6В01510-Математика, 6В01511-Математика-информатика, 6В01582-Физика, 6В01513-Физика-информатика, 6В01721-Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01723-Шетел тілі


Тәрбие - педагогикалық процестің жетекшi компонентi



бет16/47
Дата29.03.2022
өлшемі1,36 Mb.
#137173
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
Байланысты:
umkd tarbie zhum s n n teoriyas men adistemesi 2021-2022

Тәрбие - педагогикалық процестің жетекшi компонентi. Тәрбие мақсатын жүзеге асыру, оның құрамды бөліктерінің байланыстарын шешуді талап етеді. Тәрбие мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін оның мазмұны, тәрбие әдістері мен құралдары, формалары бірімен-бірі тығыз байланыста қарастырылуы тиіс.
Мұғалімнің іс-әрекет обьектісі – педагогикалық процесс. Педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогикалық процестің элементарлық бірлігі - бастапқы абстракция болып қалыптасудың қас-қағым сәті “педагогикалық ситуация” болады.
Педагогикалық ситуация педагогикалық шындыққа тән көпқырлы болады, оның нақты бір қырына көңіл бөлу қажет, мысалы, оның орны, өтетін уақыты, себеп-салдары, пайда болу жағдайы, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, психо-физиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекеттің мазмұны мен тәсілі айқындалып, қас-қағым сәттегі педагогикалық процесс ішіндегі тұлға қозғалысының дамуын көруге мүмкіндік туады.
Педагогикалық процесте “ұстаз – оқушылар”, “оқушы – оқушы”, “сынып оқушылары – сынып ұстаздары” жүйесі қызмет етеді. Мектептің педагогикалық процесі – “мектеп – оқушылар” жүйесінің өмір сүру қызметінен тұрады.
Мектеп педагогикалық процесі көп деңгейлі және көп құрылымдық құбылыс, себебі олар өзінен кейінгі деңгейдегі жүйелерді қамтиды. Жүйе тек іс-әрекетпен алмасу арқылы өмір сүреді. Мәселен, ұстаздар оқушыларды әр-түрлі тәсілдер мен іс-әрекеттерге тәрбиелесе, онда оқушылар оны меңгере отырып, педагогикалық процестің белсенді қатысушылары болып, тек репродуктивті деңгейде ғана емес, шығармашылық деңгейіне көтеріледі. Педагогикалық процесте мұғалімнің басқару обьектісі - оқушылардың іс-әрекеті болады. Іс-әрекеттің барлық бөлшектері (мақсат, міндеттер, мазмұн және т. б.) жүйелі қызмет ету үшін, оқушы оны меңгеруі тиіс. Ол үшін ұстаздар, ата-аналардың іс-әрекеттері оларға көмек көрсетуге бағытталуы керек. Педагогикалық процестегі мұғалімнің басқаруы - субьектілер арасындағы қарым-қатынастар болады. Олар арқылы субьектілердің іс-әрекетімен бірге олардың дамуына тиімді жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Қорыта келе, педагогикалық процесс оқушылардың ұстаздармен бірлескен, және олардың басшылығымен жүзеге асатын іс-әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеруге және әрбір оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталып, дамуға және өзін еңбекте, қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын болуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет