А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка


-САБАҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МУЗЫКА



бет73/92
Дата31.12.2019
өлшемі8,57 Mb.
#54151
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   92

28-САБАҚ
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МУЗЫКА
Сабақта:


  1. Интеллектуалды музыка бағыттарымен танысамыз;




  1. Заманауи музыканың ерекшеліктерімен танысамыз;




  1. Интеллектуалды музыка терминдерін біле аламыз;




  1. Заманауи техникада жазылған шығармалардан үзінді тыңдау.

Ақыл-ойға сүйеніп, рационалды əдіспен шығарылған музыка көне заманнан бастау алады. Энциклопедист ғұлама ғалым Əбу Насыр əл-Фараби музыканы математиканың əдістерімен зерттеген болатын. Ал Еуропаның атақты композиторы И.С.Бах фуга атты көп дауысты шығарманы





116 117


ақыл-оймен пішіп, əр дауыстың жүргізілуін ережеге бағына жазды. ХХ ғасырда компьютер тарала бастаған соң, музыканың мүмкіндіктері арта түсті. Қазіргі таңда компьютерлік музыкадан басқа, электронды музыка, за-манауи музыканың көптеген бағыттары пайда болды, со-нымен бірге алуан түрлі қазіргі заманғы композиторлық техникалар қолданылып келеді. Əсіресе, электронды музыканың қазіргі таңда əр түрлі бағыттары өріс алды. Транс – адамды өмірде жоқ бейқам көңіл күйге бөлейді. Хаус – бұл электронды музыка түрі өте қарапайым би ырғақтарының қайталануынан құралған əуенге негізделеді. Техно табиғатта кездеспейтін, машина дыбысына ұқсас синтетикалы дыбысты əуеннің бірнеше рет қайталануынан құралатын электронды музыка түрі. Драм-н-басс (джангл)
– өзгермелі ырғақ пен жылдамдық маңызды рөл атқаратын электронды музыка стилі. Индастриал электронды музы-касында механикалық дыбыстар эстетикасы жатыр. Нью-эйдж – электронды музыкасының басты міндеті – адамды рахатқа бөлей отырып (релаксация), жағымды сезімдерді ояту, ол əсіресе стресске қарсы жəне йога сабақтарында көмектеседі. Заманауи композиторлар əр түрлі техника-ларды да пайдаланады.

А. Бестібаев «Азия дауысы», «Ашу басар».



А. Райымқұлова «Дала сыры».





  1. Үш шығарманы тыңдап салыстыр.




  1. Бұл шығармалардың бейнесіне қандай мінездеме беруге болады?

  2. Ол туралы өз пікіріңізді қысқа эссе түрінде жаз.




  1. Бұл шығармаларды интеллектуалды музыкаға жатқызуға бола ма?

Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова – сазгер, танымал қоғам қайраткері







  1. Қазақстан заманауи музыка өнерінің қалыптасуы мен дамуына сазгер Ақтоты Райымқұлова нендей үлес қосты?




  1. Қазақстан сазгерлерінің ішінде электронды музыкаға үлес қосып жүрген композиторлар жайлы ақпарат ізде.

Əділ Бестібаев – сазгер, Қазақстан Композиторлар одағының жəне Канада музыка орталығының мүшесі.







  1. Интеллектуалды музыка деп қандай шығарманы атауға болады?




  1. Заманауи электронды музыканың бағыттарын

ата?



  1. Өзің білетін заманауи музыка шығаратын саз-герлер жайлы əңгімеле.




  1. Заманауи техника əдістері қолданылған

А.Райымқұлова, А.Бестібаев, Қ.Шілдебаевтің шығармаларын ата.





118 119


«Арман-ай»



Халық əні
Ойлап тұрсаң, бұл дүние шолақ екен, ай.
Бұл адамдар бір-біріне қонақ екен, ай.
Қ-сы: Арман-ай, өтеді дүние-ай, жалған-ай.
Қызғалдақтай, ай, құлпырған қайран жастық, ай Қара жерге, ай, қар жаумай солады екен, ай.
Қудым, дүние, ай, өзіңді жалықпай-ақ, ай.
Ұстатпайсың, ай, судағы балықтай-ақ.



  1. Əннің сөзіне көңіл бөл. Бұл əн не туралы?




  1. Сенің ойыңша, бұл əн бізді не нəрсеге үйретеді?

  2. Тарихи əндерді интеллектуалды əндерге жатқызуға бола ма?


Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі
attach -> Ән – көңілдің ажары. Ән салатын киелі мекен – сахна. Әлемді тыныштықта мейірімділік пен махаббат тербейді. Қазақтың ән өнері, тіл байлығымыздың кеңдігі секілді өзінше бір әрі мен нәрі бойына тараған қазақы иісі бар, ән әлемінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет