157
ды өзгертпейді, күңгірт етпейді. Оның рөлі –
пішін беру және қорғау.
Жарық қарашық арқылы өтіп
көзбұршаққа
түседі. Бұл – екінші оптикалық жүйе. Көз-
бұршақ – екі жағы дөңес линза. Ол жарық
сәулелерін өткізіп қана қоймайды, оларды
жинақтайды (тоғыстайды, фокустайды).
Көзбұршақтың тағы бір маңызды міндеті:
ол
аккомодацияны
қамтамасыз етеді
.
Қи сық-
тығын өзгертіп, көзбұршақ әртүрлі қашық-
тықта орналасқан заттарды анық көруге
мүмкіндік береді. Көзбұршақ кірпік бұлшық
етіне бекиді және оның жиырылуына байла-
нысты пішінін өзгертіп отырады (қисықтығын
өзгертеді). Жас өскен сайын кірпік бұлшық
етін бекітетін байламдар созылуы мүмкін, со-
дан көзбұршақ эластикалығын жоғалтады да,
көру нашарлайды.
Көзбұршақтан кейін үшінші оптикалық
жүйе –
шынытәріздідене
орналасқан. Бұл –
мөлдір, қан тамырлары жоқ, іркілдек зат;
құрылымы бойынша тығыз желеге – коллоидқа
ұқсайды. Ол Күн сәулесін өзгертпестен тор
қабыққа өткізеді. Оның қызметі – көзді
дөңгелек ету.
Достарыңызбен бөлісу: