224
§55. Популяция – оның экологиялық сипаттамасы
Популяцияның негізгі қасиеттерін және құрылымдық
ерекшеліктерін сипаттау. Ағзалардың
тіршілікке қабілеттілігінің
әртүрлі тәсілдерін зерттеу
Популяция дегеніміз не? Дараларды қандай басты белгі популяцияға
біріктіреді?
Популяция
– түрдің тіршілік етуінің едәуір аз құрылым дық бірлігі.
Ғаламшарымызда бір географиялық нүктеде
тіршілік ететін э
ндемик
түрлер
бар. Олар бір немесе бірнеше популяциядан тұруы мүмкін.
Түрлердің көпшілігі Жерде көптеген популяция формасында тіршілік
етеді. Түр негізгі экологиялық бірлікке жатады. Бір популяция жо йылып
кетсе, экологиялық апат болмайды. Себебі оның орнын экожүйенің
жойылған құрамбөлігін қалпына келтіретін басқа популяция дарала-
ры толтыруы мүмкін. Бірақ бұл кезде
эколог ғалымдар популяцияда
жүретін үдерістерді мұқият зерттейді. Өйткені олар экологиялық тепе-
теңдік көрсеткіші болып табылады.
Популяцияны зерттейтін экология бөлімі
демэкология
деп
аталады
.
Достарыңызбен бөлісу: