274 Ремиссия – ауру белгілерінің уақытша әлсіреуі (толық емес Р.) немесе
жойылуы (толық Р.).
Рефлекстер – жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштер әсеріне
жауап ретінде жүзеге асырылатын ағза реакциясы.
Рефлекс доғасы – рефлекстің жүзеге асуына қатысатын жүйке түзілімдерінің
жиынтығы.
Рецепторлар – сыртқы және ішкі ортадан тітіркендіргіштерді қабылдайтын
және жүйке жүйесінің ерекше белсенділігіне түрлендіретін арнайы сезімтал
түзілістер.
Рецидив – ремиссиядан
кейін
аурудың клиникалық белгілерінің қайта пайда
болуы.
Реципиент – қан қабылдайтын адам.
Рибоза – барлық тірі жасушаларда РНҚ құрамында болатын моносахарид.
Рибонуклеин қышқылы (РНқ) – жоғары молекулалы органикалық қосылыс;
нуклеин қышқылдарының типі.
Рибофлавин – суда еритін В
2
дәрумені. Ризоидтар – тамыр қызметін атқаратын мүктердегі жіптәрізді түзіліс-
тер; қырықжапырақтардағы, қыналардағы, кейбір балдырлар мен саңырау-
құлақтардағы өскіншелер.
Рудименттер, рудименттік мүшелер – эволюция барысында өзінің
негізгі мәнін жойған мүшелер (құйрық омыртқалары, дененің түкті жабыны,
соқырішек және т.б.).
С Сары дақ – фоторецепторлардың барынша көп шоғырланған және көздің тор
қабығындағы көру жітілігі ең жоғары аймағы.
Сары ауру (болезнь Боткина) – қанның құрамында билирубин пигменті
мөлшерінің көбеюінен бауырда болатын ауру.
Сангвиник – темперамент түрі.
Саусақ сүйектері – қол саусақтарының қаңқасын түзетін кішкентай
түтіктәрізді сүйектер.
Сәуле ауруы – ағзаға иондаушы сәулелердің артық мөлшерде әсер еткен кезде
пайда болатын ауру.