119
Басқа мүшелер – несепағар, қуық, зәр шығару түтігі қуыс ішкі
мүшелер болып табылады. Асқорыту мүшелері, қан тамырлары неме-
се ауа жолдары сияқты олар да 3 қабаттан тұрады. Сыртында
тығыз
дәнекер ұлпасынан тұратын қабат
, ортанғы қабат –
бірыңғай сала-
лы бұлшық ет қабаты
және ең ішкі қабат –
эпителий
. Қуыс бөліп
шығару мүшелерінің міндеті – зәрді жылжыту, оның жиналуы, уақытша
сақталуы, ағзадан шығарылуы.
Бүйректердің құрылысы мен рөлі.
Бүйректе қан сүзіледі және зәр
түзіледі. Яғни бүйректер ағзамыздың басты биологиялық сүзгісі бо-
лып табылады. Егер екі бүйрек те жұмыс істеуін тоқтатса, 30–40 ми-
нут ішінде ағзаның өздігінен улануы басталады. Міне, сондықтан ағзада
бүйректердің рөлі маңызды болып табылады.
Нефрон
– бүйректің функциялық бірлігі. Нефрондар – микроскопия-
лық құрылымдар. Әрбір бүйректе 1 млн-нан ар тық нефрон болады. Не-
фрон бір қабатты эпителий жасушаларынан түзілген және екі бөліктен
тұрады (65-сурет).
Нефрон капсуласын (қабықшасы)
капиллярлар
шумағы торлап жатыр. Ол бүйректің қыртысты қабатында болады. Ка-
пилляр шума ғына байланысты қыртысты қабат едәуір қызыл түсті бола-
ды.
Бүйрек пирамидалары –
микроскопсыз көрінетін, бүй рек тің ішкі
қабатында жиналған жіңішке жіпшелер. Олардың пішіні шынымен негізі
(табаны) сыртқы – қыртысты қабатқа қаратылған пирамидаға ұқсайды.
2
3
1
4
5
6
7
65-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: