ІІ Тарау. Шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың
ой - өрісін дамытудың жолы ретінде.
2.1 Ойлау қабілетін дамыту.
В.Боголовский, А.Ковалев, А.Степанов жетекшілігімен шыққан «Жалпы психологиясында» «Ойлау - психикалық үрдіс, сол арқылы адам шынайы құбылыстың және заттың нақты белгілерін бейнелейді және сонымен қатар, олардың арасындағы түрлі байланыстарды ашады» делінген. «Психологиялық сөздіктің авторлар ұжымы ойлаудың мазмұнын оқыту үрдісімен баланыстырады: «Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше ойлай білуге үйрету. Ойлауды бірдей уақытта дамыту және белсенділендіру оқушыларды білімді, дағдыны нәтижелі меңгеруі үшін, болашақ танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке оқушыларды дайындау үшін қажетті шарт болып табылады» Оқыту мақсатын сипаттауда үрдіс ретінде ойлаудың ерекшелігі бейнеленген, оқушының білім мен ойлау қабілетінің өзара байланысы көрсетілген. Педагогикалық психологияда соңғы он жылда ойлауды есептеп шешу үрдісі ретінде анықтау кең тарады. (Г.Костюк және т.б.) Осы багыттагы ойлау қабілетінің маңызын С. Рубинштейннің мынадай сөзімен келтіруге болады: «ойлау қабілеті мәселеден басталады».
Психологияда ойлау жаңа мәселені шешу ретінде жиі түсіндіріледі. Бірақ, ойлау қызметі жаңаны ашумен шектелмейді, онда меңгерілген білімді іріктеу, бағалау сәті де бар, яғни тек шығармашылықты ғана емес, сонымен бірге репродуктивті және конструктивті элементтерден де тұрады.
Шынайы оқыту үрдісінде оқушыға мұғалім көмегінің үлкен мәні бар және оның ішінде мәселені шешудің амалының да кіруі мүмкін. Сонымен бірге ойлауды зерттеудің дүрыс емес дәстүрінің бірі шынайы ойлау үрдісінде үлкен роль атқаратын репродуктивті аспектілерді елемеу болып табылады.
Ойлаудың дидактикалық анықтамасы әлі қалыптасқан жоқ, себебі соңғы уақытқа дейін білімнің бұл тарауы дидактикадан да, жеке әдістерден де алынып тасталды. Соңғы жылдардың дидактикалық жұмыстарында ойлаудың анықтамасын психология тұрғысында «...іс-әрекеттің сараптамалық-синтетикалық амалдарымен берілетін шынайылықтың жалпы бейнеленуі түрінде» іс-әрекеттің тәсілі және білімді меңгеру ретінде беріліп жүр. Оқудағы ойлау мәселесін қарастыру дидактикалық сипатта болса да бұл анықтама ойлаудың философиялық және психологиялық анықтамаларында негізделеді
Оқыту өзінен кейін дамуды алып жүреді. Оқыту үрдісінде дамудың жақын аймағы, яғни, үлкендердің көмегімен мәселелерді шешу деңгейі мен өзіндік іс-әрекет арқылы үйлеспеушілік аймағы құрылады. Іс-әрекеттің бірлігі туралы өнімді ой деп Л.Выготский түсінік мәнін бөліп көрсетсе, ал ғалымдар А.Лурия, С. Рубинштейн, А.Леонтьев, П.Гальпериннің еңбектерінде өз жалғасын одан әрі тапқаны белгілі.
Ойлау үрдісі субъектінің қажеттілігіне, сарынына, себеп-дәлеліне байланысты пайда болады, яғни ойлауды зерттеу адамның іс-әрекеті сарынын және есебін қарастырады.
Психологияда ойлау қабілетін зерттеудің әртүрлі бағыттары көбіне қарама-қарсы қойылады (В.Беспечанский және т.б.), бірақ, онда педагогика үшін маңызды ортақ сипаттамалар бар.
1. Ойлау қабілетінің дамыту үрдісі оқушылардың белсенді танымдық және тәжірибелік іс-әрекетінде мол жетістікке жетеді.
2. Бұл іс-әрекет оқытудың шартты жүйесі арқылы мұғалімнің мақсаты бағытталған басқаруында болуы қажет.
3. Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетінің маңызды сәті ойлау қабілетінің тәсілдері енгізілген оқу мазмұнын меңгеру болып табылады.
Ойлау қабілетінің педагогикалық анықтамасы үшін ойлау түрлері туралы бұрынғы мәселенің әдіснамалық маңызы бар. Ойлау шындықтың жалпы бейнесі ретінде әрқашан мазмұнды. Ойдаудың мазмұны адамның танымдық белсенділігінің бағытталуына, таңдалуына, әлеуметтік шарттарға байланысты жүргізілетін іс-әрекеттің қажеттіліктері мен сарынына байланысты болады. Дегенмен, бірыңғай ойлау үрдісін нақты мазмұнға байланысты әрбір жаңа мазмұнды ойлаудың «ерекше» түрі деп бөлуге болмайды. Ойлау әрбір жеке пәнге таратылады.
Адам шешетін мәселелердің әр түрлілігі сияқты, шынайылықтың жан-жақтылығы секілді ойлау қабілеті де көп өлшемді. Оны топтастырудың негізіне енгізілген өлшемдерге байланысты ойлаудың типологиясы өте көп. Психологияда танымның басты категориялары қатынасының негізінде өте кең тараған ойлаудың типологиясы қызмет етеді, олар: көрнекі-іске асатын, көрнекі-бейнелі, нақты түсінікті және абстрактілі-түсінікті.
Ойлау қызметінің әдістері және нәтижесі бойынша ойлау репродуктивті, өнімді және өнімзді емес болып бөлінеді. Педагогикалық психологияда ойлауды жас бойынша кезеңдеу қабылданған: дайындық бөліміндегі оқушының, бастауыш сынып оқушысының, жеткіншек және жоғары сынып оқушыларының ойлау қабілеті.
Психология ғылымының мақсаты - қазіргі ойлау қабілетіне сыни талдау жасау және ойлау қабілетінің жаңа типологиясын құру. Ал біздің мақсатымыз - ойлау қабілетін педагогикалық зерттеу үшін әрбір типологияның мүмкіндігі қандай екенін қарастыру.
Анықтамаларды және ойлаудың негізгі сипаттамаларын қарастыру оның педагогикалық анықтамасын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Оқушылардың ойлау қабілеті - танымдық мәселені шешу үрдісіне оқытудың мақсатына жетуге бағытталған белсенді талдамаушылық-жинақтаушылық іс-әрекет. Бұл анықтаманың негізінде адам психикасын түсінуге ұмтылыс бар, ал көрнекі түсініктің сапасы оқытудың мақсаттары деп аталады: білімді, дағдыны меңгеру, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту. Қазіргі педагогикадағы білім түсінігіне әдіснамалық білім енеді, яғни білім және іс-әркеттік тәсілдері туралы білім, ал дағды, шеберлік түсінігіне түрлі жалпы оқулық шеберлік (оның ішінде ойлау шеберлігі де) кіреді.
Анықтамада түрлі мәселелердің, соның ішінде шығармашылық мәселелерінің шешімі, ойлау қабілетінің негізгі даму жолдары көрсетілген. Сонымен бірге анықтамада оқушының іс-әрекетін мақстатты бағыттау қажеттігі атап өтілген.
Оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыру - білімді, дағдыны және шеберлікті белсенді меңгеру үрдісін мақсатты бағытталған түрде басқару, оқушыларды танымның қажетті әдістерімен және тәсілдерімен қамтамасыз ету, танымдық қажеттіліктерді тәрбиелеу және соның негізінде гуманистік көзқарас, пайдалы еңбекке әдеттенуді үйрету. Сонымен. Оқыту үрдісіндегі оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі. Ойлау құрылымының механизмін түсіну үшін ақыл-ой қызметінің репродуктивті және продуктивті бөліктерін қатынастарының қағидасы ерекше маңызды. «Ойлау шындықты танудың қорытындыланған және жанама түрдегі үрдісі, бірақ оның диалектикалық, қарама-қайшылықтық бірлігінде продуктивті және репрдуктивті бөліктері тұтасып кеткен...» деп көрсетеді З. Калмыкова.
Танымдық іс-әрекеттің продуктивті және репродуктивті бөліктерінің қатынасы дилактикада мынадай түрде анықталады: Шығармашылықтық және қайта өндіру бірлік тұтастығының жеке буыны, бірінші - дайындық болса, екінші - негізгі болады; қайта өндіру және шығармашылықтық әрбір буынның элементтерімен біртұтас нүкте, іс-әрекеттің екі бөлігі өзара байланысты және іс-әрекеттің тәсілін анықтайды. Арнайы зерттеулер (А.Алексюк, З.Стоницкий және т.б) мен алдыңғы қатардағы педагогикалық ұжымдардың тәжірибесінен көретініміз, студенттердің оқу мақсатын түсінуі, сезуі - тәрбие үрдісі тиімділігінің міндетті сәттерінің бірі болып табылады.
Ойлау қызметінің бақылау, түзету бөліктері алға қойған мақсаттың орындалғанын көрсетіп «кері байланыс» қызметін атқарады. Сондықтан оқушылардың өзіндік тексеру және өзіндік бақылау тәсілдері мен оқыту оқу үрдісінің нәтижелілігін арттырады. Ойлау қызметінің орталық бөліктері мазмұндық, операциялық және сарындық болып табылады.
Оқушылардың ойлау қабілетінің операциялық және психологияда ақыл-ой қызметінің тәсілдерін қалыптастыруға арналған жұмыстар шеңберінде зерттелген. (Д.Боглявленский, Н.Менчинкая, Е.Кабанова-Меллер, В. Решетников және т.б) Н.Менчинская өз еңбегінде «жақсы дағдыланған және нық бекітілген тәсілдерді қалыптастыру оқушылардың ақыл-ой дамуына елеулі әсер етеді» - деп, оның дамытушылық функциясының жоғарылауын, оқыту тәсілдерінің ролін анықтайды.
Ақыл-ой қызметінің тәсілі - ол белгілі бір топтағы мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылған логикалық операция немесе логикалық операциялар жиынтығы. Қазіргі логикада логикалық операцияларға абстрактілеуді салыстыруды, қорытындылауды жатқызады, логикалық іс-әрекетке дәлелдеу, жоққа шығару кіреді. Олардың жиынтығы тұтас жаңа білім, яғни ақыл-ой қызметінің тәсілін қалыптастырады.
Педагогикалық психологияда және дидактикада оқу жұмысының тәсілдері мен ақыл-ой қызметінің тәсілдері ажыратылып көрсетіледі. «Оқу жұмысының тәсілдері - ол оқушылардың орындайтын тәсілдері және объективті түрде көрсетілген тәсілдің құрамына кіретін тізім түрі» дейді Е.Кабанова-Меллер. Оқу жұмыстарының тәсілдерінде іс-әрекеттің ойлау және тәжірибелік элементтері бірігеді (мысалы, грамматикалық талдау тәсілдері, кері есептер құрастыру және т.б) . Ақыл-ой қызметінің тәсілдері мен оқу жұмысы тәсілдерінің арасындағы қатынас өзара байланыста қажырлы, жігерлі, алайда «Әдетте оқушының оқу іс-әрекетіндегі оқу жұмысының тәсілдерінде ақыл-ой қызметі тәсілдері жасырынған».
Әрбір тәсіл қарапайым әрекет, іс-қимыл емес, ол күрделі білімді көрсетеді. Мысалы, қорытындылау талдауды, басты мәселені бөліп алуды, салыстыруды, жинақтауды талап етеді, өз кезегінде салыстыру бірсыпыра (операциядан) іс-қимылдан тұрады және ол қорытындылаумен аяқталуы керек. Жалпының және жекенің өзара байланысы диалектикасын негізге ала отырып мәселе құрамынан жедел және мақсатты тәсілдерді айыра білу тиімді. Нақты мәселе жағдайында әрбір құрылым жедел немесе мақсатты бола алады. Сонымен қорытындылауды талап ететін мәселеде қорытындылау мақсатты, ал оның құраушы бөліктері бұл жағдайда жедел болады. Мәселені шешудегі іс-әрекеттің танымдық құрылымының түрлі сатылары бойынша тәсілді осылайша «ажырату» біздің тұжырымдаманың негізгі ойын түсіну үшін қажет.
Ақыл-ой қызметінің тәсілдерін сұрыптау үшің басқа да негіздер бар: мақсатты, іс-әрекеттің нәтижесі, оның сипаты бойынша Г.Граник зерттеп жасаған. Ақыл-ой қызметі тәсілдерінің типологиясы өнімді. Типологияның негізгі екі бөлігі: оқу мазмұнының ерекшеліктерін және іс-әрекет сипатын алып, ол мазмұнды - әдістемелік ретінде тануға болатын типология тәсілдерін жасайды.
Педагогикалық психологияда, дидактикада және жеке әдістемелерде жасалған ақыл-ой қызметі мен танымдық есептер тәсілінің типологиялары студенттердің танымдық іс-әрекетінде толық функционалды зерттеуден жалпы алғанда - ойлауға, жекеше қарастырғанда - неғұрлым тұтас зерттеу деңгейіне көтерілуге мүмкіндік жасайды. Дегенмен дидактикалық педагогикада төмендегі сұрақтар жауапсыз күйде қалды: неге ақыл-ой қызметінің белгілі бір тәсілдері ақпараттың және танымдық оқу кезеңдерінің негізгі бөлігі мен қалай байланысқан? Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің күнделілігі жас ерекшелігіне қарай күрделенеді?
Бұл сұрақтарға жауап беру үшін бағдарламалар мен оқулықтарды салыстырмалы түрде талдау, гуманитарлық циклдегі қолданылып жүрген оқулықтардың ақпаратын жеке талдау арқылы оқушылардың ойлау қызметін ұзақ уақыт зерттеудің нәтижесінде ойлау қызметінің бірнеше өзгертілмейтін тәсілдері таңдап алынды. 1. Негізгісін бөліп алу және талдау. 2. Салыстыру. 3. Жүйелеу және қорытындылау. 4. Түсініктерді анықтау және түсіндіру. 5.Нақтылық. 6. Дәлелдеу және жоққа шығару. 7. Мәселелік оқытуға қажетті тәсілдер.
Бұлайша сұрыптау ойлаудың оқытудағы психологиялық заңдылықтарын, оқыту үрдісін дамыту функцияны күшейтудің қазіргі бет алысын бейнелейді, теориялық сипаттағы оқу ақпаратына қызмет етеді. Ұсынылған сұрыптама дидактикалық сипатта, себебі, кең ауқымдағы дидактикалық есептерді шешетін тәсілдерден тұрады: Мұғалімнің жеткізген оқу ақпараттарын қабылдау және ұғынудан студенттердің алған білімін өз бетімен қолдана алуына дейін, қалыпты және шығармашылықты жағдайда оларды жүйелеу және қорытындылау.
Оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін дамыту үшін қажетті шығармашылық жұмыстар өте қажетті болып саналады.
Шығармашылықтық жұмыстар әртүрлі білімді, дағдыны және шеберлікті қолданып қана қоймай, сонымен бірге ойлау қызметінің негізгі тәсілдерін және оқытудың үрдісінде меңгерілген ғылыми таным әдістерінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |