52
Артросиндесмология
Екінші қозғалыс кәрі жілік сүйегінің вертикалды білікте
қозғалуында және ол иық-кәрі жілік буынында жүзеге асады,
сонымен қатар проксималды және дисталды шынтақ-кәрі жілік
буындарында да болады, соңғы екі буын бір кешенді айналма
қосылыс түзеді. Кәрі жіліктің төменгі шетіне қол басы келіп
байланысатындықтан, соңғысы кәрі жілікпен бірге қозғалады. Кәрі
жілік айналған кезде шынтақ сүйектің төменгі бөлігіне бұрыш
жасай қозғалып, ал қол басы сыртқы бетімен алға қарай айналса
(қолдар төмен түсіп тұрған кезде), пронация,
pronatio
деп аталады.
Қарама-қарсы қозғалыс кезінде білектің екі сүйегі де бір-біріне
параллель орналасады, ал қол басы алақан жағымен алға айналса,
супинация,
supinatio
деп аталады. Білектегі пронация және
супинация кезіндегі қозғалыстар көлемі — шамамен 140°.
Шынтақ буыны аймағының рентгенограммасында бір мез-
гілде тоқпан жіліктің дисталды бөлімі және білек сүйектерінің
проксималды бөлімдері көрінеді (12-сурет). Артқы және бүйір
Достарыңызбен бөлісу: