5В050400-«Журналистика» мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламалары



Pdf көрінісі
бет112/365
Дата29.04.2020
өлшемі1,69 Mb.
#65135
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   365
Байланысты:
5В050400-Журналистика

ШЕТЕЛ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ  
 
көлемі 2 кредит  
 
Авторы: 
филология ғылымдарының докторы, доцент Рамазан А. Ә. 
 
Пікір жазғандар: 
тарих  ғылымдарының докторы,  профессор,  әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ Қозыбаев С.Қ. 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент Кенжеғұлова Н. 
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
Пәннің  мәні  мен  мақсаты.  "Шетел  журналистикасы    тарихы"    пәні 
әлемдік  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  даму  бағыттарымен,  қалыптасу 
тарихымен таныстыруды мақсат тұтады.  
"Шетел журналистикасы  тарихы"- журналистика мамандығы бойынша 
білім алатын суденттер үшін негізгі пән болып табылады.  
Ізашар пәндер: "Журналистикаға кіріспе", "Қазақ журналистикасының 
тарихы". 
      Курстың міндеті: 
-    Еуропа,  Америка,  Азия,  Африка    елдері  журналистикасының  даму 
тенденцияларынан студенттерге толыққанды мәлімет беру; 
-  шетелдік  БАҚ-тың  экономикалық  негізін  түсіндіру.  Жарнаманың 
маңызына тоқталу; 
-    БАҚ-тағы  монополиялану  процесін  түсіндіру.  Шетелдік  ірі  медиатоптар 
мен медиаконцерндердің жұмысынан хабардар ету; 
-  шетелдік    күнделікті  басылымдардың  типологиясымен  таныстыру: 
сапалы  басылымдар,  сарыжағал  басылымдар,  аралас  басылымдар  (кейбір 
елдерде); 
-  БАҚ  туралы  заңдардың  әр  елдегі  ерекшеліктерімен  және  жалпы 
тенденцияларынан хабардар ету;  
-  шетелдік  беделді  журналистердің  шығармашылық  шеберханасымен 
таныстыру; 
  Пәнді  оқыту  барысында  студенттер  мынадай  нәтижеге  қол 
жеткізеді:  
- журналистиканың қоғамдағы  орны мен ролін нақты ұғынады;  
- әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарын уысында уыстап отырған Рупер 
Мэрдок сынды медиамагнаттардың ерекше ұйымдастырушылық қабілетімен 
таныса отырып, дүниетанымын кеңейтеді.  
-    шетел  журналистикасы  функцияларын,  стилі  мен  пішінін  талдау 
барысында  жалпытеориялық ережелерді сауатты қолдана біледі;  


64 
 
-  "Вашингтон  пост"  газетінің  редакторы  Кэтрин  Грэммнің  азаматтық 
ұстанымына тәнті бола отырып, өз позицияларын айқындай бастайды;  
-  шетел  журналистикасындағы  озық  үлгілерді  өз  тәжірибелерінде 
пайдалануға ұмтылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   365




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет