2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет110/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

 
ЕЛГЕ ТҮСІНДІРУ КЕРЕК 
Өзгеріс  күрт  болып,  күтінбеген  жұрттың  алдына  өмірінде  көрмеген,  естімеген  көп 
нәрселерді әкеліп үйіп төге тастады. Оның көбін орнына тұтынып, керегіне жарату жайын 
білмек  түгіл,  не  нәрсе  екенін  біліп,  әлі  анық  таныған  жұрт  жоқ.  Комитеттерді  бұрынғы 
старшын, болыс деп түсініп, соларша тұтынып жүргендері шүкірлік екен. Ел ішіне барған 
адам онан да сорақылықты ұшырататын көрінеді. 
Біз Торғай, Ақмола, Семей — үш облыс жерін көктей өттік. Сап жерде болдық, сан елді 
көрдік. Орыспен аралас отырған мәдениет жұрнағы бар елдерді де көрдік. Орыстан алыс 
отырған  анайылық  зор  елдерді  де  көрдік.  Бостандық  болып  Николай  хүкіметінің 
зорлығынан құтылдық деп өзгеріс болғанына қуанып отырған жерлерде болдық. Николай 
хүкіметімен  жылап  көрісер  едік  деп  Николай  заманы  мұң  болып  отырған  жерлерде  де 
болдық. Өзгерістен кейін болып жатқан істерді, құрылып жатқан хәкімшілік дүкендерін: 
комитеттері,  земстволары,  советтері,  автономиясы,  большевик  хүкіметі  барып,  бұларды 
дұрыс түсініп отырған елдерді де көрдік, қисық түсініп отырған елдерде де болық. Нағыз 
бостандықтың  өз  басын  да  өзгеше  түсініп,  өз  орнына  жұмсамай  отырған  жерлерде  де 
болдық.  Асылында  айтылған  заттардың  қайсысын  да  болса  анық  танып,  мәнісіне  қанып 
отырған  ел  түгіл,  адамдары  аз.  Газет  оқыған  адамдардың  да  көбі  я  газеттен  көргенін 
сақтап қала алмаған, я оқығанын жүдә қате ұғынған көрінді хәта зиялылардың арасында 
да  большевик,  меньшевик  деген  не  екенін  білмейтіндігін  сезгендері  болды.  Зиялылар, 
газет оқығандар ондай болып отырғанда оқымағандар қандай болмақ? 


101 
 
«Ақтаналау  болатын  жолымыз  қайырлы  болсын»  дегендер  де  болды.  «Хандық  қайырлы 
болсын» деп құттықтаушылар да көп болды. Земствоның мәнісі  —  елді жерге қазықтап, 
қала  салдырып,  солдат  әкелу  екен  деп  біліп,  земстводан  қашып  отырған  елдерді  де 
ұшыраттық.  «Большевиктердің  көздері  арбаның  дөңгелегіндей  болады»  дейді  ғой 
дегендерді  де  естідік.  «Қазаққа  большевик  болу  жөн  бе,  меньшевик  болу  жөн  бе»  деп 
сұрағандар  да  көп  болды.  Бостандық  мәнісі  —  мықты  ел  нашар  елді  шауып  алу  деп 
тұтынып отырған жерлер де де болдық. Ел екі жақ болып, жеңген жаты жеңілген жағын 
айдау,  абақты  қылуды  бостандық  деп  отырған  елде  де  болдық.  Сөз  бостанды:  көп  жағы 
сөйлеп,  аз  жағы  қарап  тұру,  қарап  тұрмаса,  ұру  деп  түсініп  отырған  жұртты  да  көріп, 
бостандықты аз түсініп, дәл орнына жұмсап отырған ел осында екен дедік. Қысқасы, бұл 
—  бостандық,  автономия,  земство,  большевик,  меньшевик  дегендер  не  екенін  біліп, 
мәнісіне қанып отырған адамдар аз, тіпті жоқ қасында. 
Сондықтан  халықты  осы  білмей  отырған  күйінде  қоюға  болмайды.  Бұ  күйінде  тұрса, 
өзгеріс  үйіп-төгіп  алдына  әкеліп  салған  нәрсенің  бірін  де  пайдаланып,  тиісті  орнына 
жұмсап,  іске  асыра  алмайды.  «Көзілдіріктің  мәнісін  білмей,  көзіне  киюдің  орнына 
құйрығына  татып,  төбесіне  қысып,  ақырында  түк  пайдасы  жоқ  нәрсе  екен  деп  тасқа 
лақтырып ұрған маймыл сияқты бостандық, автономия, земство сияқты халыққа пайдалы 
заттарды орнына жұмсамай, орынсыз жұмсап, безеріп шығуы ықтимал. Солай болған соң 
бостандықтан  басқа  автономиясы,  земствосы  һәм  басқалары  бар  —  бәрін  халыққа 
түсіндіру шарасын істеу керек. Олай ету шарасының асылы  — елге айырықша сол үшін 
адамдар  шығару.  Оған  даяр  тұрған  қолда  қаржы  жоқ.  Қаржы  жию  заман  осы  тұрған 
күйінде  қиын  жұмыс.  Айырықша  адамдар  шығару  қолдан  келмейтін  болған  соң,  қолдан 
келер  жағымен  амалдап  істеу  керек.  Ол  қолдан  келер  жағы  менің  ойлауымша  мынау: 
медіреселерде,  школдарда  оқып  жүрген  қазақ  жастары  елге  тарайтын  мезгіл  таянып 
келеді.  Солардың  қайсысы  барған  һәм  жүрген  жерлеріндегі  ауылдардың  халқын  жинап, 
жоғарыда  айтылған  заттардың  мәнісін  елге  түсіндіруді  борышы  деп  санаса  екен.  Ол 
заттардың  мәнісін  жұртқа  дұрыс  түсіндіру  үшін  әуелі  өздері  жақсы  білулері  қажет. 
Медіресе, школ бар жерлердегі зиялылар оқып жүрген жастардың бостандық, автономия, 
земство  не  екендігін  анық  білмейтіндері  болса,  елге  тарарда  түсіндіріп,  білдіріп  жіберсе 
екен.  Екінші,  ашыққан  қырғыз-қазақтарға  жылу  жинау  үшін  ел  аралауға  адамдар 
шықпақшы. 
Олар  һәм  жоғарыда  айтылған  заттарды  өздері  жақсылап  біліп  алып  шығып,  барған 
жерлеріндегі елдің адамдарын жинап, түскен, қонған жерде түсіндіре жүрсе екен. Үшінші, 
қай  жұмыспен  болса  да  елге  шыққан  управа,  комитет,  совет,  сот  ағзалары  жүрген 
жолында,  барған  жерінде  ауыл  адамдарын  қонған,  түскен  жерінде  жинап  алып,  анау 
айтылған  заттардың  мәнісін  халыққа  түсіндіріп  отырса  екен.  Төртінші,  ел  ішіндегі 
мұғалімдер  бостандық,  автономия,  земство  һәм  басқаларының  жайын  жақсы  білетін 
адамдар өздері білгенімен қоймай, өзгелерге түсіндіріп, білдіру жұмысын ұлт алдындағы 
зор борышының бірі деп білсе екен. 
Осылай  істелсе,  арнап  адамдар  шығарғандай  болмағанмен  жұрттың  көбі-ақ  түсінбей, 
білмей, хәта естімей отырған заттарынан хабардар болып қалар еді. Медіресе, школдарда 
оқып, жаз елге жұмыспен я жұмыссыз тарайтын жастар, жылу жиюға елге шығайын деп 
отырған  адамдар,  елге  қызмет  бабында  баратын  зиялылар,  ел  ішіндегі  мұғалімдер 
бостандық,  автономия,  земство  һәм  басқаларының  жайын  жақсы  білетін  адамдар  бұл 
жазылған сөзді құлақтарыңа алыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет