А., Каирова Б. К. Студент жастардың корруцияға қарсы позициясын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық аспектісі


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы



бет25/64
Дата12.12.2021
өлшемі445,13 Kb.
#99769
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64
Байланысты:
Nazmutlinov-R-A-Student-zhastardyn-korruptsiyaga-karsy-pozitziyasy-kalyptyrudyn-psikhologiyalyk-pedagogikalyk-aspektisi (1)
Nazmutlinov-R-A-Student-zhastardyn-korruptsiyaga-karsy-pozitziyasy-kalyptyrudyn-psikhologiyalyk-pedagogikalyk-aspektisi, Әleumettik-mәni-bar-aurular
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 2 шілде № 267

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Заңның мақсаты

            1. Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.

            2. Осы Заң сол сияқты демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенім нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға да бағытталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет