Сурет 3.10. Адам қаңқасына сыртқы келбетті кигізу.
Жұмыстың негізгі бөліктерінің бірі болып адамдардың іс-әрекеті болып табылады. Сондықтан дайын болған адамдардың іс-әрекетін бақылап көреміз.
Кез-келген кино саласында болсын, мультфильм саласында болсын жұмыстың барлығы камералар арқылы жүзеге асады. Үш өлшемді графикалық бағдарламалардың барлығында виртуалды камера міндетті түрде болады. Біздің жағдайымызда Camera (виртуалды камера ) арқылы ең жақсы бағыттарды аламыз (3.11 суретке сәйкес)
Сурет 3.11. Қалыпты жағдайда және қолын иық деңгейіне дейін көтеріп тұр
Сурет 3.12. Қозғалыстағы адам
Адамның қимыл-қозғалысының барлығын Camera жазып, өзіне сақтап қояды.
Кілтті кадрлар арқылы анимацияның уақытын белгілеп қоямыз және жазылған кадрларды қайта көріп шығамыз(3.13 суретке сәйкес)
Сурет 3.13. Кілттік кадрлар (1 сек/24 кадр)
1- AutoKey батырмасы (пассивті режимде). 2-кілттік кадр құру. 3-кілттік кадрлар сақталатын лента.
AutoKey батырмасы арқылы адам іс-әрекетін автоматты түрде сақтап отыруға болады. Осы қалыппен барлық адамдардың іс-әрекеттерін жазып сақтап аламыз.
Виртуалды камераларды қалағанымызша көбірек қолдануға мүмкіндігіміз мол. Бұл камераларды түрлі қалыпта қолдануға болады. Объектілерді қалаған бұрыштан (алыстатып, жақындатып) көрсетуге және сол іс-әрекеттерді сақтап алуға болады.
Мах орасында екі түрлі камера олданылады:
Достарыңызбен бөлісу: |