5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының


Оқу тілі: қазақша Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай



бет28/30
Дата04.05.2017
өлшемі5,74 Mb.
#15543
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Экономикалық теория негіздері



Пәннің коды: ETN 2107

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-ші

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Құлтанов Б.Б. - аға оқытушы

Курстың мақсаты: студенттердің заман талабына сай экономикалық ой-өрісін кеңейту, қазіргі демократиялық қоғам идеясымен жаңа қағидаларға сүйеніп, ұлттық және әлемдік экономикалық ойларға бағыттау.

Деректемелері/Пререквизиттері: Жалпы білім беретін орта мектептердегі қоғамдық пәндерден алынған білім мен білік дағдылары.

Курстың/пәннің мазмұны: Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері. Нарықтың қалыптасу заңдары және посткеңестік елдердегі нарықтың құрылу ерекшеліктері; нарықтың негізгі заңдары мен категориялары; жеке ұдайы өндірістің қағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өндірістік факторлар нарығының, олардың бағасы мен табысының ерекшеліктері. Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара байланысы, макро-экономиканың қызмет ету заңдылықтары; экономикалық өсу және оның түрлері; экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдылық мәселелері. Қазіргі экономикалық жүйедегі мемлекет. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі ақша-несие және қаржы саясатының ролі. Әлеуметтік саясаттың негізгі заңдылықтары. Халықаралық экономикалық қатынастар және олардың негізгі формалары.

Ұсынылатын әдебиет:



  1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық - Алматы, Санат-1998.

  2. Экономикалық теория. Оқу құралы - Алматы, 1999.

  3. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Редактор жетекшісі Шеденов Ө.Қ. Алматы-Ақтөбе, 2002.

  4. Экономикалық теория негіздері. Оқу- көрнекілік құрал. Л.М. Куликов- М, 1993.

  5. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері,- Алматы 2002.

  6. Кримова В. Экономикалық теория. Оқу құралы-Алматы 2003.

  7. Мауленова С.С. Экономикалық теория. Оқу құралы-Алматы 2003.

  8. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. Оқу құралы-Алматы 2008.

  9. Экономикалық теория. Оқу құралы (авт. Сүлейменова Г.К. , Мұхамеджанова Ә. Ғ., Өмірзақова М.Ә. т.б – ҚМУ, Қызылорда, 2004.

  10. Ғабитов Ж., Доғалов А., Досмағанбетов Н., Микроэкономика. Оқулық.- Алматы, 2010.

Сабақ беру әдістері – Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі – қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: интерактивті тақта, кітапхана қоры
Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Кәсіби қазақ (орыс) тілі

Пәннің коды: KK(O)t 2201

Пәннің типі: базалық, міндетті пән

Оқу жылы: 2-ші

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Сейілханова А.А. - аға оқытушы, педагогика ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты: 5В090300 – «Жерге орналастыру» мамандығының студенттері үшін орыс тілінде кәсіби коммуникацияны жүзеге асыруға қажет іскерлік пен дағдыны дамыту. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер профильдік пәндердің белгілі бөлімдерін орыс тілінде білуі тиіс. Мәтіннің әртүрлі типін ұйымдастыру тәсілдерін және негізгі құралдарын меңгеру. Ауызша хабарлама жасау, тақырыптық баяндамаларды даярлау қабілеттіліктерін дамыту және маман даярлауға байланысты кәсіби қызығушылықты қалыптастыру.

Деректемелер/Пререквизиттері: Орыс тілі.

Курстың/пәннің мазмұны: 5В090300 – «Жерге орналастыру» мамандығы үшін орыс тілінің фонетикасы, графикасы, лексикасы, фразеологиясы, грамматикасы және дұрыс жазу үлгісі. Студенттердің кәсіби орфографиялық және пунктуациялық сауаттылығын жетілдіру. Орыс тілінде жерге орналастыру барысында орындалатын жұмыстардың теориялық негізін оқыту, жерді пайдалануға кұкық беретін құжаттарды орыс тілінде жасау, тапсыру және жобаны іске асыру тәсілдерді даярлау. Кәсіби бағытталған тақырыптар бойынша конспекті жоспарларын құрып, даярлау бағыты бойынша әбедиеттерді рефераттау. Кәсіби бағытталған мәтінге аннотация құрудың негізгі технологиясы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Городилова Г.Г. и др. Практикум по развитию речи. Учебное пособие для педагогических институтов. Л., 1988.

2. Дудников А.В. и др. Русский язык. М., 1981.

3. Жаналина Л.К., Мусатаева М.Ш. Практический курс русского языка. Алматы, 2005.

4. Ворожбицкая И.И. и др. Русский язык. Москва. 1987.

5. Греков В.Ф., Крючков С.Е. Чешко Л.А. Пособие для занятий по русскому языку. Москва. 1966.



Сабақ беру әдістері: дәріс, практика, проблемалық оқыту әдісі, іскерлік ойын әдісі, контекстік оқыту, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, оқытудың бейіндік технологиясы, оқытудың модульдік технологиясы, дамыта оқыту әдісі.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе, топтық презентация, сабаққа қатысуы мен белсенділігі, практикалық тапсырмалар орындауы
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Фотограмметрия



Пәннің коды: Phot 2206

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: 2-ші

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Жусупова Л.Қ. - аға оқытушы, магистр

Курстың мақсаты: суреттердің геометриялық бейнелеу қасиеттерін, ауылшаруашылық сызба пландары мен карталарын құрудың бүгінгі күнгі құралдарын, ауыл шаруашылығының практикалық мәселелерін шешкенде арақашықтық зондылау әдістерін пайдалану мүмкіншілігін оқытып, үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: Жоғары математика, есептеу техникасы, физика, геодезия.

Курстың/пәннің мазмұны: Аэро және ғарыштық түсіріс материалдарын пайдалану теориясы, тәсілдері және құралдары. Фотограмметрия саласындағы жаңа аэорофототүсіріс құрылғылары, фоторамметриялық және стерофотограмметриялық құралдар, есептеу техникалары. Аэрофототүсіріс материалдары бойынша пландарды жасаудың заманауи әдістері. Жерге орналастырудағы жерге орналастыру жобасын жасау, жерді есепке алу және бағалау, аумақты зерттеу, шешу барысында аэрофототүсіріс материалдарын тиімді пайдалану.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Ильинский Н.Д.,Обиралов А.И., Фостиков А.А. Фотограмметрия и дешифрирование снимков Москва Недра 1985.

  2. Обиралов А.И. Дешифрирование снимков для целей сельского хозяйства Москва Недра 1982.

  3. Практикум по дешифрированию снимков (учебное пособие) Москва МИИЗ 1978 г.

  4. Практикум по фотограмметрии (учебное пособие) Москва МИИЗ 1978.

  5. Абдығалиева С.С. Кертешов Т.С. Қалмұратов Е.Д. Фотограмметрия. Әдістемелік нұсқаулар. Алматы,1997.

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.



Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: аэрофотосуреттер жиынтығы, сызу жабдықтары.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Кадастрлық жұмыстардың менеджменті



Пәннің коды: KGM 2207

Пәннің типі: базалық, міндетті пән

Оқу жылы: 2-ші

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Елеуова Э.Ш. - аға оқытушы, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Курстың мақсаты: жер менеджментінің ғылыми-әдістемелік және басқару негізін, сондай-ақ жерге орналастыру әрекеттерін үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: жерге орналастыру мен жер кадастры жұмыстарының ғылыми негіздері, жерге орналастыруды жобалау, жер кадастры, менеджмент негіздері.

Курстың/пәннің мазмұны: Кіріспе. Менеджментінің даму тарихы. Басқару концепциясы және оның бағыттары. Жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстарының менеджметінің ерекшеліктері. Жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстарының менеджметтінің мақсаты мен принциптері, жалпы нақты, стратегиялық мақсаттары. Мақсат жүйесін құрудың жалпы әдістемелік негіздері. Жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстарының менеджметінің жаңа және бұрыннан қалыптасқан принциптері. Жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстарының менеджметінің әдістері. Жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстарының менеджметтінің қызметі. Жалпы функциялар. Талдау жасау қызметінің принциптері. Талдау жүргізу әдістері. Жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстарының менеджметіне талдау. Жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстарының менеджметінің іс-әрекет кезендері. Мекемелер қызметін талдау принциптері, зертеу-аналитикалық кызметінің кезендері. Қайта құрылатын кәсіпорындар мен бірілестіктердің жіктелуі. Консорциум. Концерн туралы ұғымдары. Корпорация. Өндірістік ассоциация, акционерлік қоғамдарды басқарудың жүйесін қалыптастыру принциптері. Фирманың құрылуы мен қызмет етуін құқықтық реттеу. Фирманы тіркеу мен құру реттері және құжаттары. Фирма уставының қосымша шарттары. Фирмаларды тіркеу, оларды басқару мекемелерін құру. Жерге орналастыру және жер кадастры жұмысының менеджметтінің техникасы мен технологиясы. Шетел менеджменті. Басқару әдістері, кадастр инженерлері мен жерге орналастырушының тәртібі. Басқару кемшіліктері мен оны болдырмау жолдары. Жерге орналастыру және жер кадастры қызметін басқару негіздері, психологиялық заңдылықтары.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. ҚР Жер Кодексі 01.06.2003. Алматы, «Юрист», 2003.

  2. Синдеев В. А. Менеджент земли.- М. «Кадастр», 1994.

  3. Гендельман М.А. и др. Землеустроительное проектирование. Учебник – ТОО «Эвлю», 1999.

  4. Спектор М.Д., Байбугина М.К.,Хамзин Р.Г.Землеустройство крестьянских хозяйств. Учебное пособие – Астана, 2004.

  5. Сулин М.А. Землеустройство сельскохозяйственных предприятий. Учебное пособие – Санкт-Петербург, 2002.

  6. Гендельман М.А., Крыкбаев Ж.К. Научные основы землеустройства и кадастра: Учебник – Астана: Фолиант, 2004.

  7. Дубенок Н.Н., Шуляк А.С. Землеустройство с основами геодезии – М.: Колос, 2003.

  8. Есполов Т.И., Григорук В.В. Формирование рыночной системы земельных отношений в Казахстане. – Алматы, 2002.

  9. Подольский Л.И. Землеустройство: общественно-экономическая теория. Учебное пособие – Алматы, 2000.

  10. Сейфуллин Ж.Т. Земельный кадастр. Управление земельными ресурсами в рыночных условиях – Алматы, 2001.

  11. Карбозов Т.Е. Агроқұрылымдарды жерге орналастыру. Оқу құралы – Астана, 2006.

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: жер есептік мәліметтер, құқықтық нормативтер, кітапхана қоры.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жер ресурстарын басқару



Пәннің коды: ZhRB 2204

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: 2-ші

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Алдабергенова А.А.аға оқытушы

Курстың мақсаты: Жер ресурстарын басқару, жерді қорғау және мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру әдістемесін игеру, жер ресурстарын басқарудын мақсатын, міндетін, функцияларын, принциптерін, жер қатынастарын реттеу негізінде жер ресурстарын басқаруды айқындау.

Деректемелері/Пререквизиттері: геодезия, топырақтану, егіншілік және өсімдік шаруашылығы, жер мелиорациясы

Курстың/пәннің мазмұны: Жерге орналастыруды басқарудың мазмұны және жерге орналастыру ғылымындағы орны. Жер ресурстарын басқаруды біріңғай мемлекеттік саясатта жүргізу. Жерді тиімді пайдаланудын негізгі бағыттары. Жер ресурстарын басқарудын түсінігі, мақсаты және міндеттері. ҚР жерге орналастыру қызметінің құрамы, жобалау-іздестіру ұйымдастырумен ғылыми мекемелері. Жерді бағалау, оның теориялық негіздері, бағалау түрлері. Жер-кадастрлық бағалау қорытындыларын жерді пайдалану барысында қолдану. Жер ресурстарын басқаруда жер бағалаудын орны. Болжаудың тәжірибесі, жүйесі және әдістері. Мемлекеттік бақылауда жүзеге асыратын органдар жүйесі. Жер ресурстарын басқару жүйесінде жерге орналастыру жобаларының орны.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Есполов Т.И., Сейфуллин Ж.Т. Управление земельными ресурсами (Учебник) – Алматы. Издательство «Агроуниверситет», 2004

  2. Конституция РК. Алматы ТОО Издательство «Норма-К», 2002

  3. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, - Алматы 2003

  4. Земельное законодательство. Сборник нормативных актов.- Алматы, Юрист, 2004

  5. Қазақстан – 2030. Алматы: Юрист, 2001

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық, практикалық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: аудандардың жерге орналастыру схемалары, нормативтік актілердің жинағы, құқықтық нормативтер, әдістемелік нұсқаулар, жер пайдалану планы, жер есептік мәліметтер және кітапхана қоры.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Ландшафттану негіздері



Пәннің коды: LN 2201

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 2-ші

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Далдабаева Г.Т. - аға оқытушы, техника ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты: Қазіргі кездегі ландшафтты-экологиялық тұрғыдан ұтымды жер пайдалану ғылыми негіздерін оқыту.

Деректемелері/Пререквизиттері: Геодезия, жобалар мен карталарды графикалық безендіру, Экология және тұрақты даму

Курстың/пәннің мазмұны: Ландшафттану ғылымының қалыптасуы. Ландшафттану пәні мен міндеттері. Жердің ландшафттық сферасы. Табиғи ландшафт жөніндегі түсінік. Ландшафттанудың жалпы ережелері. Табиғи орта және өмір сүру жағдайлары. Табиғи жүйе туралы түсінік. Территориялық табиғат кешендерінің құрамы. Ландшафттың негізгі компоненттері және олардың өзара байланысы. Ландшафт және оның морфологиялық құрылымы. Қазақстанның ландшафттық зоналары. Өңделген ландшафттар Антропрогенді ландшафтылар. Геожүйенің ластануы. Антропрогенді ауылшаруашылық ландшафтыларды қорғау және қалпына келтіру. Жерге орналастыру мақсаттары үшін территорияның ландшафттық құрылымын оқып білу.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Молдағұлов Н. Ландшафт негіздері және Қазақстанның ландшафт географиясы. Алматы.: «Рауан», 1994.



  1. Мауль Я.Я. Ландшафтоведение. Целиноград. 1986.

  2. Мустафаев Ж.С. Ландшафттар және табиғи-техногендік кешендер Тараз. 2009.

  3. Баймолдаева А.Т. Ландшафтно-экологическое состояние окружающей среды г.Кызылорда и задачи охраны природы. Алматы, 2002.

  4. Чупахин В.М. Основы ландшафтоведения. М.: «Агропромиздат» 1987.

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: көрнекі құралдар, әдістемелік нұсқаулар, Қазақстан Республикасының атласы, кітапхана қоры.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар



Пәннің коды: ZhOGZh 2202

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 2-ші

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Жусупова Л.К. - аға оқытушы, магистр

Курстың мақсаты: жерге орналастыру барысында орындалатын геодезиялық жұмыстардың теориялық негізін оқыту және келесі шараларды игеруге үйрету: план-картографиялық материалды түзету; жерге орналастыруда аудандарды анықтау тәсілдері; жер учаскелерін жобалау әдістері және тәсілдері; жерге орналастыру жобаларын жер бетіне көшіру; эрозияға қарсы шаралар жүйесін және жерді қалпына келтіруді жүзеге асыруда, елді мекендерді орналастыруда, мелиоративтік объектілерді жобалауда және құруда орындалатын геодезиялық жұмыстар.

Деректемелері/Пререквизиттері: жоғары математика, есептеу техникасы, физика, геодезия.

Курстың/пәннің мазмұны: ауылшаруашылығы мақсатындағы жұмыстарға қажет планды – картографиялық материалдар, аудандарды анықтау әдістері, учаскелерді жобалау және жобаларды жерге шығару, олардың дәлдіктері, ауылдық елді мекендерді жобалау және оны жерге шығару барысында орындалатын геодезиялық жұмыстар.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Маслов А.В., Юнусов А.Г., Горохов Г.И. Геодезические работы при землеустройстве- Москва Недра 1990.

  2. Маслов А.В., Гордеев А.В., Батраков Ю.Г. Геодезия - М, Недра 1980.

  3. Батраков Ю.Г. Геодезические сети сгущения- М., Недра, 1987.

  4. Парамонова Е.Г., Юнусов А.Г. Геодезические работы в мелиоративном стройтельстве, М., Недра., 1981.

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: Планиметрлер, сызу жабдықтары, әдістемелік нұсқаулар аудандардың жерге орналастыру схемалары, нормативтік актілердің жинағы, жер пайдалану планы, жер есептік мәліметтер және кітапхана қоры.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Жер мелиорациясы



Пәннің коды:ZhM 2203

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 2-ші

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Қошқаров С.И. - профессор, техника ғылымдарының докторы.

Курстың мақсаты: Қазақстан Республикасының жер қоры сипаттамасы, топырақ түзілу факторлары, құрамы және қасиеттерін және құрылыс негіздеріне, су, жер ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын, оларды сақтау, қорғау әдістерін, сонымен қатар экологиялық бағалауды үйрету, мамандарға жердің жағдайын нашарлататын процесстерден сақтану және осы процесстерді тоқтату, техногенді түрде бүлінген жерлерді рекультивация жолымен қалпына келтіру әдістері жайлы білім беру және дүниетанымдық және ойлы әрекеттік дайындығының кеңеюіне ықпал жасайды.

Деректемелері/Пререквизиттері: геодезия, экология және тұрақты даму.

Курстың/пәннің мазмұны: Мелиорация туралы түсінік. Мақсаты, бағыты, шешетін мәселелері, экологиялық, экономикалық және әлеуметтік маңыздары. Мелиорацияның түрлері, олардың өзара тығыз байланысы және кешенді түрде қолдануы. Суару мелиорациясы. Суару туралы жалпы мағлұматтар. Суару режимі және оның элементтері. Ауылшаруашылық дақылдарын суару тәсілдері. Суару жүйелері. Су көздері. Суармалы жерлердің сортаңдануымен (тұздануымен) күрес. Сортаң топырақ түрлері. Мәденитехникалық мелиорация. Топырақ эрозиясы және онымен күрес. Құрғату мелиорациясы. Мелиорацияның экономикалық тиімділігі.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Ақбасова А.Ж. және т.б. "Экология және табиғат қорғау", Алматы, 2002.

  2. Жатқанбаев Ж. "Экология терминдерінің түсіндірме сөздігі", Алматы, 2000.

  3. Зубаиров О. және т.б. "Мелиорацияның экологиялық негіздері", Қызылорда, 2000.

  4. Әлімбетов Қ.Ә. және т.б. "Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері", Алматы, 2000.

  5. Тонкопий М.С. "Экономика природопользования", Алматы "Экономика", 2002.

  6. Баешов А., Дарибаев Ж.Е., Шакиров Б.С., Мәдиев Ө.Қ., Сарбасова А.С., Тоқсейітова Г.М. "Экология негіздері". Түркістан "Яссауи университеті", 2002.

  7. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытова П.З. "Экология", Алматы "Ғылым", ғылыми баспа орталығы, 2001.

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, топырақ картасы, кітапхана қоры.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Топырақтану



Пәннің коды: Тор 2204

Пәннің типі: Базалық таңдау пән

Оқу жылы: 2-ші

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Елеуова Э.Ш. - аға оқытушы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты: жерді мелиорациялау, рекультивациялау және қорғаудың негізгі объектісі топырақты әр түрлі тұрғыдан қарастыра отырып білім беру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Геодезия, экология

Курстың/пәннің мазмұны: Топыраққұраушы факторлар. Топыраққұралу процесіне шолу. Топырақтың құрамы, қасиеті және құбылымдары.Топыраққұраушы жыныстар мен топырақтың минералдық (А) және механикалық (Б) құрамы. Топырақтың органикалық бөлшегі. Топыраққұраушы жыныстар мен топырақтың химиялық құрамы. Топырақтың сіңіру қабілеті. Топырақтың түйіртпелігі. Топырақтың физикалық қасиеті. Топырақтағы су және су қасиеттері мен құбылымы (режимі). Топырақтың жылу қасиеттері. Топырақ ерітіндісі. Топырақ құнарлылығы мен ферменттер. Топырақтарды жіктеу. Топырақ географиясы және оны аудандау. Топырақ эрозиясы және онымен күресу шаралары. ТМД-ның жер қоры, оны егіншілікте пайдалану және қорғау. Топырақты агроөндірістік топтау және бонитеттеу.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Тазабеков Т.Т., Калдыбаев С.К., Тазабекова Е.Т., Топырақтану. Алматы, 2004.

2. Фаизов К.Ш., Кененбаев С.Б., Мамутов Ж.У., География и экология почв Казахстана. – Алматы, 2006.

3. Фаизов К.Ш. и др. Почвы Казахстана. – Алматы, 2001.

4. Ділімбетов Қ., Ділімбетова Ғ.Қ. Топырақтану негіздері Алматы 1997.

5. Мирзадинов Р.А., Дүйсенбеков С.Л. Қазақстан топырақтары /Орысша-қазақша анықтамалық сөздік/ Алматы: КазККА, 2008

6. Почвоведение с основами геологии: Учебное пособие. Мн: Новое знание, 2002

7. Розанов Б.Г. Морфология почв. Учебник. Москва: Акадамический проект, 2004

8. Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., т.б. Топырақтану. Оқу құралы. Алматы: ҚазККА, 2009

9. Тайжанов Ш.Т. Топырақтану. Оқу құралы. Павлодар С.Торайғыров ат.ПМУ, 2002ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет