72
қаншасыңдар, аттарыңды атап, сандарыңды санауға он саусағым еркін жетеді. Бас-аяғың
онға толмайтын оңбағандар жалған ұран шығарып, жай білмейтін жатқа жарамсақтанып,
жақынға жала жауып, жақсы атқа ие болғансып отырсыңдар. Шын ұлтшыл екендеріңді
білейік, жұрт соңдарыңда екенін көрейік, майданға шық, топқа түс. Елден қалсақ
арманымыз жоқ, арттарыңнан ерейік, болмаса сендер кімсіңдер? Сендер «күні бойы сабан
тартып шаршап келе жатырмын» деген өгіздің мүйізіндегі шыбынсыңдар.
Естеріңде болсын, санасыздар, халық қылып Құдай жаратқаны рас болса, жоғалмаспыз.
Мұнан да кедей күнімізде тойға барғанбыз, басымызды көтеріп, есімізді жиып, жұрт
болармыз, сендермен сонда сөйлесерміз!
Алаш, саған айтамын: адаспа, жасыма, қажыма! Арамза туған ұлдарың сендермен күшейіп
отырған жоқ, оны есіңнен шығарма!
Тағдырсыз іс болмас. Алланың басқа салғанын әлде болса да көрерміз. Алаштың азаматы
зорлықшыл хүкіметтен құтылып, теңелдік деп төбесі көкке жеткендей қуанып еді. Жыл он
екі ай болмай, бұрынғы қорлық басымызға қайта туса, басымыз айдауға, малымыз
байлауға душар болатын болса, бұ да тағдырдың ісі шығар, шыдадық. Бірақ жұртым мұны
өзгеден көрме, өзіңнен көр. Жасыма, Алаш, жасқанба! Аз күнгі қуанышқа сүйінбе,
уақытша қайғыға күйінбе. Ақыл-ойыңды алысқа жұмсап, жұрт болудың қамын қыл. Кім
дос, кім қас — мұны да бірақ ұмытпа!
Достарыңызбен бөлісу: