6-сынып Тас дәуірі


Теле тайпаларының аварларға қарсы күрес бастауы



Pdf көрінісі
бет91/745
Дата19.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#103381
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   745
Байланысты:
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰБАНЫШЕВ

Теле тайпаларының аварларға қарсы күрес бастауы
  
Қытай деректері бойынша авар (жужан) қағаны үшін темір өндіргендер: 
Түріктер 
Түркіттер  өз  үйінде 
Түркіттердің  жалпы  тарих  сахнасына
 
ала  шыққан  мамандығы  темір  өңдеу  ісі  болатын. 
Олардың  аңызға  айналған  арғы  атасы  Ашин  теріскейге  қашып  келіп,  «оларға  темір  өндіреді».  546  ж.  оның 
қағаны  Анахуан  түркіттер  көсемін:  «Менің  темір  қорытатын  тұтқыным»  деп,  түркіттердің  басты  кәсібін 
айрықша атайды. Археологиялық барлау ісі түркіт металлургиясының VІ-ІХ ғ. жәдігерлерін тапқан. Алтайдан 
сол кезеңдерге жататын тайыз апандар, забойлар сияқты темір өңдіру ісінің іздері кездескен. Темір балқытып 
алу  әдісі  –  сазды  үрлеу.  Темір  қызқылын  көміртегі  қышқылымен  химиялық  жол  арқылы  қосылғанда,  ол 
кәдімгідей күйтіне келіп, кеуекті құйма металл болып шығады. Кеуек темірдің сапасы қазірдің өзінде домналық 
темірден артық саналады. Жоғары сапалы темірден алтайлық ұсталар бір жүзді пышақ, балта-шоттар, үзеңгілер 
мен  ауыздықтар,  семсерлер  мен  наркескендер,  найза  мен  жебе  ұштарын,    сол  сияқты  қазанның  екі  түрін  – 
аспалы  және  тағанды  қазандар  жасайтын  болған.  Металдарды  өндіріп,  өңдеу  ісі  сол  заманда  қазіргі  Тува 
жерінде де жүргізілген, онда тек темір ғана емес, алтын мен күміс те, қалайы мен мыс та өндірілген. Қырғыз 
қағанатының кіндігін құраған Хакасияда темір көптеген жерлерде өндірілгенге ұқсайды. Қарағай ормандары 
атаулының бәрінен ертедегі темір балқытатын пештер орны кездеседі. Алтай тауындағы сияқты, бұл арада да 
еңбек құралдары мен қару-жарақтар – семсерлер мен қанжарлар, сол сияқты ат ер-тұрмандарының бөлшектері 
жасалынған. Түркіттерге тұстас-тұрғылас болған аңғар өңірі құрықандарының мәдениеті де көз тартады. Әуелгі 
кезде  1912-1914  ж.  археологиялық  қазбалар  нәтижесінде  олар  «құрымшы  ұсталар»  деген  атақ  алады,  ал 
А.П.Окладников олардың құрықандар екенін анық дәлелдеді. Құрықандардың құйма темірі құрамының 99,45%-
ы таза металл болған, сол себепті де ол өте берік, өңдеуге, шыңдауға қолайлы болған. Олар бұдан пышақ, найза 
мен  жебе  ұштарын  жасаған,  тесілген  қазан  түбін  жамаған.  Соңымен  бірге  құрықандар  мал  шаруашығымен 
айналысқан,  тіпті  жер  суарып,  егін  еккен.  Металлургияны  дамыту  түркіт  хандарының  қалың  әскерін  қайта 
қаруландырып,  сауытты  аттылардан  таңдаулы  да  пәрменді  бөлімдер  –  қытай  бастау  дерегінде  айтылатын 
фулилерді  (яғни  бөрілерді  –  өздерінің  тегі  бөрі  болғасын  осылай  атаған)  құрған.  Оларда  ер  қаруы  –  мүйіз 
садақтар, көк сауыттар, найзалар, қылыштар мен шоқпарлар түгел береді.»:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   745




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет