2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы



бет58/72
Дата05.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#12789
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72
Боларсың


Асқар таулар, биікпін деп бәлсінбе,
Төмпешікпен сен де теп-тең боларсың.
Асау дария, айбат шекпе әлсізге,
Күнің жетсе, сен де тепсең боларсың.


Асыр салған тағылары таулардың,
Алыс емес сені түгел аулар күн.
Дарияның дархандығын даулар кім,
Есең кетсе – сен де кещем боларсың.


Бұл жалғаннан жарлымын деп түңілме,
Бағың жанар күндердің бір күнінде.
Үкім айтып үбір менен шүбірге,
Көкжал сынды сен де өктем боларсың.


Дүниеде не бар сүйген жарға тең,
Ахиретке бірге әкеткен бар ма екен?
Имансызға қайда-дағы тар мекен,
Иман болса – сенде кеп-кең боларсың.


Жақсылардан жырақ кетсең мұңайма,
Адам түгіл, аласарар Құдай да.
Көңіліңді болса мың айла
Мұратыңды бастан тепкен боларсың.


Лұқпанша дертке дауа тапсаң да,
Рүстемше жынын жаудың қақсаң да,
Ескендірше жердің жүзін шапсаң да,
Бәрібір сен жермен жексен боларсың.


Мақтымқұлы, көзіңді сал маңайға,
Орныңды тап, оң солыңды абайла.
Тәлім алып, тәлім беріп талайға,
Сөйлей - сөйлей сен де сөзшең боларсың.


Ақырзаман аузым барып айттым көңіл қайғысын-
Ақырзаман қалмады ма жақындап?
Шариғатты ұмыттық біз пайда үшін-
Ақырзаман қалмады ма жақындап?


Молдалардың ілімменен ісі жоқ,
Бір-бірімен айтысады кісінеп,
Пиғыл жаман, түсінетін кісі жоқ-
Ақырзаман қалмады ма жақындап?


Мүфтеге ел пітір, зекет төлейді,
Ала-ала құлқындары кеңейді.
Пиіл кетті, ауру-сырқат көбейді-
Ақырзаман қалмады ма жақындап?


Дүмше алады, демейді ол күнә артам,
Бермегенің мойныңда қыл арқан,
Шариғатпен жұмысы жоқ кіл арсан-
Ақырзаман қалмады ма жақындап.


Ишандар жүр қаза қылып намазын,
Қызыққа бар көруге жоқ азабын,
Садақаға аударған бар назарын-
Ақырзаман қалмады ма жақындап?


Ақ сәлдесін орай салып шекеге,
Сопылар жүр барып қайтып меккеге,
Ұқсайды олар күйесі азған текеге,
Ақырзаман қалмады ма жақындап?


Шейх біткер жаназаға таласып,
Бір-біріне ала көзбен қарасып,
Өлген жанға көрген емес жаны ашып-
Ақырзаман қалмады ма жақындап?


Қожалар жүр артықтығын елге үндеп,
Арғы атамыз Қиям Асамеддин деп,
Артық туған қалайша енді жөн жүрмек-
Ақырзаман қалмады ма жақындап?


Төрағасы дөкірленіп барады,
Көзді жұмып, алады да параны,
Бет бақтырмай аппақ дейді қараны-
Ақырзаман қалмады ма жақындап?


Бай біткенде болған емес мырзалық,
Жоқ оларда ауызбірлік, ырзалық,
Табанында ойбай салып кіл ғарып-
Ақырзаман қалмады ма жақындап?


Әкелер мәз жебір болып ұлы өссе,
Шешелер мәз жеңіл болып қыз өссе,
Дүниені бүлдіріп жүр не сабаз-
Ақырзаман қалмады ма жақындап?


Әдеп кетті, ұят кетті жастардан,
Ойнап күлу, оларда жоқ басқа арман,
Бұл сөзімді, табылар ма қостар жан,
Ақырзаман қалмады ма жақындап?


Заман-жаман, ері кетті мойнына,
Ала шұбар жылан кірді қойнына.
Опасыздар ой салады ойлыға-
Ақырзаман қалмады ма жақындап?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет