49
әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру). 7
-9-
сыныптарда
картамен жұмысты нәтижелі деңгейде күшейту ұсынылады.
Ол үшін тарихи
дереккөздерді пайдалана отырып, тарихи картаның мазмұнын талдауға
бағытталған тапсырмаларды қолдану қажет.
Тарих сабақтарында себеп
-
салдарлық байланыстарды анықтау бойынша
тапсырмалар білім алушылардың
белгілі бір оқиғалардың себептері мен
салдарын анықтап қана қоймай, оларды берілген белгілер бойынша (мазмұны,
уақыты мен рөлі бойынша) жіктей алатындай түрде
әзірленуі
керек. Бұл білім
алушылардың әртүрлі себептер арасындағы байланыстарды тауып, оларды
маңыздылық
дәрежесі бойынша саралай алуына мүмкіндік береді.
Тапсырмаларды құрастыру кезінде тарихи дереккөздерді түсіндіру
дағдыларын дамытуға ерекше назар аудару керек. Білім алушылардың тарихи
дереккөздермен жұмысы олардың жасы және танымдық мүмкіндіктері, сондай
-
ақ дайындық деңгейін ескере отырып, біртіндеп күрделене түсуі керек. Оқу
процесінде тарихи деректер, аудио және бейне материалдар, иллюстрациялар
сияқты әртүрлі дереккөздерді пайдалану ұсынылады.
«Құқық негіздері» пәнін оқытуда практикаға
-
бағдарланған тәсілді іске
асыру ұсынылады. Оның мәні алған білімді күнделікті іс
-
әрекетте тәжірибеде
қолдану дағдылары қалыптастыру болып табылады. Жаңа тақырыпты зерттеу
кезінде НҚА жұмыс істеу, нақты заңдық нормаларға сілтеме жасау және білім
алушылардың өмірлік жағдаяттарды
шешуде құқық нормаларын қолдану
дағдыларын дамыту ұсынылады. Білім алушылардың
тиісті сөйлеу мәнерін
қалыптастыру мен
заң терминологиясын дұрыс қолдануға бағыт беру керек.
Жауаптарын
құқықтық тұрғыдан дәлелдеу дағдыларын қалыптастыруға назар
аудару ұсынылады. Сабақтарда коммуникативтік дағдылар, құқық нормасын
дәлелді қолдану дағдыларын дамытуға баса назар аудару қажет. Барлық
тапсырмалар тәжірибелік болуы керек, заңдық құжаттардың қарапайым
формаларын
әзірлеуге бағыт беру ұсынылады
Пәндерді оқытуда әртүрлі белсенді әдістерді және оқыту стратегияларын
қолдану ұсынылады. Мысалы:
-
«Кейс стади»: білім алушылардан өз тұжырымдарын жасау, мәселенің
шешімін табу, өз көзқарасын дәлелдеу, гипотеза ұсыну, зерттеуді жоспарлау
қабілетін талап ететін проблемалық жағдаяттарды
жасау;
–
белгілі бір тақырыптар бойынша
«миға шабуыл», «фишбоун»,
«авторлық орындық»
әдістерін қолдану
;
–
білім алушылардың белсенді қатысуын талап ететін құқықтық
жағдайларды талқылау;
–
білім алушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту үшін (әртүрлі
тақырыптар бойынша талқылау және пікірсайыс) цифрлық ресурстар мен
компьютерлік
коммуникация
(мәселен,
онлайн
-
форум,
конференция
,
виртуалды
-
музей экскурсиялары) құралдарын пайдалану
.
Достарыңызбен бөлісу: