Сабақтың типі: Жаңа материалдарды меңгерту.
Сабақтың түрі: Теориялық білім беру сабағы.
Қолданылған әдебиеттер: «Анықтамалық материалдар» Б.А.Гаусс.
«Математикадан өзіндік және бақылау жұмыстары» 6 кл А.П. Ершов.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды түгендеу. Сыныпқа жағымды ахуал туғызу, сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.
Төрт түрлі сурет бейнелеген қағаздарды оқушыларға таратып беру арқылы топқа бөлу (үшбұрыш, шаршы, шеңбер, тіктөртбұрыш) Оқушылар 4 түрлі сурет бойынша топтасады. Осы жерде оқушылардың сыни ойлауы қалыптасады. Оқушылар өздерінің үйренгендері бойынша рөлдерге бөлінеді.
ІІ. Үй тапсырмасын шаттық шеңбері арқылы тексеремін.
ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.