2. Медициналық тауарларды жіктеу және кодтау Металл емес материалдар. Резеңкеден жасалған медициналық бұйымдар


Физиологиялық және көзілдірік оптика: көзді түзету және қорғау құрылғылары, көзді түзету құралдарын бақылауға арналған аспаптар



бет32/33
Дата11.01.2022
өлшемі59,3 Kb.
#129232
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
рк 4

Физиологиялық және көзілдірік оптика: көзді түзету және қорғау құрылғылары, көзді түзету құралдарын бақылауға арналған аспаптар.

Офтальмологиялық оптика бөлімі – көзді қорғау және көруін түзеті құралдарын зерттейтін көзілдірік оптикасы. Көздің көруін түзетуге қолданылатын негізгі приборға линзадан және оправадан тұратын көзілдіріктер жатады. Көзілдіріктермен қатар тікелей қасаң қабаққа салынатын жанаспалы линзалар кеңінен қолданылады.Көзілдірік линзалары түссіз бейорганикалық әйнектен немесе полимерлі материалдан дайындалуы керек.

Оң және сол жақ көздің көруін түзетуге арналған көзілдірік линзалары («йнектен және полимерлі материалдан) шығарылады.

Дайындау технологиясы бойынша линзалар желімделген, біріктірілген және бүтін болып бөлінеді; оптикалық орталығының номиналды орналасуныа байланысты – орталықты және орталықты емес болып бөлінеді.

Аметропияны оптикалық түзету аймақтарының санына байланысты көзілдірік линзалары афокальды, бір фокальды, бифокальды және үш фокальды болып бөлінеді.

· Афокальды линзалар – әрбір меридианальды кесіндісінде оптикалық әсері нөл болатын линзалар, яғни олар бейнені фокустамайды.

· Бір фокальды линзалар – аметропия, астигматизм және анизометропия кезінде түзетудің негізгі құралдары. Олар рефракция аномалиясы кезінде бейненің торлы қабатқа түсуін қамтамасыз етуге арналған.

· Бифокальды және үш фокальды линзаларкөзден әртұрлі қашықтықта орналасқан заттарды көруді жақсарту үшін қолданылады. Бұл линзалар аккомадациялық қабілеті төменденген кезде қолданылады (пресбиопия кезінде). Линзаның оптикалық күші біртіндеп жоғарыдан (алыстағы заттарды көруге арналған) төмен (жақындағы заттарды көруге арналған) қарай өзгереді.

Бифокальды линзаларды бір әйнектен дайындайды және үстіне шлифовка және тегістеу арқылы сындыру күші басқа аймақты түзеді (бүтін линза) немесе сындыру күштері әртүрлі екі әйнекті бір-біріне жабыстыру арқылы дайындайды (жабыстырылған линза).

Көру ақауларын түзету мүмкіндіктеріне байланысты көзілдірік линзалары стигматикалық және астигматикалық болып бөлінеді.

Стигматикалық линзалардың әрбір меридиандық кесіндісінде сындыру күштері бірдей болады.

Астигматикалық линзалардың екі өзара перпендикуляр орналасқан басты кесінділерінде сындыру күштері әртүрлі болады, сондықтан оларды басты кесінділерінде рефракцияның әртүрлоі комбинацияларымен шығарады.

Стигматикалық линзаларда екі беті де сфералы болады, ал астигматикалық линзада ойыс беті сфералы, дөңес жағы торикалы (торический) болады.

Көздің қитарлануында және көз бұлшық етінің әлсіреуінде призматикалық көзілдірік линзалары қолданылады. Олардың геометриялық орталығында берілген призматикалық әсері болады.

Көзілдірік линзалары оң, теріс және оң-теріс болуы мүмкін Оң линзаларды «конвекс» деп атайды, ал теріс линзаларды «конкав» деп атайды.

Көзілдірік – қарапайым және күрделі оптикалық жүйелер, олар аметропияны түзету үшін және аккомадацияның бұзылуында, сонымен бірге көздің бұлшық ет аппаратының жеткіліксіз боллуында қолданылады. Түзететін көзілдіріктер линзадан және линзаның көзде дұрыс тұруын қамтамасыз ететін оправадан тұрады.

Көзілдірік оправасы келесі талаптарға жауап беруі керек: ауыртпау керек, сонымен бірге бет терісімен жанасқанда ауыртпалықты және қысым түсірмеу керек; беті ластанудан оңай тазалануы керек; эстетикалық нормаларға сай келуі керек.

Көзілдірік оправасы келесі бөліктерден тұрады: беттік бөлігі немесе рамка және оған шарнир арқылы бекітілетін құлаққа ілетіні.

Көзілдіріктер тек көруді түзету үшін ғана емес, сонымен бірге көзді күн сәулелерінен, сонымен бірге қауіпті және зиянды өндіріс факторларының әсерінен қорғау үшін де қолданылады.

Жарықтан қорғайтын көзілдірік линзалары көзді әртүрлі өндірістік операцияларды орындау кезінде ультракүлгін және инфрақызыл сәулелердің әсерінен, сонымен бірге ашық түскен күн сәулесінен қорғау үшін қолданылады..

Қорғаныш көзілдіріктері көзді балқыған металдан, газдардан, ультракүлгін сәулелерден, көрінетін және инфрақызыл сәулелердің әсерінен және басқа да зақым келтітетін факторлардың әсерінен қорғайды.

Жанаспалы линзалар – ооптикалық көмектің ең тиімді түрлерінің бірі. Олардың көзілдіріктерден айырмашылығы жан-жағындағыларға көрінбейді.

Жанаспалы линзаларды көз алмасының алдыңғы бөлігіне кигізеді, олар көзбен бірыңғай оптикалық жүйені құрайды. Көздің көру бағыты өзгергенде жанаспалы линза көз алмасының қозғалысын қайталайды.

Жанаспалы линзалар негізінен жоғары дәрежелі миопия кезінле, анизометропияда, афакияда, кератоконуста, дұрыс емес астигматизмде және жоғары дәрежелі астигматизм кезінде қолданылады.

2.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет