорганизмдерімен және тамақ

қалдықгары қалып қояды, сөйтіп ауыз қуысының тазалығын

төмендетеді, жаман иіс пайда болады. Шай және кофенің әсерінен

өзінің түсін өзгертеді (қараяды).


Полимеризация реакциясынан кейін пластмассаның

көлемінің кішіреюінің коэффициентінің жоғары болуы 2% .

Бақылау сұрақтары:



  1. Полимерлер дегеніміз не?

  2. Полимерлерге қойылатын талаптар.

  3. Пластмассаның кемшіліктері.

Негізгі және қосымша әдебиет:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет