2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет95/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

Сұңқар 
 
 


86 
 
ЖЕР МӘСЕЛЕСІ 
Петроградтағы кіндік переселен мекемесінің бастығынан Семейдегі переселен мекемесіне 
һәм  советке  келген  телеграмға  қарағанда  ішкі  Россия  жақтан  крестьяндар  біздің  жаққа 
көше  бастаған  көрінеді.  «Бұларды  орналастыруға  тезірек  қам  қылыңдар  және  де  осы 
жұмыс  үшін  переселен  мекемесінде  қандайлық  өзгеріс  болуға  мүмкін,  соны  тоқтаусыз 
телеграф арқылы бізге білдір» деген бас мекемеден осындай әмір келіп отыр. Бостандық 
туғаннан  бері  қай  жерде  болсын,  переселен  мекемесі  қазақ,  крестьяндардың  сиезінің 
қаулысы  бойынша  өлген  еді.  Енді  мына  телеграмға  қарағанда  бұл  мекеме  қайтадан 
тірілмекші.  Осы  сөз  Семейде  болып  жатқан  обласной  крестьян  сиезіне  түсіп,  мейлінше 
қағылды. Сөз тартысында төмендегі дәлелдер мәлім болды: 
1.  Бұрынғы  Уақытша  Хүкіметтің,  осы  күнгі  совет  хүкіметінің  шығарған  заңы  бойынша 
переселен мекемесінің мойнына алайын деп отырған мына жұмыстары жер комитеттеріне 
тапсырылған.  Сондықтан  бір  жұмысқа  екі  мекеменің  ортақ  болып  мінгесуі  қандайлық 
қажет? 
2.  Семей  облысында  қанша  жер  бар,  түсі,  түгі  қандай,  бір  облыстың  шаруасына 
қарсыластырғанда  артық  жер  бола  ма,  жоқ  па  —  бұл  ,әлі  бізге  мәлім  емес  екен.  Қазақ 
жерін алғанда артықтығын біліп алмайды, тек келгендерді отырта беру үшін ғана алыпты 
(бұл сөздер Семейдегі переселен мекемесінің бастығының сөздері). 
3.  Переселен  мекемесінің  бұрынғы  істеген  жұмысы  қазақ  пен  крестьян  ортасына 
кемпірназ өкпе кіргізіпті. 
4. Переселен мекемесі  бетімен келген крестьяндарды орналастыра берсе, бірінші,  тұрған 
жұрттың шаруасын күйзелтпек, екінші, жер мәселесін құрылтайдан бұрын өзіміз шешкен 
болып табылмақ. 
Осы  айтылған  дәлелдер  бойынша  крестьян  сиезі  қазақ  комитетінің  ұсынған  жобасын 
өткізді: 
1. Жер әбден өлшеніп, топырағы, түгі  байқалып, тұрғын  жұртының шаруасына лайықты 
жер тигенше сырттан крестьяндар алынбасын. 
2. Осы қаулы телеграм арқылы Петроградқа білдірілсін. 
3. Бірен-саран келіп қалған крестьяндар болса, олар артық жері бар крестьян қалаларынан 
енші алсын. 
4. Переселен мекемесі обласной жер комитетіне бағынсын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет